Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 756 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.21 № 148 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.";
      13-тармақта "шетелдiк азаматтар" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақта:
      бiрiншi абзац "рұқсат беруден" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады