Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 793 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "McKisney&Соmраny" компаниясы мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi мемлекеттiк холдингтi құру үшiн бизнес-жоспарды әзiрлеу жөнiнде зерттеу жүргiзу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi берушi болып белгiленсiн.
 

      2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес зерттеу жүргiзу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады