1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы
N 917
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
"Республикалық бюджеттен дамытуға және кредиттер беруге арналған мақсатты трансферттердiң есебiнен қаржыландырылатын басымды жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) 2005-2007 жылдарға арналған тiзбесi" деген кестеде:
"Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 26-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан 1200 орындық орта мектеп салу";
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
реттік нөмiрi 372-жолда:
5-бағандағы "1200000" деген сандар "1100315" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "500000" деген сандар "400315" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 378-жолда:
5-бағандағы "8259149" деген сандар "8358834" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "673449" деген сандар "773134" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
04 "Білім беру" функционалдық тобында:
225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
012 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне білiм беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы бойынша:
"Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелерi ауданында" деген сөздер "Астана қаласының Орынбор көшесi бойынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк, оның iшiнде инвестициялық жобаларға:" функционалдық тобында:
200 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт объектілерiн дамытуға берілетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"026 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне мәдениет және спорт
объектілерiн дамытуға
берілетiн нысаналы даму трансферттерi 2705784
оның iшiнде инвестициялық жобаларға:
2000 орындық цирк ғимаратын салу 1032335
"Думан" ойын-сауық объектілерi кешенi 773134
Қоянды өзенiнiң су қоймасында Астана
қаласының тұрғындарына арналған қысқа
мерзiмдi демалыс аймағы 400315
Астана қаласында теннис кортын салу 500000".