Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 863 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" iшкi функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерві" бағдарламасында:
      100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында "6599600" деген сандар "3875899" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында "9159313" деген сандар "11883014" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауын ұйымдастыруға және өткiзуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 2892763000 (екі миллиард сегіз жүз тоқсан екі миллион жеті жүз алпыс үш мың) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.21. N  1261  қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады