"Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі" мемлекеттiк мекемесiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 837 Қаулысы

      "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының  10-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Генерал С.Қ Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн.

      2. "Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 647  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Mинистрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады