"Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргiзу кұқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының»"Қызылорда жылу желілері шаруашылық жүргiзу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнының конкурстық массасын өткiзудің ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 қазандағы N 999 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  2-бабының  4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісi болып табылатын "Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының» "Қызылорда жылу желiлерi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының¶Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналарды көздейтiн "Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының "Қызылорда жылу желілерi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы еншiлес мемлекеттік кәсiпорнының конкурстық массасын  өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн:
      1) Кәсiпорынның өндiрiстің бiртұтас технологиялық циклiн қамтамасыз ететiн мүлкiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
      2) лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшілiк шығыстар мен бiрiншi және екiнші кезектегi кредиторлардың талап сомаларынан төмен емес етiп белгiлеудi;
      3) Қызылорда облысының әкiмділігімен келiсілген сатып алынатын мүлiкті пайдалану бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бар тұлғалардың аукционға қатысуын;
      4) технологиялық циклдiң үздiксiздігін сақтай отырып, банкроттық рәсiмін өткiзудi.

      2. Лотты сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) қызмет бейінін, тұтынушылармен шарттарды және көрсетiлетiн қызмет көлемiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдау;
      2) жылу энергиясын өндiру, беру және тарату жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялардың болуы;
      3) Кәсіпорынның технологиялық процеске қамтылған қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С. Школьникке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Pеспубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады