"Қазақстантрактор" акционерлiк қоғамының акцияларының мемлекеттік пакетiн "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы N 861 Қаулысы

      "Қазақстантрактор" акционерлiк қоғамының қаржы-экономикалық жай-күйiн тұрақтандыру және оған инвестициялар тарту мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақстантрактор" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін жарияланған акциялардың жалпы санының 33,92%-ы мөлшерiнде "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларының төлемiне берудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады