Атырау облысы Қарабатан кентінің ауданындағы мұнайды, газды және күкіртті кешенді қайта өңдеу жөніндегі зауытты уақтылы іске қосуды қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аджип ККО" компаниясының "Атырау-Қарабатан" автомобиль жолының учаскесін қайта жаңартуды қаржыландыру және "Аджип ККО" компаниясын жұмыстарға тапсырыс беруші ретінде белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне құрылыс барысын және жұмыстардың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі тарап ретінде келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі