"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 974 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.07.30. N  641 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
толықтырулар мен өзгерістер енгiзу туралы

       1-бап. "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 15-16, 226-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) ғылыми-зерттеу жұмыстары - iргелi және қолданбалы ғылыми
зерттеулер;
      5-2) тәжірибелiк-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн өндiрiске тапсыруға дайындайтын жұмыстар, олардың нәтижесi пайдалы үлгіні жасау болып табылады;";
      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) іргелі және базалық зерттеулер - жаңа білімдердi қолдануға немесе пайдалануға байланысты, қандай да бір ерекше немесе нақты мақсаты жоқ, табиғат құбылыстарына және қадағалау фактiлерiне қатысты жаңа бiлiм алуға бағытталған эксперименталдық және теориялық қызмет;
      7) қолданбалы зерттеулер - жаңа білім алу мақсатында қабылданған және нақты практикалық мақсаттарды немесе мiндеттердi шешуге бағытталған төлтума зерттеулер;";
      9) тармақша алып тасталсын;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) ғылыми ұйым - бiлiмнiң белгiлі бір салаларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым;";
      16) тармақшада:
      "iрi ғылыми орталықтарының," деген сөздер алып тасталсын;
      "республиканың" деген сөзден кейiн "тиiстi бiлiм салаларында ғалымдары бap" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақшаның бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "ғылым докторы - ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы академиялық дәрежесi бар iзденушi көпшілік алдында диссертация қорғағаннан кейiн қабылданған диссертациялық кеңестiң қолдаухатының негiзiнде уәкiлетті мемлекеттiк орган беретiн ғылыми дәреже;";
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) философия докторы - магистр академиялық дәрежесi немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар iзденушi докторантураны бітіргеннен және тиiстi диссертацияны көпшілік алдында қорғағаннан кейін білім беру және ғылым ұйымдары беретiн академиялық дәреже;";
      18) тармақшада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік аттестаттау" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "20) технологиялық парк (технопарк) - негізгі қызметі инновациялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi қызметтердi көрсету болып табылатын меншік құқығындағы материалдық-техникалық кешені бар заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 8) тармақшасында "экологиялық" деген сөз "ұлттық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 1-тармағында:
      "біліктілігі бар, ғылыми және" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
      ", ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын", "(бұдан әрi - ғылыми ұйым)" деген сөздер алып тасталсын;
      "орындайтын" деген сөзден кейiн "ғылыми" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) 6-бапта:
      1-тармақ "ғылыми және" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі бойынша ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша үйлестіруші қызметті жүзеге асыратын, зерттеулердi өткізуден бастап олардың нәтижелерін енгізуге дейінгі бірыңғай процесті қамтамасыз ететін ғылыми орталықтар - мемлекеттiк ғылыми ұйымдар құрылуы мүмкiн.";
      2-тармақтың бiрінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк меншікке негізделген ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады.";
      4-тармақта:
      "қызметкерлеріне, ғылыми" деген сөздерден кейiн "және академиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "ғылым кандидаты" деген сөздерден кейiн "және философия докторы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "ғылым кандидаттарына" деген сөздерден кейiн ", философия докторларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Ғылыми қызметтiң негiзгi бағыттарын өз бетiмен белгілеуге құқығы бар, жеке меншiкке негiзделген ғылыми ұйымдар мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар болып табылады.";
      7-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылады және оның толық мүшелерінен (академиктерден), корреспондент-мүшелерінен тұрады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғылымды дамытудың басым бағыттарын анықтауға қатысады, мемлекеттiк тапсырыс бойынша жыл сайынғы Ғылым туралы ұлттық баяндаманы дайындауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзедi, ғылым жетістіктерін насихаттайды.";

      6) 9-бап алып тасталсын;

      7) 11-баптың тақырыбы "Санаткерлiк" деген сөздiң алдынан "Ғылыми" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 17-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) салалық (секторалдық) ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды бекiтедi;";
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ орындаушы ұйымның меншiк нысанына және қаржыландыру көздерiнiң түріне қарамастан олардың нәтижелерiн, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiтедi;";
      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      7-3) тармақша "ғылым кандидаттарына," деген сөздерден кейiн "философия докторларына," деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 18-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;";
      "3-1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың, сондай-ақ орындаушы ұйымның меншiк нысанына және қаржыландыру көздерінің түрiне қарамастан олардың нәтижелерінің, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың мемлекеттік тіркелуін жүргiзу және дерек қорын құру;";
      17) тармақша алып тасталсын;

      10) 21-бапта:
      тақырыбы және 1-тармақ "Ғылыми" деген сөздiң алдынан "Мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк ғылыми ұйымның басшысы, оған қатысты мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыратын органмен келiсiм бойынша, осы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесінің ұсынымдарын ескере отырып, қызметке тағайындалады және одан босатылады;";

      11) 22-бапта:
      1) тармақша ", сондай-ақ қалыптастыру және орындау сатыларындағы инновациялық жобалар;" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қалыптастыру және орындау сатыларындағы, бюджет қаражаты есебiнен iске асыруға жататын мемлекетаралық, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар;";
      6) тармақшада:
      "басқа" деген сөзден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      "технологиялар" деген сөз "ғылыми санаткерлік меншік объектілерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ "қаражат" деген сөзден кейiн "мекемелердiң-бағдарламалар әкімшілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      "қызметті" деген сөз "қызметін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 24-бап алып тасталсын;

      13) 25-бап мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      "Ғылым мен бiлiм ықпалдастығының негізгi мақсаттары:
      іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң басым бағыттарындағы ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының күштерiн шоғырландыру;
      ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының кадрлық әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану тиімдiлігін арттыру;
      ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту.
      Ғылыми ұйымдары ғылым салалары бойынша кандидаттық және докторлық бағдарламалар негізінде ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаумен айналысуға болады.";

      14) 26-бапта:
      2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Инновациялық сипаттағы бастамашылық және тәуәкелдік ғылыми зерттеулердi гранттар түрiнде нысаналы қаржыландыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бюджет қаражаты және өзге де көздер есебiнен болатын ғылыми жабдықтардың лизингi үшін Қазақстан Республикасының Үкіметi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ғылым қорын құрады. Бюджеттікті қоспағанда, барлық көздерден Ғылым қорына қаражат аудару үшін заңнамада белгіленген тәртiппен уәкілеттi органға депозиттiк шот ашылады.
      Ғылым қорының қаражатын жұмсау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзуге арналған мемлекеттік тапсырыс конкурстық рәсiмдердi өткiзбей-ақ тиiсiнше аттестаттаудан не аккредиттеуден өткен мемлекеттік және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарға орналастырылады.
      Қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзуге арналған мемлекеттiк тапсырыс бағдарламалық-мақсатты қағидатқа сәйкес конкурстық негізде, тиiсiнше аттестаттаудан не аккредиттеуден өткен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарға орналастырылады.";

      15) 29-бап "тәртiппен" деген сөзден кейін "магистратура," деген сөзбен толықтырылсын;

      16) 30-бапта:
      1-тармақта "тәртiппен ғылыми" деген сөздерден кейiн "және академиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекет оларды даярлаған бiлiм беру және ғылым ұйымдары берген магистр, философия докторы дипломдарын, тек уәкілеттi мемлекеттік органға берген, белгiленген үлгiдегi ғылым кандидаты мен докторының дипломдарын, доцент және профессор аттестаттарын таниды.".

       2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады