"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1190 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ   Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
ұлттық комиссия туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына , "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының  1-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік кеңесші орган ретінде Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін;
      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қолдансын.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аталған әкімдер жанынан отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияларды құрсын.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176  Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 425-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16  өкімі ;
      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 27 ақпандағы N 314  өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 45-құжат);
      4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 4 наурыздағы N 16 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 527  өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 117-құжат).
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы            
N __ Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
ұлттық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму  стратегиясының , Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған  стратегиясы мен Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерін қорғау, Мыңжылдықтың дамуының үшінші мақсатын, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл жасау;
      3) Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша талдау және мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
      4) экономикалық салада гендерлік теңдікке қол жеткізуге, әйелдер арасында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
      5) еңбек қызметін үй шаруасы міндеттерімен және бала тәрбиесімен ұштастыру жөніндегі отбасылар үшін жағдай жасауға жәрдемдесу;
      6) отбасылық қатынастарда отбасы институтын нығайтуға, гендерлік теңдікке қол жеткізуге жәрдемдесу;
      7) ерлердің, әйелдер мен балалардың денсаулығын, оның ішінде өсімпаздықты, сақтау мен нығайту өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге жәрдемдесу;
      8) отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлықты түп тамырымен жоюға және ерлерге, әйелдерге және балаларға қатысты зорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін енгізуге жәрдемдесу;
      9) халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға жәрдемдесу;
      10) Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ұсыныстарын қарау, Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар дайындау;
      11) Мемлекет басшысы үшін мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының отбасы және гендерлік теңдік мәселелері бойынша заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
      12) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, гендерлік теңдіктің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға жәрдемдесу;
      13) Қазақстандағы отбасы және гендерлік теңдік жағдайы аспектілерінің неғұрлым толық көрініс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      14) отбасы, гендерлік теңдіктің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
      15) отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
      16) отбасы және гендерлік теңдік жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;
      17) гендерлік-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргізу;
      18) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, халықаралық деңгейде өткізілетін отбасы және гендерлік теңдік жағдайы мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу.

3. Комиссияның өкілеттіктері

      4. Комиссия өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
      1) өз отырыстарында Мемлекет басшысына тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) тиісті мемлекеттік органдардың басшыларынан отбасы және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты заңдардың бұзылу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізуді талап етуге;
      4) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентінің отбасы және гендерлік теңдік мәселелерін қозғайтын актілерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
      5) Комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзірлеуге және тексерулер жүргізуге қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді және кәсіби дайындалған жұртшылық өкілдерін тартуға;
      6) облыстар, Астана, Алматы қалалары мен аудандар әкімдерінің жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға, олардың қызметі туралы есептерді тыңдауға;
      7) әйелдердің кандидатураларын басшы қызметтерге жылжытуға және бекітуге жәрдемдесуге;
      5. Азаматтардан келіп түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнділігі бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жібере алады.
      6. Комиссия мүшелері шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдардың отбасы және гендерлік теңдік мәселелері бойынша мәжілістеріне қатыса алады.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия Төрағадан, орынбасардан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның сандық және дербес құрамын белгілейді.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      9. Комиссияның отырыстары, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде жартысы қатысса заңды болып саналады.
      10. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған санының қарапайым көпшілік дауысымен Комиссия шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
      11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      12. Комиссияның Төрағасы:
      1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның құрамы бойынша ұсыныс енгізеді;
      2) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
      3) Комиссия отырыстарының күн тәртібін белгілейді;
      4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия Төрағасы болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға орынбасар немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
      5) Комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
      6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелі түрде есеп береді;
      7) Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету

      13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдауды және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын оның Хатшылығы жүзеге асырады және өз қызметінде Комиссия Төрағасына тікелей бағынады.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2005 жылғы            
N __ Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі
Ұлттық комиссияның
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

1.  Самақова                 - Қазақстан Республикасының Қоршаған
    Айткүл Байғазықызы         ортаны қорғау министрі, Қазақстан
                               Республикасы Президентінің жанындағы
                               Отбасы істері және гендерлік саясат
                               жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы

2.  Ысқақова                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
    Саида Қуанқызы             жанындағы Отбасы істері және
                               гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
                               комиссия Хатшылығының меңгерушісі,
                               хатшы

3.  Андаржанова              - "Полимерқұбыр" жауапкершілігі
    Мария Ивановна             шектеулі серіктестігінің директоры,
                               Алматы облысы  

4.  Асанғазы                 - Астана қаласының Сарыарқа ауданы
    Оразгүл Асанғазықызы       әкімінің орынбасары

5.  Аубанова                 - Павлодар облысы Денсаулық сақтау
    Гүлфаз Кенжетайқызы        департаментінің директоры

6.  Бурлаченко               - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
    Светлана Николаевна        орынбасары

7.  Васильева                - Алматы қаласының әкімдігі Экономика
    Лариса Александровна       және бюджеттік жоспарлау
                               департаментінің директоры

8.  Жалмағамбетова           - Қазақстан Республикасының Парламенті
    Светлана Жақияқызы         Сенатының депутаты

9.  Жақыпова                 - Қостанай облысы Ішкі саясат
    Тамара Сәлімқызы           департаментінің директоры

10. Кәрбозова                - N 4 емхананың бас дәрігері, Тараз
    Күлшат Жапарханқызы        қаласы

11. Құрманбаева              - Қазақ гуманитарлық заң
    Шырын Асылханқызы          университетінің Семей филиалының
                               директоры, саясат ғылымдарының
                               докторы

12. Көшекова                 - "Райхан" кешенінің директоры, Атырау
    Раиса Тәжіғалиқызы         қаласы

13. Махмұдова                - "Шағын бизнес орталығы"
    Шолпан Жұматайқызы         қауымдастығының директоры,
                               физика-математика ғылымдарының
                               кандидаты, Орал қаласы

14. Мұсаходжаева             - Музыка академиясының ректоры,
    Айман Қожабекқызы          профессор

15. Мұстафина                - Астана қаласы әкімінің орынбасары
    Сәбила Сапарқызы

16. Мұхамеджанова            - Қызылорда облыстық біліктілікті
    Әлия Гафурқызы             арттыру және ақпараттық
                               технологиялар институтының директоры

17. Мырзахметова             - "Тұмар" корпорациясының президенті,
    Зәмзәгүл Естайқызы         "Көкшетау нан зауыты" жауапкершілігі
                               шектеулі серіктестігінің бас
                               директоры, Ақмола облысы

18. Назарбаева               - Қазақстан Республикасы Президентінің
    Сара Алпысқызы             жанындағы Отбасы істері және
                               гендерлік саясат жөніндегі ұлттық
                               комиссияның құрметті төрайымы,
                               "Бөбек" қорының президенті

19. Нұқышева                 - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы
    Сәуле Ғалымқызы            мектебінің саясат және денсаулық
                               сақтауды басқару кафедрасы
                               профессорының міндетін атқарушы,
                               Алматы қаласы

20. Полищук                  - N 1 гимназияның директоры, Петропавл
    Раиса Ивановна             қаласы

21. Сейітова                 - Қарағанды облыстық сауда-өнеркәсіп
    Несіп Мұсатайқызы          палатасының төрайымы, Қарағанды
                               облысы

22. Сиврюкова                - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары
    Валентина Андреевна        конфедерациясының президенті,
                               Азаматтық Альянстың президенті,
                               Астана қаласы

23. Солтиева                 - "Егемен Қазақстан" республикалық
    Жұмагүл Қуанышбекқызы      газеті" акционерлік қоғамы бас
                               редакторының орынбасары, Қазақстан
                               журналистер одағының мүшесі

24. Тарасенко                - Қазақстан Республикасының Парламенті
    Елена Ивановна             Мәжілісінің депутаты

25. Төлегенова               - "Қазақстан Халық банкі" акционерлік
    Апуажан Төлегенқызы        қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының
                               директоры

26. Хасанова                 - "Жамал-ай" ашық акционерлік
    Забира Мұхсанқызы          қоғамының директоры, Ақтау қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады