Iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне медициналық қызмет көрсету ережесiн бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 957 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 925 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2015 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының  29-5-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған Iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне медициналық қызмет көрсету ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң         
2005 жылғы 27 қыркүйектегі
N 957 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Iшкi iстер органдарының тиiсті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне медициналық қызмет көрсету ережесi

      1. Осы Ереже iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiне және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi зейнеткерлерiне (бұдан әрi - Контингент) медициналық қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.

      2. Контингентке медициналық қызмет көрсету iшкi iстер органдарының тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде (бұдан әрi - Мекемелер) Қазақстан Республикасының Үкiметi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi үшiн белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Контингенттiң Мекемелерде тегін медициналық қызмет алуға құқығы бар.

      4. Контингентті медициналық көмек алуы үшiн Мекемелерге бекiту әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң тиiстi құрылымының тiзiмi негiзiнде жүргізіледi. Әрбiр бекiтiлген адамға медициналық амбулаторлық карта ашылады, ол амбулаторлық-емханалық мекеменiң тiркеу орнында сақталады.

      5. Контингентті амбулаторлық-емханалық деңгейде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады