Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне 400000000 (төрт жүз миллион) теңге, оның iшiнде:
1) "Қызылорда облысында бас су қашыртқы құрылысы бар Қараөзек тармағын қалпына келтiру" объектiсiнiң құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге 11500000 (он бiр миллион бес жүз мың) теңге;
2) "Қызылорда облысында бас су қашыртқы құрылысы бар Қараөзек тармағын қалпына келтiру" объектiсiнiң құрылысын бастауға 388500000 (үш жүз сексен сегiз миллион бес жүз мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы