Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1298 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
      зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен өзге де төлемдердің орталықтандырылған, дербестендірілген есебін жүргізу;
      зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
      зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда берілетін және балалы отбасыларға берілетін бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін мемлекеттік біржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге берілетін жәрдемақылар мен оларды жүзеге асыру заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдермен Кәсіпорынға жүктелген өзге де төлемдерді уақтылы төлеу болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады