Шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн ұзарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 933 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысымен  бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органында тiркелген, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы мен "Қазақстан Республикасының суретшiлер одағы" қоғамдық бiрлестiгi арасында жасалған 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 60 шарт бойынша және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы мен "Қазақстан Вайн энд Спиритс" жауапкершiлігі шектеулi серiктестігі арасында жасалған 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 61 шарт бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1200  қаулысының  негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнген шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiн ұзарту туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады