1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
4-1-тарауда:
56-6-тармақтың 1) тармақшасында:
бесінші абзац "техникалық қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беруге арналған мүкәммалды сатып алу және дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына шығыс материалдарын сатып алу;
теледидарда әлеуметтану сұраунама, сондай-ақ саяси пікірталастар өткізу;
сайлауды ұйымдастыру және еткізу жөнінде оқу мен семинарлар өткізу;
бейне және дыбыс роликтерді, оқу фильмдерін дайындау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1286 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз