Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 шілдедегі N 732 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiне "Қазақстан камератасы" классикалық музыка мемлекеттік ансамблiнiң гастрольдерiн өткiзуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 10000000 (он миллион) теңге бөлiнсiн.
 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады