Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 365-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"10. Мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құқықтық тәртiптi нығайту және қылмысқа қарсы күрес" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 10.23.-жолда, 5-бағанда "1 шiлдеге" деген сөздер "5 қыркүйекке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі