Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 906 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  214-1-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      "9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын" деген сөздер "4 халыққа қызмет көрсету орталықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жөндеу" деген сөзден кейін "және қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(Компьютерлер - 270 бiрлiк, принтерлер - 243 бiрлiк, үздiксіз қуаттандыру көздерi - 9 бiрлiк), серверлiк және желiлiк жабдықтар - 20 бiрлiк, ауа баптағыштар - 36 бiрлiк, көшiрме аппараттары - 36 бiрлiк, 9 шағын ATC, бағдарламалық өнiмдер" деген сөздер "(компьютерлер - 180 бiрлiк, принтерлер - 186 бiрлiк, үздiксiз қоректендіру көздерi - 6 бiрлiк), серверлiк және желілік жабдықтар - 26 бiрлiк, кондиционерлер - 16 бiрлiк, көшiру аппараттары - 16 бiрлiк, 4 шағын АТС, бағдарламалық өнiмдер, халыққа қызмет көрсетудi оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесi - 2 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2)  күші жойылды
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.20. N  319 қаулысымен.

      3) "Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы N 501  қаулысында :
      Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесiнде:
      2-тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады