Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 304 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 3 қазандағы N 991 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi N 304  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 164-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттiк монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:

"18.  Объектілер мен кешендер   Қазақстан Республикасы Индустрия
      құрылысының жобаларына    және сауда министрлiгi Құрылыс және
      мемлекеттiк сараптама     тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
      жүргiзу                   iстері комитетiнiң "Жобаларды
                                мемлекеттік ведомстводан тыс
                                сараптау" шаруашылық жүргiзу
                                құқығындағы республикалық
                                мемлекеттік кәсіпорны".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады