Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту" жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 маусымдағы N 611 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
4-тармақтағы ", 80%-iн өтеусiз негiзде республикалық бюджеттен береді" деген сөздер "бередi, 80%-iн мердiгерлерге Астана қаласында халықаралық әуежайды қайта жаңарту жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу есебiне аударады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қайта жаңарту барысында мердігерлерден алынған негiзгi қаражат "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берiледi.".
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi