Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 31 қазандағы N 1089 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 238-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

Құлмаханов             - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы       жағдайлар министрi, төраға

Шпекбаев               - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Алик Жатқамбайұлы        вице-министрi

Сүлейменов             - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Нәсiполла Зейнолаұлы     ортаны қорғау министрлігі Табиғатты
                         қорғауды бақылау комитетiнiң төрағасы

Қожамұратов            - Қазақстан Республикасы Ауыл
Асылбек Әубәкiрұлы       шаруашылығы министрлiгі Ветеринария
                         департаментiнiң директоры;

      мына:

"Лавриненко             - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Юрий Иванович             коммуникациялар бiрiншi вице-министрi"

      деген жолдағы "бірінші" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы, Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Отто Иван Иванович шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады