Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 758 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1707 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен.

      Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметінiң
                                         2005 жылғы 21 шілдедегі
                                             N 758 қаулысына
                                                 қосымша

       Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі
            ведомствоаралық комиссияның құрамы

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы          министрі, төраға

Қосдәулетов Дулат        - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Рашитұлы                   вице-министрi, төрайымның орынбасары

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ерлан Әскерұлы             министрлігі Заңнама департаментiнiң
                           директоры, хатшы

Жолдасбаева              - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы      Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Сарпеков                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Рамазан Құмарбекұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Оразаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Әбілахатұлы          вице-министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы         сауда вице-министрі

Күренбеков               - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Амантай Жәнкеұлы           Күзет қызметi бастығының орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Петров                   - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович         жағдайлар вице-министрi

Федоров                  - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Олег Анатольевич           вице-министрі

Жиреншин                 - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Қазбек Әбусағитұлы         конституциялық және әкiмшiлiк құқық
                           кафедрасының меңгерушiсi, заң
                           ғылымдарының докторы, профессор
                           (келiсiм бойынша)

Нұғманова Эльмира        - заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм
Әбдiкқызы                  бойынша)

Ноздрин Валерий          - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Владимирович               судьясы (келісiм бойынша)

Үкiбаев Ермек            - Қазақстан Республикасы Республикалық
Елеуханұлы                 ұланы қолбасшысының бiрiншi орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Бектұров Азат            - Қазақстан Республикасының Көлiк және Ғаббасұлы                  коммуникация вице-министрi

Құрбанбаева Гүлнәр       - Қарағанды облысы кәсiпкерлер
Төретайқызы                қауымдастығының директоры (келiсiм
                           бойынша)

Амандықов Қайрат         - Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар
Якудаұлы                   одағы федерациясы төрағасының орынбасары
                           (келiсiм бойынша)

Тәжияқов Бисенғали       - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Шамғалиұлы

Құдайбергенов Ескендiр   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Көпбосынұлы                монополияларды реттеу агенттiгi
                           төрағасының орынбасары

Қуанғанова               - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнәр Шаймұратқызы        директорының орынбасары (келісім бойынша)

Иса                      - "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық
Әбжаппар Үкібайұлы         экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                           бірлестігі атқарушы дирекциясының заң
                           департаменті директорының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Мұқанов Төлеген          - Қазақстанның тауар өндiрушiлерi мен
Мұқанұлы                   экспорттаушылары одағының
                           вице-президентi

Әбілқайырова             - Қазақстан Республикасы
Бақытгүл Адайбекқызы       Парламентінің Сенаты заңнама
                           және құқықтық саясат
                           комитетімен өзара іс-қимыл
                           бөлімінің бас консультанты
                           (келісім бойынша)

Бөрібаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Исмайылұлы           ақпарат вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы           Экономика және бюджеттік
                           жоспарлау вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы          Қаржы вице-министрі

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы        Энергетика және минералдық
                           ресурстар вице-министрі

Нұриманов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы         қауіпсіздік комитеті төрағасының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Мамырбаев                - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Рахымбек Нұрмұхаметұлы     орынбасары (келісім бойынша)

Құрманғалиев             - Қазақстан Республикасы Парламенті
Әсет Қабиұлы               Мәжілісіндегі "Нұр Отан"
                           халықтық-демократиялық партиясының
                           фракциясы аппаратының басшысы (келісім
                           бойынша)

Бәшімов                  - еуропалық құқық сараптау институтының
Марат Советұлы             директоры, Қазақстан Республикасы
                           Президентінің жанындағы Мемлекеттік
                           басқару академиясының профессоры,
                           Қазақстан Республикасы Президентінің
                           жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                           комиссияның сарапшысы (келісім бойынша)

Парсегов                 - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті
Борис Анатольевич          қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Меңдібаев                - Қазақстан Республикасының Статистика
Бірлік Қайырбекұлы         агенттігі төрайымының орынбасары

Тұрмағамбетов            - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Мәжит Әбдіхалықұлы         қорғау вице-министрі

Вощенкова                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Тамара Анатольевна         сақтау вице-министрі

Оңғарбаев                - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сәттібек Оңғарбайұлы       қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                           күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                           төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Нұрымбетов               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы         халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Дәулеталин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Сатыбалды Телағысұлы       Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары
                           (келісім бойынша)

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15
N 172, 2006.09.07 N 846, 2007.03.20 N 217, 2007.10.05 N 905,
2008.04.07 N 323, 2008.06.16 N 587, 2008.12.24 N 1248, 2009.05.15. N 728 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2005 жылғы 21 шілдедегі 
N 758 қаулысымен    
бекiтiлген       

Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
      1) қолданыстағы әкiмшiлiк заңнаманы талдау;
      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне енгізу үшiн ұсынылған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау;
      3) мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын қарау;
      4) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
      5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

      4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
      2) әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келiсiм бойынша) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
      5) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.

3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.

      6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
      Комиссияның отырысына материалдар оны өткiзгенге дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiберiледi.

      8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N  172 Қаулысымен.

       9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша белгiлейдi.

      10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сұрау салу жолымен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлген болса, қабылданды деп есептеледi, Комиссия отырысы хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 172 Қаулысымен.

      11. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғарғы оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн.

      12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады