Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 892 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31. N 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 365-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "9. Қаржы және салық-бюджет саясаты" деген бөлiмде:
      "9.1. Ақша-кредит саясаты" деген кiші бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9.1.6-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады