Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 304 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.09 № 1177 Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметінiң
                                           2005 жылғы 4 сәуірдегі
                                             N 304 қаулысымен
                                                 бекiтілген

       Мемлекеттiк монополия субъектілерiнiң және осы
          субъектілер монополиялық жағдайда болатын
                     салалардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.13 N 726, 2005.10.03 N 991, 2008.02.28 N 205, 2008.04.18 N 365, 2008.07.19 N 710, 2009.11.21 N 1908 Қаулыларымен.

P/c
N

Монополиялық жағдайда болатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң қызмет салалары

Субъектілердiң атауы

1

2

3

1

Мемлекеттiк орман қорының шекараларын белгiлеумен, ормандарды түгендеумен және мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлаумен байланысты орман орналастыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң "Қазақ орман орналастыру кәсiпорны" қазыналық кәсiпорны

2

Мемлекеттiк қорғауға жататын объектiлердi күзету

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң "Мамандандырылған күзет қызметi" мемлекеттік мекемелерi

3

Мемлекеттiк сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

4

Аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингi

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

5-6

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.11.21 N 1908 Қаулысымен

7

Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауру ошақтарын жою

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны

8

Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялау

9

Ветеринарлық препараттардың республикалық қорын сақтау

10

Тауар белгілерiн, қызмет көрсету белгiлерiн, тауарлардың шыққан орындарының атауын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi, селекциялық жетiстiктердi қорғау

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Ұлттық зияткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны

11

Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын жасау

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

12

Мемлекеттiк гидрометеорологиялық мониторинг және қоршаған ортаның жай-күйiне мониторинг жүргiзу

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң "Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

13

Кәсiпорындарды этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру құқығына арналған лицензия беру алдындағы тексеру, спирт өлшейтiн аппараттарды юстировкалау және есептеу құралдарына құйып бақылау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң "ҚазАлкоОрталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны

14

Бiлiм сапасының мониторингi, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, жоғары оқу орындарына қабылдау жөнiндегі кешендi тестілеу, жоғары бiлiм бағдарламаларын iске асырушы ұйымдарды аралық мемлекеттiк бақылауды және аттестаттауды жүргiзу кезiндегi тестілеу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

15

Қан және олардың компоненттерiн дайындау, консервациялау, сақтау және сату

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

16

Дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу кезiндегi сараптамалық жұмыстар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi "Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны

17

Электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымы объектiлерiнiң торабын ұстау және дамыту

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

18

Объектілер мен кешендер құрылысының жобаларына мемлекеттiк сараптама жүргiзу

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстері комитетiнiң "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады