"AKTAL Ltd" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгінiң конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 977 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  2-бабының  4-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының "AKTAL Ltd" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігiн банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналарды:
      1) өндiрiстің бiртұтас өндiрiстік-технологиялық циклін қамтамасыз ететін мүлiктi бiрыңғай лотпен сатуды;
      2) бiрыңғай лотты сатудың бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомаларынан төмен емес ең төменгi бағасын, сондай-ақ әкiмшiлiк шығыстарды белгiлеудi көздейтiн "AKTAL Ltd" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгiнiң конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi белгіленсiн.

      2. Бiрыңғай лотты сатып алушыларға мынадай:
      1) өндiрiстiк-технологиялық циклдің тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi;
      2) бiрыңғай лотты сатып алу-сату шартын жасасқан сәттен бастап алты ай iшiнде өндiрiсті қайта жаңарту жөнiндегi;
      3) "AKTAL Ltd" жауапкершілігi шектеулi серiктестігiнiң қызметкерлерiмен еңбек шарттарының үздiксiздiгін қамтамасыз ету және осы шарттар бойынша мiндеттемелер қабылдау жөнiндегi;
      4) радиоактивтi қалдықтарды кейіннен кәдеге жарата отырып, оларды қауiпсiз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегi мiндеттемелердi қабылдауды көздейтiн қосымша талаптар белгіленсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады