"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы 32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Екібастұз энергия орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) 4362567000 (төрт миллиард үші жүз алпыс екі миллион бес жүз алпыс жеті мың) теңге сомасындағы саны 4362567 (төрт миллион үш жүз алпыс екі мың бес жүз алпыс жеті) дана мәжбүрлеп шығарылатын билік етуі шектеулі жарияланған жай акцияларын оларды мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп алып қою арқылы қоғамның салықтық берешегін өтеу есебіне орналастырсын;
2) қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі акцияларға мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тіркеуді қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі