Еңбекшiлердің демалысы үшiн қолайлы жағдайлар жасау және 2005 жылғы тамызда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Демалыс күнi 2005 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2005 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбiге ауыстырылсын.
2. Қажетті өнiмдi шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерiн iске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2005 жылғы 29 тамызда жұмыс жүргiзуге құқық берiлсiн.
Көрсетiлген күнгi жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледi.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі