"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес және мемлекеттің мүдделерін одан әрі қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Ұлыбританияның Апелляциялық Сотының 2005 жылғы 9 қарашадағы бұйрығын орындау үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берілетін күнге белгілеген бағам бойынша 134565,39 (бір жүз отыз төрт мың бес жүз алпыс бес фунт стерлинг отыз тоғыз пенс) ағылшын фунт стерлингіне баламалы сомада қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі