Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттарының сайлауын қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі N 775 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2005 жылғы 19 тамызға тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 маусымдағы N 1591  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әрбiр аумақтық сайлау комиссиясын қаржыландыру жоспарын уақтылы бекiту және Астана қаласы Қазынашылық департаментiне ұсыну;
      Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды өткiзуге бөлiнген бюджет қаражатын уақтылы және мақсатты пайдалануды және бюджет заңнамасы мен сайлау туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi сайлау учаскелерiн iркіліссiз байланыспен қамтамасыз ету бойынша қажеттi жұмыс жүргiзсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi сайлау учаскелерiн күзету, сондай-ақ сайлау күнi қоғамдық тәртiпті сақтау жөнiндегі қажеттi шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес депутаттыққа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына депутаттар сайлауды кеңiнен жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi сайлау учаскелерiнде өртке қарсы iс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастырсын.

      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды өткiзуге бөлiнген республикалық бюджет қаражатын пайдалану бойынша есепке алу және есептіліктi жүргiзу үшiн жауапты адамды (әкiм аппаратының бас бухгалтерiн немесе қаржы қызметiнің басшысын) белгілесiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады