"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын мерекелеудi дайындау және өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 маусымдағы N 589 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасына 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң резервiнен:
"Қазақстан Республикасының Парламентi" кiтабын шығаруға;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаңа тұжырымдамадағы сайтын құруға;
"Қазақстан Парламентiне - 10 жыл" бейнефильмiн шығаруға 27007000 (жиырма жетi миллион жеті мың) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі