Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 480 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ :

      1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
      "3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады