Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы N 1162 Қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі  Заңына  сәйкес және ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Қызылорда облысы флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Арал ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры жері санатынан жалпы ауданы 63154 гектар жер учаскелері, су қоры жері санатынан жалпы ауданы 75877 гектар жер учаскелері және Қызылорда облысы Арал ауданының босалқы жер санатынан жалпы ауданы 5000 гектар жер учаскелері алып қойылсын және олар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері орман, су қорлары жерінен және босалқы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін.

      4. Қызылорда облысының әкімі күзет аймағының шегінде бұл аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым сала отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

      5.  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339  Қаулысымен)

      6. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2005 жылғы 25 қарашадағы
                                               N 1162 қаулысына
                                                   қосымша

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
     Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Барсакелмес
       мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне
   тұрақты жер пайдалануға берілетін Қызылорда облысы Арал
            ауданының аумағындағы жердің экспликациясы

N

Жердің атауы

Жалпы
алаңы, га

Оның ішінде

Су қоры
жері, га

Олардың ішінде

Жайылым,
га

Өзге де
алқаптар,
га

1

"Барсакелмес"
учаскесі

34089,0

34089,0

19582,0

145,0

2

"Қасқақұлан"
учаскесі

109942,0

41788,0

23217,0

18571,0

3

Барлығы:

144031,0

75877,0

42799,0

33078,0

 

N

Оның ішінде

 

Орман
қоры жерлері, га

Олардың ішінде

Босалқы
жер, га

Олардың ішінде

Жайылым,
га

Өзге де
алқаптар,
га

Жайылым,
га

Өзге де
алқаптар,
га

1

-

-

-

-

-

-

2

63154,0

35087,0

28067,0

5000,0

2778,0

2222,0

3

63154,0

35087,0

28067,0

5000,0

2778,0

2222,0

    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады