Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы N 1206 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысында бастапқы алюминий өндіру жөніндегі электролиз зауытын салу және пайдалану" инвестициялық жобасы бойынша "Казахстанский электролизный завод" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      корпорациялық табыс салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік жыл;
      мүлік салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл;
      жер салығы бойынша - мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады