Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру
ережесiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы "___"_______
N___ Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде,
басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi тәртiппен шақыру бойынша және келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртiбiн айқындайды.
2. Әскери қызмет өткеру бейбiт және соғыс уақытында әскери лауазымға тағайындауды, әскери атақ берудi, аттестаттауды, әскери қызметтен босатуды, сондай-ақ әскери қызметпен байланысты басқа да жағдайларды (оқиғаларды) қамтиды.
3. Қарулы Күштердiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Республикалық ұланның, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдарының, Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң, әскери прокуратура органдарының (бұдан әрi - басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери қызметшiлерi, олардың қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Ережеге сәйкес әскери қызмет өткередi.
1. Әскери қызмет өткеру
4. Әскери қызмет өткерудi мынадай құрамдағы әскери қызметшiлер шақыру бойынша немесе келiсiм-шарт бойынша жүзеге асырады:
1) сарбаздар (матростар);
2) сержанттар (старшиналар);
3) офицерлер.
5. Әскери қызмет өткермеген, әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын азаматтардың келiсiм-шарт жасалғанға дейiн шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер мәртебесi бар.
6. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер бейбiт уақытта олардың келiсiмi бойынша олар кемiнде алты ай әскери қызмет өткергеннен және әскери-есептiк мамандықтар бойынша тиiстi даярлығы болған кезде қарулы қақтығыстар жағдайында (жауынгерлiк iс-қимылдарға қатысу yшiн) мiндеттердi орындау үшiн жiберiлуi мүмкiн (соның iшiнде бөлiмше, әскери бөлiм, жауынгерлiк контингент құрамында).
2. Әскери қызметтiң басталуы, мерзiмдерi және аяқталуы
7. Әскери қызметтiң басталуы мыналар болып саналады:
1) әскери қызметке шақырылған азаматтар үшiн - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органдарынан жергiлiктi әскери басқару органдары тиiстi бастығының оны шақыру туралы бұйрығында белгiленген әскери қызмет өткеру орнына кеткен күн (күнi);
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiрген азаматтар үшiн - әскери бөлiм жеке құрамының тiзiмiне енгiзу туралы әскери бөлiм (мекеме) командирiнiң (бастығының) бұйрығы шыққан күн (күнi);
3) әскери қызметте болмаған, әскери (арнаулы) оқу орнына түскен азаматтар үшiн - көрсетiлген әскери (арнаулы) оқу орнына қабылданған күн (күні).
8. Әскери қызмет мерзiмдерi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрi - Заң) белгiленген және:
1) шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн - шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмi соңғы айының тиiстi күнi;
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн - келiсiм-шарт мерзiмi соңғы айының тиiстi күнi аяқталады.
Әскери қызмет мерзiмiнiң аяқталуы тиiстi күн жоқ айға келген жағдайда көрсетiлген мерзiм сол айдың соңғы күнi аяқталады.
9. Әскери қызмет аяқталған күн (соңғы күн) әскери қызметшiнi әскери бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығару туралы бөлiм командирiнiң (бастығының) бұйрығы шыққан күн болып саналады.
10. Әскери бөлiмдi немесе әскери қызмет орнын өз еркiмен тастап кеткен уақыты, сондай-ақ әскери қызмет бойынша шектеу түрiнде жазасын өтеу уақыты әскери қызметшiнiң әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi.
11. Әскери қызметшi әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы (еңбек сiңiрген жылдары) шақыру бойынша сияқты, келiсiм-шарт бойынша, соның iшiнде әскери қызметке қайта кiру кезiндегi де оның әскери қызметiнiң барлық уақытын қамтиды.
Әскери қызметтiң жалпы ұзақтығын анықтау заңнамада белгіленген тәртiппен күнтiзбелiк және жеңiлдiк есептеумен жүргiзiледi.
2-тарау. Келiсiм-шарт жасасу тәртiбi және оның
қолданысын тоқтату 1. Келiсiм-шарт жасасу және оның қолданысын тоқтату
12. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шартты азамат Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкiлеттi лауазымды адамымен ерiктi тәртiппен, жазбаша түрде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес үлгiлік нысан бойынша жасайды.
Қарулы Күштердiң уәкiлеттi лауазымды адамы жергiлiктi әскери басқару органының басшысы болып табылады, ал басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшiн - уәкiлеттi орган басшысының шешiмi бойынша.
Уәкiлеттi органға құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттiк орган жатады.
Келiсiм-шарт алғашқы немесе жаңа болуы мүмкiн.
Бұл ретте алғашқы келiсiм-шарт азаматпен немесе әскери қызметшiмен келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiру кезiнде, соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қайта кiру кезiнде жасалады.
Жаңа келiсiм-шарт келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiмен:
1) Заңның 8-бабының 3-тармағымен айқындалған әскери лауазымның құрамы өзгерген;
2) әскери қызмет мерзiмiн ұзартқан;
3) бiр уәкiлеттi органнан басқасына ауысқан жағдайларда жасалады.
Әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт азаматпен Заңның 30-бабының 2-тармағымен көзделген негiздер болған кезде жасалмайды.
13. Келiсiм-шартта әскери қызмет өткеру шарттары, азаматтың келiсiм-шартта белгiленген мерзiм iшiнде Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндетi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен оның отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы бекiтiледi.
14. Келiсiм-шарт кемiнде екi данада, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалады және әрқайсысына оны жасасқан адамдар қол қояды. Келiсiм-шартқа қол қойған лауазымды адамның қолы мөрмен расталады.
Келiсiм-шарттың бiрiншi данасы келiсiм-шарт жасасқан әскери қызметшi жеке iсінің бiрiншi данасына тiгiледi, ал екiншi данасы әскери қызметшiге қол қойғызылып берiледi.
15. Келiсiм-шарт Заңның 29-бабының 2-тармағына сәйкес өз қолданысын тоқтатады.
16. Келiсiм-шарттың қолданысын тоқтату туралы оның қолданысын тоқтатқан күнi мен негiздерiн көрсете отырып, жазба жазылады. Жазба әскери қызметшiнiң жеке iсiндегi келiсiм-шарттың бiрiншi данасына жазылады, командирдiң қолымен және әскери бөлiмнiң елтаңбалы мөрiмен расталады.
Әскери қызметшiнiң тiлегi бойынша осындай жазу әскери қызметшiде болатын келiсiм-шарттың екiншi данасына жазылуы мүмкiн.
17. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшiлер тиiстi лауазымдағы әскери қызметтi келiсiм-шарт жасамастан өткередi.
Көрсетiлген лауазымға тағайындалғанға дейiн әскери қызметшiлердiң осы санатымен жасалған келiсiм-шарттар өз қолданысын тоқтатады. Олардың келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлердiң мәртебесi сақталады.
18. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындаған әскери қызметшi лауазымынан босатылғаннан кейiн ол осы Ережемен айқындалған тәртiппен жаңа келiсiм-шарт жасайды немесе әскери қызметтен босатылады.
2. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке
азаматтар арасынан кандидаттарды iрiктеу
19. Әскери қызметте болмаған, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген азамат уәкiлеттi лауазымды адамға өтiнiш бередi.
Республикадан тысқары жерлерде тұратын, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматы тек Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерiне келгеннен кейiн өтiнiш беруге құқылы.
20. Өтiнiште:
1) азаматтың тегi, аты және әкесiнiң аты, оның туған күнi, айы мен жылы;
2) тұрғылықты жерi;
3) азамат келiсiм-шарт жасауға ниет бiлдiрген уәкiлеттi органның атауы;
4) келiсiм-шарт жасау болжалатын мерзiм көрсетiледi.
21. Өтiнiшпен бiрге азамат өз жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжатты ұсынады және:
1) белгiленген үлгiдегi бланкiде сауалнама деректерiн;
2) өз қолымен жазылған өмiрбаянын;
3) белгiленген тәртiппен жеке басы куәлiгiнiң, бар болған кезде еңбек кiтапшасының, бiлiмi туралы құжаттарының, неке және балаларының туу туралы куәлiктерiнiң расталған көшiрмелерiн.
Уәкiлеттi органдар құзыретiне сәйкес және әскери қызметтi өткеру ерекшелiгiне сәйкес қосымша құжаттар талап етуi мүмкiн.
22. Уәкiлеттi лауазымды адамдар келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген азаматтардың келiп түскен өтiнiштерiн тiркейдi және қарауға қабылдайды. Өтiнiшi қарауға қабылданған азамат келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге кандидат (бұдан әрi - кандидат) болып табылады.
23. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген азаматтың өтiнiшi Заңның 30-бабымен айқындалған талаптарға кандидат сәйкес келмеген кезде қабылдамауға жатады.
24. Кандидатқа жеке iсi және басқа да қажеттi құжаттар ресiмделедi.
Қажеттi құжаттардың тiзбесiн, оларды ресiмдеу тәртiбiн, сондай-ақ тексеру жүргiзу мерзiмдерiн уәкiлеттi органдардың басшылары айқындайды.
25. Уәкiлеттi лауазымды адам кандидаттың қабылданған өтiнiшiн алдын ала үш жұмыс күнi iшiнде қарайды, одан кейiн:
1) әскери қызметке жарамдылығы мәнiне, денсаулық жағдайына;
2) кәсiптiк психологиялық жарамдылығына;
3) соттылығының болуына қосымша тексерiс ұйымдастырады.
Қажет болған кезде белгiленген тәртiппен кандидат мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсаттама ресiмдеу рәсiмiнен өтедi.
Уәкiлеттi органдарда кандидаттардың өтiнiштерiн қарау тәртiбiн бiрiншi басшылар айқындайды.
26. Кандидатты медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама өткiзу ережелерiне (бұдан әрi - Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережесi) сәйкес жүргiзiледi.
27. Кәсiптiк психологиялық iрiктеу жөнiндегi iс-шараларды тиiстi мамандар жүргiзедi. Бұл ретте санаткерлiк даму деңгейi, әскери қызметтi өткеруге психологиялық жарамдылығы, ойлау шапшаңдығы, байланыс бейiмдiлiгi және тексерiлетiн кандидаттардың әскери қызмет үшiн кәсiби маңызды басқа да қасиеттерi бағаланады.
28. Кәсiптiк психологиялық iрiктеу нәтижелерi бойынша нақты әскери лауазымдарда келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кандидаттың кәсiби жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бiреуi шығарылады:
1) бiрiншi кезекте ұсынылады - бiрiншi санат;
2) ұсынылады - екiншi санат;
3) шартты түрде ұсынылады - үшiншi санат;
4) ұсынылмайды - төртiншi санат.
29. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiру үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келген кандидаттың құжаттары кандидаттың кәсiби жарамдылығы бойынша конкурс ұйымдастыру үшiн уәкiлеттi органға жiберiледi.
30. Кәсiби iрiктеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды, тәртiбiн және өткiзу әдiстемесiн уәкiлеттi органдардың басшылары айқындайды.
31. Кандидат бiлiмi және дене дайындығының деңгейi бойынша уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
Кандидаттарды конкурс өтетiн орынға жiберудi жергiлiктi әскери басқару органы уәкiлеттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмге, бiрақ екi айда кемiнде бiр рет жүзеге асырады.
32. Конкурсқа қатысу үшiн келген азаматтың кандидатурасын оның құру және жұмыс iстеу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайтын конкурстық комиссия қарайды. Қажет кезiнде уәкiлеттi органның шешiмi бойынша кандидат медициналық куәландырудан қосымша өту үшiн жiберiлуi мүмкiн.
33. Конкурстық комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Ірiктелген кандидатқа бес күн iшiнде хаттамадан үзiндi берiледi.
Қалған кандидаттарға бас тарту себептерiн көрсете отырып, конкурстық комиссия шешiмiнiң көшiрмесi берiледi.
34. Уәкiлеттi лауазымды адам конкурстық комиссияның хаттамасынан үзiндi келiп түскен кезде үш күн iшiнде кандидатпен келiсiм-шарт жасасады, қажеттi материалдарды ресiмдейдi және жеке құрам бойынша бұйрық шығару үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.
35. Келiсiм-шарт жасасқаннан кейiн кандидат үш күн iшiнде жергiлiктi әскери басқару органы басшысының шешiмiмен хаттамаға сәйкес әскери бөлiм (мекеме) командирiнiң (бастығының) иелiгiне жiберiледi.
36. Уәкiлеттi орган конкурстың нәтижелерi туралы құжатты алғаннан кейiн екi ай iшiнде iрiктелген кандидаттарға қатысты әскери лауазымға тағайындау туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығарады.
Бұйрықтан үзiндiлер жергiлiктi әскери басқару органына және әскери бөлiмге (мекемеге) жiберiледi.
37. Әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi (бастығы) кандидат келгеннен кейiн оны бөлiм жеке құрамының тiзiмiне тiркейдi және лауазымды атқаруға уақытша жiбередi.
38. Жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi келiп түскен кезде әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi (бастығы) әскери қызметшiнiң лауазымға кiрiсуi туралы бұйрық шығарады.
3. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке әскери қызметшiлер
қатарынан кандидаттарды iрiктеу
39. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген әскери қызметшi әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирiне (бастығына) баянат бередi.
40. Әскери қызметшi баянатпен бiрге Осы Ереженiң 21-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
41. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiруге ниет бiлдiрген әскери қызметшiнiң баянаты тiркеледi және әскери бөлiмнiң командирi қарауға қабылдайды. Әскери бөлiмнiң командирi шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiнiң баянатын қарайды және он күн мерзiмде ол бойынша шешiм қабылдайды.
Баянаты қарауға қабылданған әскери қызметшi кандидат болып табылады.
42. Әскери бөлiмнiң командирi баянатты қарап, мынадай нұсқаулар бередi:
1) кандидатты медициналық куәландырудан өткiзу туралы;
2) кәсiби психологиялық iрiктеу жөнiнде iс-шаралар өткiзу туралы;
3) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлер үшiн белгiленген талаптарға оның бiлiмiнiң, кәсiби және дене дайындығы деңгейiнiң сәйкестiгiн тексеру туралы;
4) оның кандидатурасын әскери бөлiмнiң аттестаттау комиссиясының қарауы туралы.
43. Кандидат қажет жағдайларда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсаттама ресiмдеу рәсiмiнен өтедi.
44. Кандидаттың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiндер үшiн белгiленген талаптарға сәйкестiгiн әскери бөлiмнiң аттестаттау комиссиясы айқындайды. Кандидаттың келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiндер үшiн белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi туралы шешiмдi Заңның 30-бабында көзделген жағдайлар болған кезде әскери бөлiмнiң аттестаттау комиссиясы қабылдайды.
Комиссия шешiмiнiң көшiрмесi әскери қызметшiге оның өтiнiшi бойынша шешiм қабылданған күнiнен бастап үш күн iшiнде берiледi.
45. Құжаттар ресiмделгеннен кейiн материалдар осы Ережеге сәйкес келiсiм-шарт жасасу үшiн уәкiлеттi лауазымды адамға жiберiледi.
4. Әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен әскери
қызметшiлермен әскери қызмет мерзiмiн ұзарту кезiнде
келiсiм-шарттар жасасу
46. Әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен және әскери қызметтi жалғастыруға ниет бiлдiрген әскери қызметшiлермен уәкiлеттi органның басшысы айқындаған мерзiмге жаңа келiсiм-шарт жасалады, бiрақ бес жылдан аспайды.
47. Әскери қызмет мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдаған кезде мыналар ескерiледi:
кәсiби даярлығы және атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжiрибесi;
әскери қызмет өткеру үшiн денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы;
әскери-есептiк мамандыққа немесе арнайы дайындыққа сәйкес бос лауазымның болуы.
48. Әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен әскери қызметшi жаңа келiсiм-шарт жасасу үшiн қолданыстағы келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуына дейiн кемiнде төрт ай қалғанда көрсетiлген әскери қызметшiмен келiсiм-шарт жасасу туралы шешiм қабылдауға құқығы бар лауазымды адамға баянат бередi.
Баянатпен бiрге:
атқарып отырған лауазымы бойынша қызметтiк мiнездеме;
әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
қажет кезiнде уәкiлеттi органның басшысы айқындайтын басқа да құжаттар ұсынылады.
49. Уәкiлеттi орган басшысының әскери қызмет мерзiмiн ұзарту туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей тиiстi әскери қызметшiге жеткiзiледi.
50. Әскери қызметтi ұзартудан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасын әскери қызметшiге әскери бөлiмнiң командирi шектi жасқа жеткенге дейiн кемiнде бiр ай бұрын қолын қойғызып жеткiзедi.
Әскери қызметшi демалыста, емделуде, қызметтiк iссапарда болған кезде хабарлама әскери қызметтiң тұрақты орнына келген күнi жеткiзiледi.
3-тарау. Әскери лауазымдарға тағайындау, әскери лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқару, командирдiң
(бастықтың) қарамағына жiберу, әскери лауазымнан босату тәртiбi 1. Әскери лауазымға тағайындау
51. Әскери қызметшiлердi әскери лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
52. Әскери қызметшiлермен және әскери мiндеттiлермен келiсiм-шарт жасасу, әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, шығару, босату, сондай-ақ әскери атақтар беру туралы бұйрықтар шығару (жеке құрам бойынша бұйрықтар) құқығы бар лауазымды адамдар тiзбесiн (бұдан әрi - Лауазымды адамдар тiзбесi) уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.
Лауазымды адамдар тiзбесiмен айқындалған жоғары тұрған лауазымды адамдар тiкелей бағыныста тұрған, төмен тұрған лауазымды адамдардың құқықтарын пайдаланады.
53. Әскери қызметшiнi әскери лауазымға тағайындау әскери қызметшiнiң бiлiм деңгейi мен кәсiби даярлығын, оның психологиялық қасиетiн, денсаулық жағдайын және осы Ережемен көзделген өзге де жағдайларды ескере отырып жүргiзiледi.
54. Әскери қызметшiлердi әскери лауазымдарға тағайындау оларды негiзгi немесе бiр бейiндi әскери-есептiк мамандық бойынша және қызметтiк iс-әрекетiнiң қолда бар тәжiрибесiн ескере отырып пайдалануды қамтамасыз етуi тиiс. Әскери қызметшiлердi, олар үшiн жаңа әскери-есептiк мамандық бойынша лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде оларды осы лауазымдарға тағайындауға тиiстi қайта даярлау алғышарт болуы тиiс.
55. Офицерлер құрамының әскери атағы бар, әскери (арнаулы) оқу орнына, жоғары оқу орнынан кейiнгi жоғары кәсiби бiлiм беру бағдарламасы бойынша офицердi даярлау көзделген адьюнктураға күндiзгi оқу нысанына қабылданған әскери қызметшi бұрынғы атқарып отырған лауазымынан босатылады және тыңдаушы әскери лауазымына тағайындалады.
Офицер әскери атағы жоқ, әскери (арнаулы) оқу орнына қабылданған әскери қызметшi бұрынғы атқарған әскери лауазымынан босатылады және көрсетiлген оқу орнында оқитын әскери қызметшiлер үшiн көзделген және сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) атқаруға жататын курсант әскери лауазымына тағайындалады. Әскери (арнаулы) оқу орнына қабылданған азамат көрсетiлген оқу орнында оқитын әскери қызметшiлер үшiн көзделген курсант әскери лауазымына тағайындалады.
Әскери қызметшiнi (азаматты) әскери (арнаулы) оқу орнына қабылдаған кезде бұрын берiлген әскери атағы сақталады.
56. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн, әскери (арнаулы) оқу орнына, адьюнктураға қабылданбаған әскери қызметшiлер, олар көрсетiлген оқу орнына, адьюнктураға түсу үшiн жiберген әскери бөлiмдерге бұрынғы әскери лауазымдарына қайтарылады.
57. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн және әскери (арнаулы) оқу орнына қабылданбаған әскери қызметшiлер уәкiлеттi орган айқындаған әскери бөлiмге одан әрi әскери қызмет өткеру үшiн жiберiледi не Заңның 37-бабында айқындалған негiздер болған кезде әскери қызметтен босатылады.
58. Әскери (арнаулы) оқу орнын, адьюнктураны аяқтаған әскери қызметшiлер қажеттi бiлiм деңгейi бар адамдар атқаруға жататын және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тиiстi Әскери лауазымдар тiзбесiмен көзделген және Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлер мен әскери оралымдардағы әскери атағы оларға сәйкес келетiн офицерлер құрамының әскери лауазымдарына тағайындалады (бұдан әрi - Әскери лауазымдар тiзбесi).
Көрсетiлген әскери лауазымдарға тағайындау мүмкiн болмаған кезде осындай әскери қызметшiлер дайындық бейiнi бойынша ұқсас өзге әскери лауазымдарға тағайындалады (ерекше жағдайларда әскери лауазымға одан әрi тағайындау үшiн командирдiң (бастықтың) қарамағына жiберiледi).
59. Әскери лауазымға тағайындау кезiнде мынадай шарттар сақталады:
1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар), офицерлер атқаруға жататын әскери лауазымдарға тиiстi құрамның әскери қызметшiлерi тағайындалады. Көрсетiлген әскери лауазымдарға тиiстi құрамның әскери қызметшiлерiн тағайындау мүмкiн болмаған кезде оларға уәкiлеттi органның басшысы айқындайтын тәртiппен төмен тұрған құрамның әскери қызметшiлерi тағайындалуы мүмкiн;
2) тиiстi командирлердiң (бастықтардың) қарамағына жiберiлген әскери қызметшiлердi әскери лауазымдарға тағайындау Заңның 8-бабының 5-тармағымен белгiленген мерзiмнен асырмай, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүргiзiледi;
3) әскери қызметке жарамдылық санаты туралы әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;
4) егер әскери қызметшiге мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе ол көрсетiлген рұқсаттамадан айрылған жағдайда, ол белгiленген тәртiппен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге берiлетiн рұқсаттамамен байланысты емес әскери лауазымға тағайындалады немесе әскери қызметтен босатылады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзара жақын туыстықта болатын әскери қызметшiлерге, олар бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болған кезде әскери қызмет өткеруге рұқсат етiлмейдi;
6) әскери қызметшi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес жүктiлiгi кезiнде олардың келiсiмiмен бұрын атқарып отырған әскери лауазымына сәйкес ақшалай үлесiн сақтай отырып, неғұрлым жеңiл қызмет шарттарымен әскери лауазымға тағайындалуы мүмкiн.
60. Әскери қызметшiлер жоғары, тең немесе төмен әскери лауазымдарға тағайындалады.
61. Әскери лауазым, егер Әскери лауазымдар тiзбесiмен оған бұрынғы әскери лауазымы бойынша әскери атағына қарағанда, неғұрлым жоғары әскери атақ сәйкес келсе, ал штатпен көзделген әскери атағы - неғұрлым бiлiктiлiк талаптарының жоғары деңгейi немесе әскери басқару органы тең болған кезде жоғары деп саналады.
62. Әскери қызметшiнi жоғары әскери лауазымға тағайындау қызметi бойынша жылжыту тәртiбiмен жүргiзiледi.
Жоғары әскери лауазымға тағайындау кезiнде басым құқық мұндай әскери лауазымға әскери қызметшi әскери қызмет өткеретiн әскери бөлiмнiң аттестаттау комиссиясы ұсынған, әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде жоғары кәсiби бiлiктiлігін және ұйымдастырушылық қабiлетiн көрсеткен немесе ұйымдық-штаттық iс-шараларға байланысты бұрын төмен әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшiге берiледi.
63. Әскери лауазымдар, егер оған тең әскери атақ, сондай-ақ тең бiлiктiлiк талаптары немесе әскери басқару органдарының деңгейi сәйкес келсе, тең болып саналады.
64. Әскери қызметшiнi тең әскери лауазымға тағайындау:
1) ұйымдық-штаттық iс-шараларға байланысты;
2) әскери қызметшiнi әскери қызметте неғұрлым мақсатты пайдалану үшін;
3) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiнiң баянаты бойынша отбасы жағдайы бойынша, Заңның 37-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар бар болған кезде;
4) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргiзiледi.
65. Әскери лауазым, егер оған неғұрлым төмен әскери атақ, сондай-ақ төмен бiлiктiлiк талаптары немесе әскери басқару органдарының деңгейi сәйкес келсе, төмен болып саналады.
66. Төмен әскери лауазымға тағайындау:
1) әскери қызметшiнiң келiсiмiмен:
ұйымдық-штаттық iс-шараларға байланысты - оның дайындық бейiнi бойынша тең, бос әскери лауазым болмаған кезде;
Заңның 37-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес отбасылық-мүлiктiк жағдайын тексеру актiсiмен расталатын отбасы жағдайы бойынша;
әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;
Заңның 8-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, командирдiң (бастықтың) қарамағында болған кезеңде;
2) әскери қызметшiнiң келiсiмiнсiз:
келiсiм-шартты бұзу үшiн негiз болып табылмайтын, әскери қызмет өткеру тәртiбi мен ережелерiн бiрнеше рет бұзған жағдайда аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша, бiр сатыдан төмен емес жүргiзiледi.
67. Әскери қызметшiнi әскери лауазымға тағайындау, әскери лауазымнан босату, командирдiң (бастықтың) қарамағына қабылдау, босатқан, әскери атақ беру, төмендету, айыру кезiнде, сондай-ақ жаңа келiсiм-шарт жасасқан кезде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс немесе басқа да құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары) ресiмделедi.
68. Әскери қызметi бойынша шектеу түрiнде жазасын өтейтiн әскери қызметшiлердi жоғары әскери лауазымға тағайындау мүмкiн емес.
69. Әскери қызметi бойынша шектеу түрiнде жаза тағайындалған әскери қызметшi бұрынғы әскери лауазымында, сондай-ақ бағыныстыларға басшылық жасауға байланысты лауазымда қалдырылуы мүмкiн емес.
Осы әскери қызметшi тиiстi лауазымды адамның шешiмi бойынша не әскери бөлiм шегiнде, не басқа әскери бөлiмге немесе жергiлiктi жерге ауыстыру арқылы басқа әскери лауазымға тағайындалады, ол туралы үкiм шығарған сот хабардар етiледi.
2. Әскери лауазым бойынша мiндеттердi уақытша
атқаруды жүктеу
70. Қызметтiк қажеттiлiкке байланысты әскери қызметшiге ол атқармайтын тең немесе жоғары әскери лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқару жүктелуi мүмкiн:
1) бос (тағайындалмаған) әскери лауазымды - оның келiсiмiмен (лауазымды уақытша атқару - ЛУА), бұл жағдайда әскери қызметшi атқарып отырған әскери лауазымы бойынша мiндеттердi атқарудан босатылады, бiрақ атқарып отырған әскери лауазымынан босатылмайды және оған әскери лауазымды уақытша атқаруы бойынша ақшалай үлес төленедi;
2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазымды - оны атқарып отырған әскери қызметшi уақытша болмаған немесе оны атқарып отырған әскери қызметшiнi лауазымынан шеттеткен (мiндеттердi уақытша атқару - МУА) жағдайда 2 айдан аспайтын мерзiмге.
71. Әскери қызметшiге бос әскери лауазымды уақытша атқаруды жүктеу және оны атқарып отырған лауазымы бойынша мiндеттердi атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады. Бұл ретте әскери қызметшiге жоғары офицерлер құрамы атқаруға жататын бос әскери лауазымдар бойынша әскери лауазымды уақытша атқаруды жүктеудi уәкiлеттi органның басшысы жүзеге асырады.
72. Әскери бөлiмнiң (мекеменiң) командирi (бастығы) өзi уақытша болмаған жағдайда мiндеттердi уақытша атқаруды орынбасарларының бiреуiне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейдi.
3. Командирдiң (бастықтың) қарамағына жiберу
73. Әскери қызметтi одан әрi өткеру мәселесiн шешу үшiн әскери қызметшiлердi әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам бұйрық шығаруға құқығы бар тiкелей командирдiң (бастықтың) қарамағына жiберуi мүмкiн.
74. Әскери қызметшiнi командирдiң (бастықтың) қарамағына жiберуге Заңның 8-бабының 5-тармағымен айқындалған жағдайларда және мерзiмдерде жол берiледi.
4. Әскери лауазымнан босату
75. Әскери қызметшi жаңа әскери лауазымға тағайындалған, ауыстырылған, әскери қызметтен босатылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген басқа да жағдайларға байланысты әскери лауазымнан босатылады.
76. Әскери қызметшiнi атқарып отырған әскери лауазымынан босатуға Лауазымды адамдар тiзбесiне сәйкес, осы әскери лауазымға тағайындау құқығы берiлген лауазымды адам құқылы.
4-тарау. Әскери қызметшiлердi ауыстыру,
iссапарға жiберу тәртiбi
1. Әскери қызметшiлердi ауыстыру
77. Әскери қызметшiнi ауыстыру - бұл оның лауазымдық жағдайын немесе әскери қызмет орнын өзгерту.
Ауыстыру мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
1) әскери лауазымға тағайындалған;
2) iссапарға жiберiлген;
3) Заңның 8-бабы 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша қарамағына жiберiлген;
4) атқарып отырған лауазымынан босатылған;
5) бiр уәкiлеттi органнан әскери қызмет көзделген басқасына ауыстырған кезде;
6) әскери бөлiм немесе бөлiмше орналасқан орнын өзгерткен.
78. Бөлiмше немесе әскери бөлiм орналасқан орнын өзгерткен кезде, сондай-ақ тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшiнi ауыстыру, оның келiсiмiнсiз тиiстi командирдiң (бастықтың) шешiмi бойынша жүргiзiледi.
79. Әскери қызметшiнi ауыстыру тек заңнамада белгiленген тәртiппен iстерi мен лауазымын тапсырғаннан кейiн әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығара отырып жүргiзiледi.
Iстер мен лауазымын тапсыруды бастауды әскери бөлiмнiң командирi (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi немесе әскери қызметшiнi ауыстыру бойынша жазбаша хабарлама түскен сәттен бастап, бiрақ жетi тәулiктен кешiктiрмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметшi үшiн олардың келген күнiнен бастап айқындайды.
Әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығару iстер мен лауазымды тапсыру актiсi бекiтiлгеннен кейiн келесi жұмыс күнi жүргiзiледi.
2. Әскери қызметшiлердi iссапарға жiберу және
олардың әскери қызметтi өткеру ерекшелiктерi
80. Әскери қызметшiлер мемлекеттiң қорғанысы және қауiпсiздiгi мүддесiндегi жұмыстарды орындау мақсатында олардың басшыларымен келiсiм бойынша, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға әскери емес лауазымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн. Бұл ретте бұрын жасалған келiсiм-шарттың қолданысы тоқтатылмайды.
81. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлермен жаңа келiсiм-шарт жасасу осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлермен келiсiм-шарт жасасу әскери қызметшiлер iссапарға жiберiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар басшыларының пiкiрiн ескере отырып жүзеге асырылады.
82. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға iссапарға жiберiлген әскери қызметшiлерге әскери атақтар беру, оларды әскери қызметтен босату, уәкiлеттi органның наградаларымен марапаттау осы Ережеге сәйкес олар iссапарға жiберiлген органдардың, мекемелер мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша, ал қажеттi жағдайларда - көрсетiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың және оларды iссапарға жiберген уәкiлеттi органдар басшыларының бiрлескен ұсыныстары бойынша жалпы негiзде жүргiзiледi.
5-тарау. Әскери атақ беру, төмендету, айыру және қалпына
келтiру тәртiбi 1. Әскери атақ беру
83. Әскери атақтар әскери қызметшiлерге дербес берiледi. Әскери атақ алғашқы немесе кезектi болуы мүмкiн.
84. Әскери қызметшiлерге әскери атақтар:
1) жоғары офицерлер құрамына - уәкiлеттi орган бiрiншi басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi - Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) полковник (бiрiншi дәрежелi капитан) - уәкiлеттi органдардың басшылары;
3) өзге де әскери атақтар - Лауазымды адамдардың тiзбесiне сәйкес уәкiлеттi органның басшысы айқындаған лауазымды адамдар бередi.
Алғашқы әскери атақтар:
1) офицерлер құрамы үшiн - лейтенант;
2) сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн - кiшi сержант (2-сатылы старшина);
3) сарбаздар (матростар) құрамы үшiн - қатардағы жауынгер (матрос) болып саналады.
85. "Лейтенант" әскери атағы мыналарға берiледi:
1) офицер әскери атағы жоқ, жоғары әскери (арнаулы) оқу орнын аяқтаған әскери қызметшiге;
2) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн әскери бөлiмдерде алты айлық әскери тағылымдамадан өткен азаматқа;
3) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, тиiстi әскери-есептiк мамандығына ұқсас жоғары кәсiби бiлiмi бар және ол үшiн офицер әскери атағы штатымен көзделген әскери лауазымға келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiрген азаматқа (әскери қызметшiге) - тиiстi әскери лауазымға тағайындаған кезде алты айдан ерте емес;
4) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары кәсiби бiлiмi бар - әскери жиындар аяқталысымен, және жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлiмнiң офицерлер лауазымына тiркелген әскери мiндеттiге, бiрақ оқу орнын аяқтағаннан кейiн бiр жылдан ерте емес.
86. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын әскери қызмет көздеген уәкiлеттi органның басшысы бередi.
87. "Сержант" ("бiрiншi сатылы старшина") әскери атағы және кейiнгiлерi, әдеттегiдей, курстық даярлықтың қажеттi деңгейi бар және тиiстi лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілерге, бiрақ 12 айдан кешiктiрiлмей берiледi.
88. "Кiшi сержант" ("екiншi сатылы старшина") әскери атағы мыналарға берiледi:
1) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейiн әскери тағылымдамадан өтпеген азаматқа;
2) әскери атағы жоқ, әскери қызметке шақыру немесе келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiрген кезде жоғары немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматқа.
89. "Ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағы лауазымдарға тағайындау кезiнде олар үшiн Әскери лауазымдар тiзбесiмен тиiстi әскери атақ көзделген мамандығын табысты меңгерген қатардағы жауынгерлер мен матростарға, бiрақ 12 айдан кешiктiрiлмей берiледi.
90. "Қатардағы жауынгер" ("матрос") әскери атағы әскери атағы жоқ азаматтарға мынадай жағдайларда берiледi:
1) әскерге шақырылған және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiрген кезде;
2) запасқа шығарылған кезде;
3) әскери (арнаулы) оқу орнына қабылданған кезде.
91. Мемлекеттік органдарда қызмет өткерiп жүрген немесе өткерген және арнайы атағы немесе сыныптық шенi бар азамат әскери қызметке кiрген кезде уәкiлеттi органның басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртiбiмен әскери атақ берiлуi мүмкiн.
92. Егер әскери қызметшi Әскери лауазымдар тiзбесiнде тең немесе неғұрлым жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымды атқаратын болса, бұрынғы әскери атағында еңбек сiңiрген мерзiмi аяқталғаннан кейiн оған кезектi әскери атақ берiледi.
93. Әскери қызметшiде алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ол кезектi әскери атақ беруге ұсынылмайды.
94. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағы, әдеттегiдей, әскери қызметшiге жоғары офицерлер құрамы алмастыруға жататын әскери лауазымды атқарғанына кемiнде екi жыл өткеннен кейiн берiледi.
95. Әскери атақтардағы еңбек сiңiрген мерзiм әскери атақ берiлген күннен бастап есептеледi.
96. Сержанттар (старшиналар) лауазымдарына тағайындаған кезде тиiстi курстық даярлықтан өткен әскери қызметшiлерге Әскери лауазымдар тiзбесiне сәйкес әскери атақтар берiлуi мүмкiн.
97. Әскери (арнаулы) оқу орындарында және күндiзгi оқу нысаны бойынша адьюнктурада оқитын офицерлерге офицерлер құрамының кезектi әскери атақтары әскери атақтардағы белгіленген еңбек сiңiрген мерзiмi өткеннен кейiн және ол оқуға түсер алдында атқарған, Әскери лауазымдар тiзбесiнде айқындалған әскери лауазымы бойынша әскери атаққа берiлетiн әскери атағы сәйкес келген кезде берiледi.
98. Қазақстан Республикасын қорғау, жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару немесе әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн орындау кезiнде батылдық пен ерлiк танытқан не әскери борышын үлгiлi орындайтын әскери қызметшiлерге кезектi әскери атақ мерзiмiнен бұрын берiлуi мүмкiн, бiрақ атқарып отырған әскери лауазым үшiн Әскери лауазымдар тiзбесiнде көзделген әскери атақтан жоғары емес.
Мерзiмiнен бұрын әскери атақ әскери атағындағы белгiленген еңбек сiңiрген мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткеннен кейiн және берiлетiн атақтың Әскери лауазымдар тiзбесi бойынша әскери атаққа сәйкес келген кезде, бiрақ әскери қызмет кезеңiнде екi реттен артық берiлмейдi.
99. Жауынгерлiк даярлықта, әскери тәртiптi нығайтуда, күрделi әскери техниканы меңгеруде жоғары көрсеткiштерге қол жеткiзген немесе қорғаныс сипатындағы мiндеттердi шешумен байланысты тапсырылған учаскедегi мiндеттердi үлгiлi орындайтын әскери қызметшiлерге кезектi әскери атақ подполковникке дейiн, ал ғылыми атағы бар ғылыми-педагогикалық құрамның офицерлерiне полковниктi қоса алғанда - атқарып отырған әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бiр сатыға жоғары атақ берiлуi мүмкiн.
Атқарып отырған әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бiр сатыға жоғары кезектi әскери атақ әскери қызмет кезеңiнде бiр реттен артық берiлмейдi және әскери атағында кемiнде екi жыл белгiленген еңбек сiңiрген мерзiм өткеннен кейiн берiледi.
100. "Ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағы сiңiрген ерекше жеке еңбегiн көтермелеу ретiнде ол үшiн Әскери лауазымдар тiзбесiнде "қатардағы жауынгер" ("матрос") әскери атағы көзделген әскери лауазымды атқарып отырған әскери қызметшiге берiлуi мүмкiн.
101. "Кiшi сержант" ("екiншi сатылы старшина") әскери атағы ол үшiн Әскери лауазымдар тiзбесiнде "кiшi сержант" ("екiншi сатылы старшина") және одан жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымды атқаратын қатардағы жауынгерге (матросқа), сондай-ақ оқу-жаттығу әскери бөлiмiнде сержанттарды (старшиналарды) даярлау бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтаған әскери қызметшiге берiледi.
102. Әскери лауазымы бойынша шектеу түрiнде жазасын өткерген уақытта әскери қызметшiге кезектi әскери атақ және офицерлер құрамының алғашқы әскери атағы берiлмейдi, ал жаза мерзiмi тиiстi әскери атағындағы еңбек сiңiрген жылдары мерзiмiне есептелмейдi.
103. Әскери мiндеттiлерге кезектi әскери атақтарды әскери жиындарға басшылық жасаған лауазымды адамның ұсынысы бойынша тек әскери лауазымға тағайындар алдында және олар әскери жиындардан өткеннен және уәкiлеттi органдардың басшылары белгiлеген сынақтарды тапсырғаннан кейiн берiледi.
104. Әскери мiндеттiлерге "запастағы полковник" әскери атағы соғыс жағдайын енгiзген кезде осы Ережеге сәйкес берiледi.
105. Офицерлер немесе сержанттар құрамының әскери атағынан айырылған әскери қызметшiге (әскери мiндеттiге) қатардағы құрамның әскери есебiне бiр уақытта ауыстырумен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi әскери басқару органының бастығы "қатардағы жауынгер" әскери атағын бередi.
1. Әскери атақты төмендету, одан айыру және
оны қалпына келтiру
106. Әскери қызметшiлердi әскери атағында бiр сатыға мыналар төмендетуi мүмкiн:
1) жоғары офицерлер құрамын - Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысы;
2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) - уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы;
3) өзге әскери атақтарды - Лауазымды тұлғалар тiзбесiне сәйкес.
Олардың бұрынғы әскери атағын қалпына келтiру атқарып отырған штаттық лауазымына қарамастан, төмендеткен күннен бастап кемiнде алты айдан кейiн, үлгiлi тәртiбi және қызметке адал қараған кезде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен жүргiзiледi. Әскери атағын қайта төмендетуге жол берiлмейдi, ықпал етудiң өзге де шаралары қолданылады.
107. Қылмыс жасаған әскери қызметшiлер (әскери мiндеттiлер) заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмi бойынша әскери атағынан айырылады.
Әскери қызметшiнi әскери атағынан айыру жеке құрам бойынша бұйрықпен, әскери мiндеттiнi - жергiлiктi әскери басқару органы бастығының тиiсті бұйрығымен ресiмделедi.
108. Әскери қызметте болудың шектi жасына жетпеген, әскери атағынан айырылған, кейiннен өздерiн әскери лауазымды алмастыруға лайықты етiп көрсеткен азаматтарға бұрынғы атақтарына тең әскери атақтар соттылығы алынғаннан (өтелгеннен) кейiн берiлуi мүмкiн.
109. Әскери атағынан айырылған азаматтың бұрынғы әскери атағын беру туралы өтiнiшiн жергiлiктi әскери басқару органы ол келiп түскеннен кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей қарайды.
Негiздемелер болған кезде бұрынғы әскери атағын беру туралы ұсыным ресiмделедi.
Әскери атақ берудi әскери атағынан айырған адам жүргiзедi.
110. Заңсыз соттауға байланысты әскери атағынан айырылған азаматқа бұрынғы әскери атағы Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген бұрынғы құқықтары мен жеңiлдiктерiн қалпына келтiре отырып, оны ақтау туралы шешiм күшiне енгеннен кейiн берiледi.
6-тарау. Әскери қызметшiлерге демалыстар беру тәртiбi 1. Демалыс түрлерi
111. Әскери қызметшiлерге мынадай демалыстар берiледi:
1) жыл сайынғы;
2) отбасы жағдайы бойынша қысқа мерзiмдi;
3) жүктiлiгi және бала тууы бойынша;
4) қосымша;
5) каникулярлық;
6) оқу;
7) шығармашылық;
8) сырқаттануы бойынша;
9) көтермелеу түрiнде қысқа мерзiмдi (тек мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне).
112. Демалыстар әскери бөлiм командирiнiң бұйрығы негiзiнде берiледi.
113. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалысты өткiзу орнына бару және қайта келу үшiн қажеттi уақытты есептеусiз берiлетiн жылда 60 тәулiктен аспауы тиiс.
114. Әскери қызметшiлер демалысқа келгеннен кейiн әскери есептi жүргiзетiн органға әскери есепке тұрады.
115. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыстардың барлық түрiнде болған кезде әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесi және өзге де қосымша төлемдерi сақталады.
2. Жыл сайынғы демалыс беру
116. Жыл сайынғы демалыстар әскери қызметшiлерге оларды пайдалану кезеңдерiн кезектестiрудi, сондай-ақ әскери бөлiмнiң жауынгерлiк әзiрлiгiн ұстауды ескере отырып және демалыстар кестесiне сәйкес жылдың кез келген уақытында берiледi. Демалыс кестесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңiлдiктердi пайдаланатын әскери қызметшiлердiң санатын ескере отырып, жыл басында әрбiр күнтiзбелiк жылға жасалады және барлық әскери қызметшiлердiң назарына жеткiзiледi.
Демалыс уақытында әскери бөлiмдi толық таратуды және келiсiм-шартта көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, әскери бөлiмнiң бастамасы бойынша әскери қызметшiнi ауыстыруға, босатуға жол берiлмейдi.
117. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiге берiлетiн жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
118. Ол әскери қызметке келiсiм-шарт (шақыру) бойынша кiрген жылы және босатылған жылы әскери қызметшiге жыл сайынғы демалыстың ұзақтығын есептеу жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екiге бөлумен және алынған тәулiк санын әскери қызметке кiрген немесе босатылған жылдағы әскери қызметтiң толық ай санына көбейтумен есептеледi.
119. Толық емес тәулiк пен ай санын дөңгелектеу арттыру жағына қарай жүргiзiледi. Әскери қызметшiнi әскери қызметтен уақтылы босату (әскери бөлiмнiң жеке құрамының тiзiмiнен шығару) мүмкiн болмаған жағдайда оны босатқан күнге толық пайдаланылмаған жыл сайынғы демалыс уақытының есебiн әскери қызметшiге ұсына отырып жүргiзiледi. Егер демалыс бұдан бұрын демалыс кестесiне сәйкес пайдаланылмаған болса, мерзiмiнен бұрын босату кезiнде (келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiн) әскери қызметшiнiң жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тәртiппен есептеледi.
120. Әскери (арнаулы) оқу орнын аяқтаған әскери қызметшiлерге жыл сайынғы демалыс көрсетiлген оқу орнын аяқтағаннан кейiн берiледi.
121. Әскери қызметшiлердiң жыл сайынғы демалысының ұзақтығы демалысты өткiзу орнына дейiн бару және қайта келу үшiн қажеттi уақытты ескере отырып, тәулiк санына арттырылады. Егер әскери қызметшiге жыл сайынғы демалыс бөлiнiп берiлсе, онда демалыс орнына бару және қайта келу үшiн қажеттi уақыт бiр рет берiледi.
122. Әскери қызметшiнiң баянаты және әскери бөлiм командирiнiң шешiмi бойынша әскери қызметшiге жыл сайынғы және қосымша демалыстарды олардың арасын үзбей ретпен беруге жол берiледi.
123. Өткен жылға арналған жыл сайынғы және (немесе) қосымша демалыстар келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiге дәлелдi себептермен берiлмеген болса, демалыс әскери қызметшiге келесi жылы тек оның келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша демалысты өткiзу орнына бару және қайта келу уақытын ескере отырып берiледi.
Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн, дәлелдi себептермен жыл сайынғы және қосымша демалыстарды пайдаланбаған офицерге көрсетiлген демалыстардың соңғысы аяқталған күнi әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарумен әскери қызметтен босату кезiнде берiледi.
124. Жыл сайынғы немесе қосымша демалыс (кейiннен әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарумен босату жылындағыны қоспағанда) уақытында науқастанған әскери қызметшiлерге жыл сайынғы немесе қосымша демалыс отбасы жағдайы бойынша демалыстан басқа, сырқаттанған күндерiнiң тиiстi санына ұзартылады. Осындай жағдайда демалысты ұзартуды әскери емдеу-алдын алу мекемесiнен алынған анықтама негiзiнде әскери бөлiмнiң командирi жүзеге асырады.
125. Әскери қызметшiнiң отбасы мүшесi ауыр денсаулық жағдайында немесе қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, сондай-ақ демалыста жүрген әскери қызметшiнiң отбасы мүшелерi ұшыраған табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде әскери қызметшi демалыста жүрген аумақтағы жергiлiктi әскери басқару органы бастығының әскери қызмет өткеру орнына бару үшiн қажеттi уақытты есептеусiз, демалысты он тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқығы бар.
Демалысты ұзартқаны туралы жергiлiктi әскери басқару органының бастығы көрсетiлген әскери қызметшi әскери қызмет өткеретiн әскери бөлiмнiң командирiн дереу хабардар етедi.
3. Отбасы жағдайы бойынша демалыстар беру
126. Отбасы жағдайы бойынша демалыс әскери қызметшiге 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайда берiледi:
1) отбасы мүшелерiнiң ауыр денсаулық жағдайында немесе қайтыс болғанда (қаза тапқанда);
2) отбасы мүшелерi ұшыраған табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда.
127. Осындай демалыс берiлген мән-жайлар құжатпен расталуы тиiс. Әскери қызметшiге берiлетiн отбасы жағдайы бойынша демалыстың ұзақтығы демалысты өткiзу орнына бару және қайта келу үшiн қажеттi тәулiк санына арттырылады.
4. Жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыстар беру.
Балаларды асырап алған әскери қызметшiлердiң демалысы
128. Әскери қызметшi әйелдерге жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыс бала туғанға дейiн ұзақтығы жетпiс күнтiзбелiк күн немесе бала туғаннан кейiн елу алты (ауыр босанған немесе екi немесе одан көп бала туған жағдайда - жетпiс) күнтiзбелiк күн берiледi. Есептеу жиынтықталып жүргiзiледi және әскери қызмет өткеру ұзақтығына қарамастан, осы кезеңдер үшiн жүктiлiгi және бала тууы жөнiндегi жәрдемақыны төлеумен босанғанға дейiн нақты пайдаланылған күндердiң санына қарамастан демалыс толық берiледi.
Көрсетiлген демалыс әскери қызметшiлерге тиiстi медициналық мекеме берген еңбекке жарамсыздық парағы негiзiнде берiледi.
129. Тiкелей перзентханадан жаңа туған баланы асырап алған әскери қызметшiге асырап алған күнiнен бастап және бала туған күнiнен бастап елу алты күн өткенге дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiреуiне) әскери қызмет ұзақтығына қарамастан осы кезеңге жәрдемақы төлеумен демалыс берiледi.
5. Қосымша демалыстар беру
130. Әскери қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары бар жергiлiктi жерлерде әскери қызмет өткеретiн немесе өткерген әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша демалыстар берiледi.
Бұл ретте қосымша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы демалысқа қосылмайды.
131. Қосымша демалыстар әскери қызметке түскен немесе босатылған жылы әскери қызметшiлерге толық көлемде берiледi.
132. Депутаттыққа кандидат ретiнде белгiленген тәртiппен тiркелген әскери қызметшiге, оның тiлегi бойынша әскери қызметшi кандидат ретiнде тiркелген күннен бастап және сайлау нәтижелерi ресми жарияланған күнге дейiн демалыс берiледi.
133. Әскери қызметшi әйелге оның баянаты бойынша бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнiнде қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақытында оның әскери лауазымы сақталады.
134. Перзентханадан жаңа туған бала асырап алған ерлi-зайыпты әскери қызметшiлердiң бiреуiнiң баянаты бойынша осы кезеңге әскери қызмет орны мен әскери лауазымын сақтай отырып, ол үш жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiнде қосымша демалыс берiледi.
6. Каникулярлық демалыстар беру
135. Демалыстар күндiзгі оқу нысаны бойынша әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитын курсанттар мен тыңдаушыларға оқу сабақтарындағы үзiлiстер уақытында мынадай мерзiмге берiледi:
1) қысқы демалыс - 14 тәулiк;
2) жазғы демалыс - 30 тәулiк.
Каникулярлық демалыстарды өткiзу орнына бару және қайта келу үшiн қажеттi уақыт берiлмейдi.
7. Оқу демалыстарын беру
136. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлерге оқу демалыстары берiледi:
1) қабылдау емтихандарына дайындалу және оларды тапсыру үшiн;
2) оқу кезеңiнде.
137. Оқу демалыстарының ұзақтығы оқу жоспарымен белгiленедi және оны оқу орнының жазбаша шақыруы негiзiнде әскери бөлiмнiң командирi бередi.
8. Шығармашылық демалыстар беру
138. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн, ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiнiң iзденушiсi болып табылатын әскери қызметшiге қызметтiк iс-әрекетiн ғылыми жұмыспен табысты үйлестiрген жағдайда ол ғылыми дәрежесiнiң iзденушi болып табылатын ғылыми кеңестiң ұсынысы бойынша әскери бөлiмнiң қолбасшылығы әскери бөлiм командирiнiң шешiмiмен ұзақтығы екi айға дейiн шығармашылық демалыстар бередi.
9. Сырқаттануы бойынша демалыстар беру
139. Сырқаттануы бойынша демалыс әскери қызметшiге Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережесiне сәйкес әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде берiледi. Сырқаттануы бойынша демалыс әскери қызметшiге 30-дан 60 тәулiкке дейiнгi мерзiмге, ал босатылатын жылы келiсiм-шарт мерзiмi аяқталған күнге дейiн берiледi.
140. Әскери қызметшiлердiң жекелеген санаты үшiн, олар денсаулығына жағымсыз әсер ететiн мiндеттердi (жұмыстарды, жаттығуларды) орындағаннан кейiн медициналық оңалту жүргiзiледi.
Әскери қызметшiге арналған медициналық оңалту үшiн алдын алу демалысының берiлетiн қосымша тәулiк санын әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.
Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы және қосымша демалыс есебiне кiрмейдi.
10. Әскери қызметшiнi демалыстан шақырып алу
141. Аса қызметтiк қажеттiлiк жағдайында әскери қызметшi тiкелей бастығының келiсiмi бойынша әскери бөлiм командирiнiң, оған тең және жоғары адамның шешiмiмен демалыстан шақырылуы мүмкiн.
142. Әскери қызметшiнi демалыстан шақырып алу әскери бөлiм бойынша бұйрықпен ресiмделедi. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi 10 және одан кеп тәулiктi құрайтын болса, әскери қызметшiге демалысты өткiзу орнына бару және қайта келу үшiн қажеттi уақыт берiледi, бiрақ ол шақырып алынған пункттен алыс болмауы тиiс. Демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi әскери қызметшiнiң тiлегi бойынша келесi жылдың демалысына қосылуы мүмкiн.
7-тарау. Әскери қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзу
тәртiбi мен шарттары 1. Аттестаттаудың мақсаты мен мiндеттерi
143. Әскери қызметшiлердiң қызметтiк iс-әрекетiн, олардың кәсiби және iскерлiк қасиеттерiн жан-жақты және объективтi бағалау, сондай-ақ әскери қызметшiлердi дұрыс iрiктеу, орналастыру және одан әрi қызметтiк пайдалану перспективасын қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау мерзiмдi өткiзiледi.
144. Аттестаттаудың негiзгi мiндеттерi:
1) әрбiр әскери қызметшiнiң кәсiби және iскерлiк қасиеттерiнiң, әлеуеттi мүмкiндiктерiнiң жан-жақты және объективтi сипаттамасын айқындау;
2) аттестатталатын әскери қызметшiлердiң атқарып отырған лауазымдарына сәйкестiгiн және оларды одан әрi қызметтiк пайдаланудың перспективасын айқындау;
3) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлерге қызмет мерзiмiн ұзартудың және шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлермен алғашқы келiсiм-шарт жасасудың орындылығын айқындау;
4) әскери қызметшiлердi даярлауды (қайта даярлауды), оқытуды жетiлдiру бағыттарын айқындау;
5) қызметте жоғарылату немесе оқуға жiберу үшiн әскери қызметшiлердiң кадрлық резервiн құру;
6) бар кемшiлiктердi жою жөнiнде әскери қызметшiлерге ұсыныстар дайындау.
2. Аттестаттауды өткiзу
145. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлердi аттестаттау үш жылда бiр рет өткiзiледi. Уәкiлеттi орган басшысының шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң жекелеген санаттарын аттестаттау басқа да мерзiмде өткiзiлуi мүмкiн. Жекелеген әскери қызметшiлердi аттестаттау командирдiң (бастықтың) шешiмi бойынша өткiзiледi.
Уәкiлеттi органдарда әскери қызметшiлердi аттестаттауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн олардың бiрiншi басшылары айқындайды.
146. Уәкiлеттi орган басшысы әскери қызметшiлердi аттестаттаудың мерзiмiн, санаттары мен үлгі схемаларын айқындағаннан кейiн аттестаттауды дайындау және өткiзу жоспарлары әзiрленедi.
Жоспарларды тиiстi командирлер (бастықтар) бекiтедi, онда мынадай iс-шаралар көзделедi:
барлық әскери қызметшiлердiң аттестаттау тәртiбiн зерделеуi, аттестаттауды жасаудың, қараудың, бекiтудiң және жариялаудың соңғы мерзiмiн белгiлеу;
барлық дәрежедегi командирлермен және бастықтармен, кадр органдарының және жасақтау офицерлерiмен, аттестаттау комиссиясының төрағаларымен және мүшелерiмен бұрынғы тәжiрибесiн ескере отырып, алда болатын аттестаттаудың мәселелерi бойынша сабақтар өткiзу;
аттестаттаудың нақты схемасын әзiрлеу, оларды тиiстi командирлердiң (бастықтардың) бекiтуi және басшылыққа алу мен офицерлер құрамына жеткiзу үшiн әскери бөлiмдерге жiберу;
аттестатталушыларға аттестаттау бланкiлерiн, жадынамалар немесе басқа да әдiстемелiк құралдар дайындау және тарату;
басшы құрамның әскери кеңестерiнде, отырыстарда аттестаттауды дайындау мен өткiзу барысын, сондай-ақ аттестаттау қорытындыларын iске асыру жөнiнде тапсырмалар қоюмен аттестаттаудың нәтижелерiн талқылау.
147. Аттестатталушының тiкелей бастығы, басқа да лауазымды адамдар:
1) әскери қызметшiлердi аттестаттаудың қолданылып жүрген тәртiбiн зерделеуге;
2) аттестатталушының кәсiби, iскерлiк және моральдық қасиеттерiн жан-жақты зерделеуге мiндеттi.
Ол үшiн:
аттестатталушы әскери қызметшiнiң атқарып отырған лауазымындағы жұмысының нақты көрсеткiштерiн, ол басшылық жасайтын бөлiмшедегi (бөлiмдегi, құрамадағы, бiрлестiктегi) немесе ол жауап беретiн учаскедегi iстiң жай-күйiн талдау және бағалау;
өз орынбасарларымен, кадр органының бастығымен, аттестаттау комиссиясының төрағасымен аттестатталушы туралы пiкiр алмасу;
аттестатталушыны жан-жақты зерделеудiң негiзiнде аттестаттаудың мазмұнын және ол бойынша қорытындыны айқындау;
3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес үлгi нысан бойынша бағынысындағыға үш дана аттестаттау парағын, оның бiреуiн өз қолымен, қалғандарын баспа түрiнде жасау. Қажет болған кезде уәкiлеттi органның басшысы даналардың өзге санын анықтауы мүмкiн;
4) еркiн нысанда жазылатын аттестаттау мәтiнiнде кәсiби даярлық деңгейi, жеке басының қасиеттерi, жеке тәртiптiлiгi, денсаулығының жай-күйi және аттестатталушыны сипаттайтын басқа да мәселелер қамтылуы тиiс.
Аттестаттау жөнiндегi қорытындыда аттестатталушының атқарып отырған лауазымына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi көрсетiледi, одан кейiн iскерлiк және моральдық-психологиялық қасиеттерiне, жұмыс тәжiрибесiне, қабiлетi мен бейiмдiлiгiне, сондай-ақ iс мүддесiне сүйене отырып, оны одан әрi неғұрлым орынды қызметтiк пайдалану туралы пiкiр жазылады.
Бұл ретте мынадай ұсынымдар берiлуi мүмкiн:
келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiру үшiн кандидат;
жаңа келiсiм-шарт, соның iшiнде әскери қызметте болудың шектi жасына жеткен әскери қызметшiмен келiсiм-шарт жасасудың орындылығы;
жоғары лауазымға жоғарылату туралы;
әскери (арнаулы) оқу орнына немесе даярлық курстарына жiберу туралы;
тең лауазымға ауыстыру туралы (қандай лауазымға ауыстыру орынды және ауыстыру себебi, басқа лауазымдарды жасақтау қажеттiлiгi, неғұрлым орынды пайдалану үшiн белгiленген қызмет мерзiмдерiмен жергiлiктi жерлерде жоспарлы ауыстыруды жүргiзу және басқа да себептер);
ауыстыру себебiн көрсете отырып, басқа әскери-командалық, штабтық, оқытушылық немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы;
әскери қызметшiнi себебiн және оны қай жерде пайдаланудың орындылығын көрсете отырып, жоғары лауазымнан төменiне ауыстыру туралы;
әскери қызметтен босату туралы және қандай негiз бойынша.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi органның басшысы аттестатталушы әскери қызметшiге ұсынымдар берудiң өзге тұжырымдамасын айқындайды.
148. Әскери қызметшi әйелдер олардың жүктiлiгi және бала күтiмi жөнiндегi демалыста болған кезеңде аттестаттауға жатпайды. Олар әскери қызметке шыққаннан кейiн кемiнде алты ай өткен соң және бiр жылдан кешiктiрмей аттестатталады.
149. Әскери қызметшiге жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының қарауына жатады.
3. Аттестаттау комиссиялары
150. Аттестаттау комиссиясы (Жоғары аттестаттау комиссиясы) тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және тиiстi командирге (бастыққа) есеп бередi.
Жоғары аттестаттау комиссиясы оның басшысының шешiмiмен уәкiлеттi органда құрылады.
Аттестаттау комиссиялары әскери бөлiмдерде (мекемелерде) әскери бөлiм (мекеме) командирiнiң (бастығының) шешiмiмен құрылады.
Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды қараған кезде аттестатталушылары сияқты олардың тiкелей командирлерiн (бастықтарын) да шақыруға құқығы бар.
4. Аттестаттау комиссиясының шешiмiне шағымдану
151. Аттестаттау тәртiбiнiң бұзылуына және объективтi еместiгiне шағым әскери қызметшi аттестаттаудың қорытындыларымен танысқан күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей команда бойынша немесе сот тәртiбiмен берiлуi тиiс.
Шағым бойынша түпкiлiктi шешiмдi аттестаттауды бекiткен бастық қабылдайды. Әскери қызметшiнiң шағымы негiзделген деп танылған жағдайда жаңа аттестаттау өткiзiледi.
8-тарау. Әскери қызметшiлердi әскери қызметтен
босату тәртiбi
152. Әскери қызметшiлердi әскери қызметтен босату Заңның 37-бабында айқындалған негiздемелер бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте Лауазымды тұлғалар тiзбесiне сәйкес құқығы бар уәкiлеттi орган лауазымды тұлғаның бұйрығымен запасқа немесе отставкаға шығарылады.
Әскери қызметшiнi әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығару заңнамада белгiленген мерзiмде iстерi мен лауазымын тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi.
Әскери қызметшi демалыста, емделуде немесе қызметтiк iссапарда болған жағдайда әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығару жүргiзiлмейдi.
Шектi жасқа жетуi немесе келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы туралы әскери қызметшiнi әскери бөлiмнiң командирi (бастығы) алдын ала (бiрақ кемiнде бiр ай бұрын) жазбаша хабардар етедi. Заңның 37-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектi жасқа жеткенге дейiн босату үшiн өзге де негiздемелер туындаған жағдайда әскери қызметшi өзi таңдаған негiздеме бойынша босатылады.
Әскери қызметшiнi алдағы босату туралы хабардар еткен кезде әскери қызметшiнi iссапарға немесе демалысқа жiберуге тыйым салынады.
Әскери қызметшiнi әскери қызметтен босату туралы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзiндi көшiрме оған қолын қойғыза отырып жеткiзiледi. Әскери қызметшi әскери бөлiмнен тыс жерде болған жағдайларда бұйрықтан көшiрме ол қайтып оралғаннан кейiн жеткiзiледi.
153. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшiде әскери қызметтен босату үшiн бiрнеше негiздеме болған кезде, босату терiс уәждер бойынша жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, ол өзi таңдаған негiздеме бойынша босатылады.
154. Шақыру бойынша әскери қызметшiлер әскери қызметтен оның қызмет мерзiмi өткеннен кейiн босатылады, бұл ретте:
1) офицерлер құрамы Лауазымды адамдар тiзбесiне сәйкес лауазымды адамның бұйрығымен босатылады;
2) мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен.
155. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметшiлердi босату Әскери-дәрiгерлiк сараптама ережесiне сәйкес әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
Босатуға ұсынымды ресiмдеу әскери бөлiм әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысын алғаннан кейiн жүргiзiледi.
156. Әскери атағынан айыруға байланысты әскери қызметтен әскери қызметшiлердi босатуға ұсынымды ресiмдеу:
1) күшiне енген сот үкiмi әскери бөлiмге келiп түскен кезде;
2) әскери атағынан айыруға ұсынымды бiр уақытта ресiмдеген кезде жүргiзiледi.
157. Бас бостандығынан шартты түрде айыру түрiнде жазалауға сотталған келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлердi мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiмдi командирдiң (бастықтың) ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның басшысы қабылдайды.
158. Әскери (арнаулы) оқу орнынан шығаруға байланысты босатылған курсанттар әскерге шақырылғандарды немесе әскери мiндеттiлердi әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдарына жiберiледi, бұл ретте шақыру бойынша белгiленген қызмет мерзiмiн өткермеген курсанттар шақыру бойынша әскери қызмет мерзiмi өткенге дейiн бұдан әрi әскери қызметке жалпы негiздерде шақырылады.
159. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты әскери қызметшiлердi босату Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң тиiстi Жарлығы күшiне енген күнiнен бастап Лауазымды тұлғалар тiзбесiне сәйкес лауазымды тұлғаның шешiмiмен жүргізiледi.
160. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлер Заңның 37-бабының 2-тармағымен айқындалған негiздемелер бойынша мерзiмiнен бұрын босатылады.
161. Ұйымдық-штаттық iс-шараларға байланысты босату мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
1) оның кәсiби даярлығының деңгейiне сәйкес әскери лауазымдарда пайдалану мүмкiн болмағанда (әскери қызметшiнiң даярлығы, бiлiм деңгейi, жұмыс тәжiрибесi);
2) ұсынылған әскери лауазымдарға тағайындаудан бас тартқан кезде;
3) уәкiлеттi органның келiсiм-шарттың талаптарын орындауы мүмкiн болмағанда.
162. Мемлекеттiк органдарға (мекемелерге) ауысуына байланысты босату мемлекеттік қызметшiнiң лауазымын көрсете отырып, қызметке қабылдау туралы мемлекеттiк органның (мекеменiң) тиiстi хабарламасы келiп түскен кезде әскери қызметшiнiң баянаты бойынша жүргiзiледi.
163. Келiсiм-шарт ережелерiн орындамауына, сондай-ақ дәлелсiз себептермен қызметке шықпауына байланысты босату әскери бөлiмнiң (мекеменiң) аттестаттау комиссиясы қарағаннан кейiн осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
164. Арнайы тексеруден бас тартқан кезде босату, егер әскери қызметшi оған қатысты арнайы тексеру жүргiзуден бас тартқан немесе егер оны мемлекеттiк құпияларға рұқсатты ресiмдеудi талап етпейтiн лауазымға тағайындау мүмкiн болмаған кезде арнайы тексеру нәтижесi бойынша әскери қызметшiге мемлекеттiк құпияларға рұқсатты ресiмдеуге кедергi келтiретiн мән-жайлар анықталған жағдайда жүргізiледi.
165. Терiс себептер бойынша босату мынадай жағдайларда жүргiзiледi:
1) әскери қызметтi өткерумен үйлеспейтiн, оның iшiнде әскери қызмет мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ, бiрақ азаматтар алдында Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың абыройы мен беделiн нақты түсiретiн терiс қылық жасағанда. Осындай терiс қылықтар әскери қызметшiлердiң қызметке, сондай-ақ қоғамдық орындарға алкогольдiк, есiрткiлiк не уыттық мас күйiнде келуi, егер бұл ретте осы адамның тәртiбi мен сыртқы пiшiнi адамның абыройын түсiрсе және маңайындағы адамдардың наразылығын тудырса, қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алкогольдiк, есiрткiлiк мас немесе өзге де түрдегi улану жай-күйiн тудыратын заттарды тұтыну болып табылады;
2) қызметтiк жағдайын жеке пайдакүнемдiк мақсатта пайдаланғанда;
3) терiс қоғамдық наразылық тудыратын әскери қызметшiлер арасындағы жарғыдан тыс қарым-қатынас орын алғанда;
4) кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен, оның iшiнде коммерциялық делдалдықпен айналысқанда;
5) қызметтiк жағдайын пайдалана отырып, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындағанда және сол үшiн заңсыз сыйақылар алғанда;
6) әскери қызметшiлер жарақат пен аварияны қоса алғанда, ауыр салдарларға әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн қауiпсiздiк, оның iшiнде өрт қауiпсiздiгi немесе көлiк қозғалысының қауiпсiздiк шараларын бұзғанда;
7) заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен белгiленген әскери қызмет орны бойынша мүлiктi (соның iшiнде ұсақ мүлiктi) ұрлағанда;
8) тәрбиелеу функцияларын орындайтын әскери қызметшiлер атқарып отырған лауазымында болумен үйлеспейтiн қылықтар жасағанда;
9) ақшалай қаражатқа немесе әскери мүлiкке тiкелей қызмет көрсететiн әскери қызметшiлер кiнәлi iс-әрекеттер жасағанда, егер осы iс-әрекеттер командирдiң (бастықтың) тарапынан оған сенiмдi жоғалту үшiн негiздемелер тудыратын болса;
10) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария еткенде;
11) әскери қызмет, еңбек туралы заңнамада және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада айқындалған өзге де жағдайларда.
166. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлердiң Заңның 37-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылуға құқығы бар.
167. Әскери қызметшi, оны Қазақстан Республикасының Парламентiне сайлаған жағдайда, депутаттың лауазымына кiрiсуi туралы хабарламаның негiзiнде мерзiмiнен бұрын босатылу құқығы бар.
Әскери қызметшiнi жергiлiктi өкiлеттi органдарға сайлаған күннен бастап ол баянат және хабарлама негiзiнде босатылады.
168. Сот болып сайланған немесе сот лауазымына тағайындалған жағдайда әскери қызметшi оны тағайындау туралы тиiстi актiнiң немесе оны сайлағаны туралы уәкiлеттi органның хабарламасы негiзiнде мерзiмiнен бұрын босатылуға құқығы бар.
169. Шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшi Заңның 37-бабының 4, 5-тармақтарымен айқындалған жағдайлар бойынша мерзiмiнен бұрын босатылуға құқығы бар.
170. Шақыру бойынша әскери қызметшiлердi мерзiмiнен бұрын босату әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы, отбасылық-мүлiктiк тексеру актiсi және босату жағдайларын растайтын басқа да құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
171. Белгiленген мерзiмiн өткерген адамдарды әскери қызметтен босату оны қолдану кезеңiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда тоқтатылады.
172. Әскери қызметтен әскери қызметшiнi босату күнi ол әскери бөлiм бойынша бөлiмнiң жеке құрамының тiзiмiнен бұйрықпен шығарылған күн болып саналады.
173. Әскери қызметтен босатылған адамдар босату туралы бұйрық жарияланған күнiнен бастан бiр айдан кешiктiрмей, жоғары тұрған қолбасшылыққа немесе сотқа осы шешiмге шағымдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесiне
1-қосымша
______________ құрамының лауазымдарында әскери қызмет
өткеру туралы үлгi келiсiм-шарт
____________________________________________________________________
______________________________________________________________атынан
(уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)
____________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамы - жергiлiктi әскери
____________________________________________________________________
басқару органы басшысының атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы)
және________________________________________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамның тегi, аты,
____________________________________________________________________
әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi
мен берiлген күнi,
____________________________________________________________________
әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi
____________________________________________________________________
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi)
заңнамада және осы келiсiм-шартта белгiленген талаптарда____________
құрамының лауазымдарында_________мерзiмге осы Әскери қызмет өткеру
туралы келiсiм-шартты жасасты.
1.___________құрамының лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери
қызметке кiретiн адам "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрi - Заң)
көзделген шарттармен таныстырылды және әскери қызметтiң зиянды және
қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн
атқаруға байланысты шектелген құқықтары туралы ескертiлдi.
2.___________құрамының лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери
қызметке кiретiн адам өз еркiмен мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын,
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарлықтарын сақтауға;
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери
қызметшiлер үшiн қолданыстағы заңнамада белгiленген шектеулердi
қабылдауға;
3) келiсiм-шартқа негiзделген әскери қызмет мiндеттерiн адал
орындауға;
4) әскери тәртiп пен қызмет этикасы ережелерiн сақтауға;
5) қызмет процесiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол
бермеуге;
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарлықтарында
белгiленген мерзiмде тиiстi лауазымды адам тағайындайтын лауазымды
қабылдауға;
7) оған берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық
мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, оның iшiнде
әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген уақыт iшiнде жария етпеуге;
9) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына
қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарлауға;
10) берiлген өкiлеттiктер шегiнде командирлер (бастықтар)
және өзге де лауазымды адамдар берген бұйрықтар мен өкiмдердi
орындауға мiндеттенедi.
3. ___________құрамының лауазымына келiсiм-шарт бойынша
әскери қызметке кiретiн адамның мынадай құқығы бар:
1) Заңда көзделген шектеулердi ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясымен және заңнамасымен кепiлдiк
берiлген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) жеке ар-намысының құрметтелуiне, командирлер (бастықтар)
және өзге де лауазымды адамдар тарапынан өзiне әдiл және сыйластық
қарым-қатынасқа;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар
бойынша және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай, заттай және басқа
да үлес түрлерiмен қамтамасыз етiлуге;
4) бiлiктiлiгiн, қабiлетiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал
орындағанын ескере отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
5) негiзсiз кiнәлаулар болған кезде қызметтiк тексерудi талап
етуге;
6) Заңда және Әскери қызмет өткеру ережесiнде көзделген
шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм-шартты ұзартуға,
өзгертуге және бұзуға;
7) қауiпсiздiк техникасы мен гигиена талаптарына жауап
беретiн қызмет жағдайларына;
8) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен
денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын
толтыруға;
9) қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты туындаған
дауларды тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен шешуге;
10) мемлекеттiк уәкiлеттi органнан келiсiм-шартта тарапты
бiлдiретiн лауазымды адамның өкiлеттiгiн растауды талап етуге;
11) өз кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыруға;
12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес
тұрғын үй-жаймен қамтамасыз етiлуге;
13) қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да кепiлдiктер мен
өтемақылардың берiлуiне.
4.____________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы)
келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамды
____________________________________________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамның тегi, аты,
әкесiнiң аты)
қабылдай отырып:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келiсiм-шартқа
сәйкес әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар
бойынша және тәртiппен әскери қызметшiнi ақшалай, заттай және басқа
да үлес түрлерiмен, сондай-ақ оның әскери қызмет мiндеттерiн
атқаруы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз
етедi;
3) осы келiсiм-шартты жасасу кезiнде келiсiм-шарт бойынша
әскери қызметке кiретiн адамды лауазымдық мiндеттерiмен және
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде
айқындалған әскери қызмет өткеру шарттарымен таныстырады;
4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және шарттарда әскери қызметшiге
әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына
немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруды қамтамасыз
етедi;
5) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамды әскери
қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiби аурумен ауыру
мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға
байланысты құқықтарының шектелуi туралы ескертедi;
6) әскери қызметшiнi келiсiм-шартта көзделген лауазымға
тағайындау туралы бұйрық шығарады.
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының мыналарға
құқығы бар:
1) Заңда және Әскери қызмет өткеру ережесiнде белгiленген
шарттарда келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiретiн (кiрген)
адаммен келiсiм-шарт жасасуға оны ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және
тоқтатуға;
2) келiсiм-шарт жасасқан кезде әскери қызметке кiретiн
адамнан Әскери қызмет өткеру ережесiнде көзделген құжаттарды
ұсынуды талап етуге;
3) өз өкiлеттiгi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жарғыларында
белгiленген тәртiппен көтермелеуге және тәртiптiк жаза қолдануға.
6.___________құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру
туралы келiсiм-шарт әскери бөлiм командирiнiң әскери бөлiмнiң
тiзiмiне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап күшiне енедi
және ол жасалған мерзiм өткеннен кейiн немесе бұзылуына байланысты
өз қолданысын тоқтатады.
Әскери қызметтiң басталғаны мынадай күн болып есептелсiн:
____________________________________________________________________
(әскери бөлiм командирiнiң әскери бөлiмнiң тiзiмiне қабылдау туралы
бұйрығы шыққан күн)
7. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн
мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
8. Келiсiм-шарт______данада, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
жасалды, оның бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке кiрген
адамға берiледi.
9. Қосымша талаптар___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________ ___________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери (уәкілеттi мемлекеттiк орган
қызметке лауазымды
_____________________________ ___________________________________
кiретiн адамның тегi, аты, адамының тегi, аты, әкесiнiң аты)
әкесiнiң аты)
_____________________________ ___________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
М.О.
200__ ж. "___"________ 200__ ж. "___"________
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесiне
2-қосымша
Әскери қызметшiнiң отбасы жағдайын тексерудiң
үлгi актiсi
200__ ж. "___"________
1. Құрамында жергiлiктi әскери басқару органының өкiлi________
____________________________________________________________________
(әскери атағы, лауазымы, тегi мен аты-жөнi)
бiлiм беру ұйымының өкiлi___________________________________________
________________________________________________________________және
(лауазымы, тегi мен аты-жөнi)
өзге де ұйымның өкiлi_______________________________________________
(лауазымы, тегi мен аты-жөнi)
бар комиссия
____________________________________________________________________
(әскерге шақырылушының (әскери қызметшiнiң) тегi, аты-жөнi, туған жылы)
____________________________________________________________________
отбасы жағдайына тексеру жүргiздi.
2. Әскери бөлiмнiң шартты атауы мен мекен-жайы________________
____________________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi
мен әскери оралымдарына қандай шақыру комиссиясы шақырды
____________________________________________________________________
4. Әскери бөлiмге қашан жiберiлдi (жылы, айы)_________________
5. Қайда жұмыс iстедi (iстеген жоқ), оқиды (оқыған)___________
____________________________________________________________________
(лауазымы, жалақысының мөлшерi, сынып нөмiрi, оқу орнының курсы
көрсетiлсiн)
6. Өз асырауында кiмдi ұстайды немесе ұстаған_________________
7. Тексеру күнi әскери қызметшiнiң отбасы
Р/с |
Тегi, аты, |
Туған |
Туыстық |
Тұрғылықты |
Денсаулық |
Лауазымы, |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8. Әскери қызметшi отбасының тұрғын үймен қамтамасыз етiлуi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Әскери қызметшi отбасының өмiр сүруiне қаражат көздерi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Ата-аналарынан бөлек тұратын аға-iнiлерi мен апа-қарындастары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Р/с |
Тегi, аты, |
Туған |
Туыстық |
Тұрғылықты |
Денсаулық |
Лауазымы, |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
11. Әскери қызметшiнiң аға-iнiлерi мен апа-қарындастары
тарапынан ата-аналарына қандай көмек көрсетiледi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Әскери қызметшiнiң отбасы неге мұқтаж, отбасына қандай
және кiм арқылы материалдық көмек көрсетiлдi немесе көрсетiледi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Әскери қызметшiнiң отбасы жағдайына тексеру жүргiзген
комиссияның тұжырымы мен ұсыныстары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия мүшелерiнiң қолдары ________________
________________
________________
________________
________________
________________
14. Жергілікті әскери басқару органының қорытындысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
М.О __________ жергілікті әскери басқару органының бастығы
______________________________
(әскери атағы, қолы)
200__ж. "__"____________
15. Облыстық әскери басқару органы бастығының қорытындысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
М.О __________ облыстық әскери басқару органының бастығы
______________________________
(әскери атағы, қолы)
200__ж. "__"____________
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесiне
3-қосымша
Yлгi ұсыныс
____________________________________________________________________
(әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты, атқаратын лауазымы және қай
уақыттан берi,
____________________________________________________________________
штат бойынша әскери атағы мен штат нөмiрi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(штат бойынша лауазым атауы, штат нөмiрi, штаттық-лауазымдық санаты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________ ұсынылады.
Туған жылы,
айы, күнi__________________Туған жерi_______________________________
Ұлты_______________________Жеке нөмiрi______________________________
Бiлiмi:
а) азаматтығы_______________________________________________________
б) әскери (әскери-арнаулы)__________________________________________
Қандай тiлдердi, қандай дәрежеде Шетелде болған ба (қашан, қайда)
меңгерген
Мемлекеттiк наградалары бар ма Жауынгерлiк iс-қимылдарға қатысуы,
(қандай) жараланғаны
Әскери атақ___________________________________________бердi
(кiм, қашан, бұйрық нөмiрi, беру түрi)
____________________________________________________________________
Қарулы Күштерде_____________________________________________________
Отбасы жағдайы (отбасы құрамы)______________________________________
__ж. аттестаттау бойынша тұжырым____________________________________
Еңбек қызметi мен әскери қызметi
Жылы мен айы |
Лауазым атауы |
|
кірді |
кетті |
|
2. Ұсынысқа негiздер
____________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегi)
200__ж. "__"____________
3. Тiкелей бастықтардың қорытындысы
____________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегi)
200__ж. "__"____________
____________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегi)
М.О.
200__ж. "__"____________
____________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегi)
200__ж. "__"____________
4. Бұйрық шығаратын кадр органы инстанциясының пiкiрi
____________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегi)
200__ж. "__"____________
5. Ұсыным бойынша шешiм
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құжаттың тiркелгенi туралы белгiлер
(инстанция бойынша iс жүргiзуде)
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен
әскери құралымдарында әскери
қызмет өткеру ережесiне
4-қосымша
Аттестаттауға жататын әскери қызметшiге
үлгi аттестаттау парағы
Атестаттау түрi: кезектi - ; қайтадан - ; (қажеттiсi Х белгiсiмен белгiленсiн)
200__ж.___________- 200__ж.______________кезең үшiн
1. Әскери атағы_______________________________________________
2. Тегi, аты, әкесiнiң аты____________________________________
3. Атқаратын лауазымы, тағайындалған күнi_____________________
____________________________________________________________________
4. Әскери атақ берiлген күн___________________________________
5. Жеке нөмiрi________________________________________________
6. Туған жылы, айы, күнi 19__ж. "__"___________
7. 200__ж. _____________ соңғы аттестаттау бойынша тұжырым____
____________________________________________________________________
8. Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы
мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, бiлiмi бойынша мамандығы мен бiлiктiлiгi, бiлiктiлiгiн арттыру қайта даярлау туралы құжаттары, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, олардың берiлген күнi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Күнтiзбелiк есептеуде еңбек сiңiрген жылдары_______________
жеңiлдiктердi есептеуде_____________________________________________
10. Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң айтқан ескертулерi мен ұсыныстары:_________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Аттестатталушының пiкiрi:_________________________________
____________________________________________________________________
12. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес тiкелей
бастықтың әскери қызметшiнiң қызметiне беретiн бағасы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Отырысқа аттестаттау комиссиясының мүшесi қатысты.
14. Аттестаттау комиссиясының әрбiр мүшесi толтыратын қоса
берiлiп отырған бағалау парағына сәйкес дауыс беру нәтижелерi бойынша әскери қызметшiнiң қызметiне берiлетiн баға:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Аттестаттау комиссиясының ұсынымы (олар бойынша берiлетiн
уәждердi көрсетумен)________________________________________________
____________________________________________________________________
16. Ескертпелер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы:___________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы:____________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi:___________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
___________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
___________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
___________________________
(қолы, тегi, аты-жөнi)
Аттестаттау өткiзiлген күн: 200__ж. "__"______________
Аттестаттау қорытындылары бойынша мемлекеттiк орган
басшысының шешiмi___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым:_______________________________
(әскери қызметшiнiң қолы,
тегi, аты-жөнi, күнi)
Мемлекеттiк орган
мөрiнiң орны