Ақшалай қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 666 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
"Темiртау қаласының" деген сөздер "Қарағанды облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тұрғын үйлердегi" деген сөздер "Темiртау қаласының тұрғын үйлеріндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі