"Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсi құрылысының жобасын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы N 1008 Қаулысы

      "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығын  орындау үшін және мемлекеттiң энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсi құрылысының жобасын iске асыру қажеттілiгi туралы ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қоса берiліп отырған "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсi құрылысының жобасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтілсiн.

      3. Орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (келiсiм бойынша) Жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                           2005 жылғы 7 қазандағы
                                              N 1008 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

    "Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр
     беру желiсi құрылысының жобасын icке асыру жөнiндегі
                     iс-шаралар жоспары

Р/с
N
 

Iс-шараның атауы

 Аяқталу
нысаны

Орында-
луына жауаптылар

Аяқталу мерзiмi

1

2

3

4

5

1

"KEGOC" АҚ-тың 20%-дан аспайтын қатысуымен концессионер компанияның жарғы-
лық капиталын құру және құрылым-
дау жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асыру

Қазақстан Республика-
сының Үкiметiне ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), ТМРА, "KEGOC" АҚ (келiсiм бойынша)

2005 жылғы қазан

2

Техника-экономи-
калық негiздеме әзiрлеудi және оның мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру

Қазақстан Республика-
сының Үкiметiне есеп

ЭМРМ (жинақтау),  "KEGOC" АҚ (келiсiм бойынша)

2005 жылғы қазан

3

"Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсiн салуға және пайдалануға арнал-
ған концессиялық келiсiмдi жасасу туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының
жобасын әзiрлеу

Қазақстан Республика-
сының Үкiметi
қаулысының
жобасы

ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині,
ЭБЖМ,
ТМРА

2005 жылғы қазан

4

"Солтүстiк Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңiраралық электр беру желiсiн салу және пайдалану жөнiндегi концес-
сиялық келiсiм шеңберiнде мемлекеттің кепiлдемесiн беру туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулысының
жобасын әзiрлеу

Қазақстан Республика-
сының Үкiметi
қаулысының
жобасы

ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині,
ЭБЖМ

2005 жылғы қазан

5

"Электр энергетикасы
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына концессия-
лық келiсiмдер шеңберiнде құрылған электр беру желiлерiн олардың қолданылу мерзiмiнде ұлттық электр желiсiнiң құрамынан шығару, сондай-ақ заңнама-
дағы олқылықты жою және Заңға "өңiраралық электр
беру желiсі" ұғымын енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы  Заңының жобасы

ЭМРМ (жинақтау), Қаржымині,
ЭБЖМ

2005 жылғы қазан

6

Инфрақұрылым облигацияларын шығару және бiрiнші кезекте, жинақтаушы зейнет-
ақы қорлары, сондай-ақ басқа институционалдық инвесторлар арасында орналас-
тыру жөнiндегi жұмысты ұйымдас-
тыру

Қазақстан Республика-
сының Үкiметiне
ақпарат

ЭМРМ (жинақтау), концессио-
нер, ҚҚА,
(келісім бойынша)

2005 жылғы қараша

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi
      "KEGOC" АҚ - "Электр желiлерiн басқару жөніндегi Қазақстан компаниясы "KEGOC" акционерлiк қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады