Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 қазандағы N 1060 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.11.2013 № 1207 қаулысымен.

      "Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш peсми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2005 жылғы 21 қазандағы   
N 1060 қаулысымен      
бекiтiлген         

Донорлық қан мен оның компоненттерiн
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге
әкетуге рұқсат беру ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қан мен оның компоненттерiнiң донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi және донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi. K090193

      2. Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетудi қан мен оның компоненттерiн дайындауға, консервациялауға, өңдеуге, өндiруге, сақтауға және өткiзуге лицензиясы бар қан қызметi саласындағы ұйымдардың (бұдан әрi - өтiнiш берушi) әкетуге рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.

      3. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

  2. Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртiбi

      4. Донорлық қан мен оның компоненттерiн, қан препараттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру:
      1) Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн қан компоненттерi мен препараттарына айырбас жасалған жағдайда;
      2) Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн;
      3) Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсеткен ретте жол берiледi.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру мәселелерi жөнiндегі комиссияның (бұдан әрi - комиссия) құрамы мен ол туралы ереженi бекiтедi.
      6. Комиссия өтiнiш берушiнiң өтiнiшiн 30 күннiң iшiнде мынадай құжаттар негiзiнде қарайды:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес қан қызметi саласындағы ұйым басшысының не оның мiндетiн атқарушы тұлғаның өтiнiшi;
      2) Қазақстан Республикасында шығарылмайтын қан компоненттерi мен препараттарына айырбас жасалған жағдайда өтiнiш берушi донорлық қан мен оның компоненттерiн айырбастауға келiсiм-шарттың (шарттың) жобасын ұсынады;
      3) қан мен оның компоненттерiн дайындауға, консервациялауға, өңдеуге, өндiруге, сақтауға және өткiзуге байланысты қызметке лицензияның көшiрмесi;
      4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
      5) термооқшаулатқыш контейнерлердiң жай-күйi туралы сипаттама.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.06.2013 № 582 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Өтiнiш берушi ұсынылған мәлiметтердiң растығына жауапты болады.

      8. Өтiнiш берушi осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, құжаттар 10 күннiң iшiнде өтiнiш берушіге қаралмай қайтарылады.

      9. Комиссия оң шешiм қабылдағаннан кейiн уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен қан мен оның компоненттерін әкетуге рұқсат беру туралы қаулының жобасын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізедi.

      10. Комиссияның терiс шешiмi болған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге дәлелдi бас тартуды жолдайды.

      11. Қазақстан Республикасының Үкiметiне құжаттарды жолдаудан бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:
      1) құжаттарда жалған деректердi көрсету;
      2) көрсетiлген құжаттардағы мәлiметтердiң осы Ереженiң 4-тармағының талаптарына сәйкессiздiгi.

      12. Қан мен оның компоненттерiн әкетуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

                                                Донорлық қан мен
                                              оның компоненттерiн
                                           Қазақстан Республикасынан
                                            тысқары жерлерге әкетуге
                                             рұқсат беру ережесiне
                                                    қосымша

      __________________________________________________________
                    (уәкілетті органның толық атауы)
      __________________________________________________________
                      (заңды тұлғаның толық атауы)

                             ӨТIНІШ

      Донорлық қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруiңiздi сұраймын
      _____________________________________________________________
      Ұйым туралы мәлiмет:
      1. Қан мен оның компоненттерiн әкетуге жауапты адамның тегi,
аты, әкесiнiң аты
      _____________________________________________________________
      2. Жеке куәлiгiнiң немесе паспортының сериясы мен нөмiрi ____
      _____________________________________________________________
                           (кiм және қашан бердi)

      3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк ___________
      _____________________________________________________________
                   (N, сериясы, кім және қашан бердi)

      4. Қан мен оның компоненттерiн әкету мақсаты ________________
      _____________________________________________________________

      5. Әкетiлетiн қан мен оның компоненттерiнiң атауы мен салмағы
      _____________________________________________________________

      6. Қан мен оның компоненттерi әкелiнетiн мемлекет ___________
      _____________________________________________________________

      7. Өтiнiш берушi заңды тұлғаның мекен-жайы __________________
      _____________________________________________________________
           (индексi, облысы, қаласы, көшесi, үйдiң N, тел./факс)

      8. Қоса берiлiп отырған құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Басшы ____________                      ___________________________
         (қолы)                          (тегi, аты, әкесiнiң аты)

200__ ж. "__"________
Өтiнiш 200__ ж. "__"________ қарауға қабылданды
___________________________________________________________________
(уәкілеттi органның жауапты адамының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады