"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Тэк-Алматы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұлттық қауіпсіздіктің мұқтажы үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар ЯК-42Д ұшағын беруші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен:
1) 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
2) тауарларды мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі