Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1297 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Оксфорд университетінің Әулие Антония колледжі (St.Antony's College in Oxford) және ФИРС (Fixed Income Investors Relations System) коммерциялық ұйымы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар бәсекелестік қабілетінің тұрақты өсуін және экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит және микроэкономикалық саясат мәселелері жөніндегі консалтингілік қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (келісім бойынша):
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалармен ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2005-2006 жылдарға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады