1. "Оңтүстік Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым шығаратын электр энергиясы үшін тарифтердің көтерілуін өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы N 145 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Оңтүстік Қазақстанның электр энергиясына тапшылығын жабу және тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым шығаратын электр энергиясы үшін тарифтердің көтерілуін өтеуге арналған қаражатты жұмсау ережесінде:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "740000000 (жеті жүз қырық миллион) теңге" деген сөздер "1075175000 (бір миллиард жетпіс бес миллион бір жүз жетпіс бес мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "541000000 (бес жүз қырық бір миллион) теңге" деген сөздер "876175000 (сегіз жүз жетпіс алты миллион бір жүз жетпіс бес мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.