Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1075 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгізілсін:

Қосдәулетов               - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашитұлы              вице-министрі

Баталов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы              және сауда вице-министрi;

      көрсетiлген құрамнан Асанов Жақып Қажманұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады