Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1184 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 1689 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.27. N 1689 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 560-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                - "Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс
Серік Нығметұлы          берушілерінің жалпыұлттық одағы
                         "Атамекен" заңды тұлғалар бірлестігінің
                         атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қалақов                - "Мұнайаспап" акционерлік қоғамының
Сейілбек Машайұлы        директоры (келісім бойынша)

Әзімбеков              - "Массагет-плюс" жауапкершілігі шектеулі
Мейірлан Қадылшаұлы      серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Қожұмов                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Қайнар Хайратұлы         акционерлік қоғамы корпоративтік дамыту
                         департаментінің директоры (келісім бойынша)

Төлегенов              - "Sheber SC.KZ." жауапкершілігі шектеулі
Сәбит Ақылбекұлы         серіктестігінің бас директоры
                         (келісім бойынша)

Дүйсенбаев             - "Экотон +" жауапкершілігі шектеулі
Ахан Қадыркенұлы         серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Глухов                 - Қазақстан Республикасы жиһаз және ағаш
Михаил Николаевич        өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары
                         қауымдастығының президенті
                         (келісім бойынша)

Беркман                - Қазақстан Республикасының "Қазақстан
Анатолий Абрамович       Медфарм" медициналық өнімі тауар
                         өндірушілер қауымдастығының президенті
                         (келісім бойынша)

Худова                 - Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна        кәсіпорындары қауымдастығының президенті
                         (келісім бойынша)

Беклемишев             - Қазақстан Республикасы жер қойнауын
Павел Иннокентьевич      пайдаланушылар үшін жабдық өндірушілер
                         мен қызметтер көрсетушілер қауымдастығының
                         президенті, "Белкамит" бірлескен
                         кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас
                         директоры (келісім бойынша)

Исатаев                - "Қазақстан темір жолы" акционерлік
Марат Қанапиятұлы        қоғамы "Вагон кәсіпорындарының
                         қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің
                         президенті (келісім бойынша);

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және ел экономикасының шикізат емес секторына тікелей шетел инвестицияларын тарту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады