Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Лицензиялау туралы"
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң жекелеген қызмет түрлерiн (операцияларды) мемлекеттiк лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Бұл Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберiнде лицензиялар беруге байланысты қатынастарды реттемейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) автоматты лицензиялау - лицензия беру арқылы жеке тауарлар импортын және/немесе экспортын мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;
2) өтiнiш берушi - тиiстi лицензиарға жекелеген қызмет түрiмен айналысуға лицензия не лицензияға қосымша беру туралы өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
3) бiлiктiлiк талаптары - сандық және сапалық нормативтер мен өтiнiш берушiнiң жекелеген қызмет түрiмен айналысуға қабiлетiн сипаттайтын көрсеткiштер жиынтығы;
4) лицензиат (лицензиялау субъектiсi) - жекелеген қызмет түрiмен айналысуға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
5) лицензиялау - мемлекеттiк органның лицензия беру туралы өтiнiштердi қарауға, лицензия беруге немесе беруден бас тартуға байланысты жүзеге асырылатын қызметi;
6) қауiптiлiгi жоғары объектiлермен байланысты қызмет саласын лицензиялау - азаматтардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға әлеуеттi қауiп төндiретiн объектiлердегi қызметтi лицензиялау;
7) аса маңызды мемлекеттiк мәнi бар қызмет саласын лицензиялау - жүзеге асырылуы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгiмен негiзделген қызметтi лицензиялау;
8) жеке кәсiпкерлiк қызмет саласын лицензиялау - мемлекеттiк реттеу, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында заңды немесе жеке тұлғалардың қызметтер (жұмыстар) көрсетуiне байланысты жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
9) лицензияланатын қызмет түрi - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар, сақтандыру сыныптары);
10) лицензия - жеке немесе заңды тұлғаға жекелеген қызмет түрiмен айналысуға мемлекеттiк құжат нысанында тиiстi лицензиар беретiн рұқсат;
11) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
12) лицензиялық бақылау - лицензиарлардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы және лицензия берiлген қызмет саласындағы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
13) лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;
14) лицензиялар тiзiлiмi - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтата тұрылған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын дерекқор;
15) уәкiлеттi орган - лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысатын және басқа мемлекеттiк органдардың лицензиялау саласындағы заңнаманы iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган.
4-бап. Лицензиялаудың негiзгi қағидаттары
1. Лицензиялар беру белгiлi бiр лицензия түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Жекелеген қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету заңдылықты сақтау сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында белгiленедi.
3. Осы Заңда лицензияланатын қызмет түрлерi мен кiшi түрлерiнiң, сондай-ақ iс-әрекеттердiң (операциялардың) нақты тiзбесi белгiленедi.
4. Осы Заңға лицензияланатын жаңа қызмет түрлерi мен кiшi түрлерi қосылған жағдайда оларды лицензиялау тиiстi бiлiктiлiк талаптары мен лицензиялау ережесi қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
5. Жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау өнiмге қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау жөнiндегi талаптар және қызметтi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiк әкiмшiлендiру мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.
6. Лицензия иелiктен айырылмайды және оны лицензиат басқа заңды немесе жеке тұлғаға бере алмайды.
7. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерi лицензияланбайды.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекет (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде кредиттiк серiктестiктер, сондай-ақ Ұлттық почта операторы жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қаржы саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
2-тарау. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесi
5-бап. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiн:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) уәкiлеттi орган;
3) лицензиарлар құрайды.
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:
1) мемлекеттiк саясаттың лицензиялау саласындағы негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) лицензиарлар тiзбесiн айқындау;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, лицензиялануға тиiс жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiтетiн лицензиялау ережесiн қоспағанда, лицензиялануға тиiс жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн бекiту;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiтетiн нысанды қоспағанда, лицензияның және оған қосымшалардың бiрыңғай бiрiздендiрiлген нысанын бекiту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бекiтетiн өтiнiш нысанын қоспағанда, лицензия алуға арналған өтiнiш нысанын бекiту;
7) өндiрiлуi, қайта өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиiс улар тiзбесiн бекiту;
8) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын айқындау;
9) импорты және экспорты лицензиялануға тиiс тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) тiзбесiн бекiту жатады.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысу;
2) уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен лицензиарлар табыс ететiн ақпаратты жинақ талдау, өңдеу;
3) лицензиялар тiзiлiмiнiң бiрыңғай нысанын бекiту;
4) мүдделi орталық мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындының бiрыңғай нысанын бекiту;
5) лицензиялау жүйесiн жетiлдiру мақсатында ведомствоаралық отырыстар өткiзу жатады.
8-бап. Лицензиарлардың құзыретi
1. Лицензиарлар немесе тиiстi салалардағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
1) лицензиялау ережелерiнiң және лицензиялануға тиiс жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарының жобаларын әзiрлеудi, лицензиялау ережелерiн және осы Заңның 32, 43-баптарында көзделген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, қажет болған жағдайда бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi бағалау өлшемдерiн әзiрлеудi;
2) лицензиялауды;
3) лицензиялық бақылауды;
4) лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзудi;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауды;
6) қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардан өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн сұратуды жүзеге асырады.
2. Лицензиарлар немесе тиiстi салалардағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында лицензия алуға өтiнiш беру ережелерi мен рәсiмдерiн, лицензиялау талаптарына жататын тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ өзгерiстердi, толықтыруларды және ережелер, рәсiмдер, тауарлар тiзбелерi күшiнiң жойылуы туралы жариялауға мiндеттi. Жариялау ереже, рәсiмдер және тауарлар тiзбесi күшiне енгеннен 21 күн бұрын жүзеге асырылады.
9-бап. Лицензиялардың түрлерi мен қолданылуы
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
1. Қызмет түрлерi бойынша:
1) қауiптiлiгi жоғары объектiлерге байланысты;
2) аса маңызды мемлекеттiк маңызы бар;
3) жеке кәсiпкерлiк.
2. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiндер;
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғалар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
3. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас - қолданылу мерзiмiне шек қойылмай жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына берiлетiндер;
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай не ақшалай түрде), сондай-ақ резиденттер резидент еместерге 180 күннен астам мерзiмге берген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер үшiн Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында айқындалған мерзiм шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жасау құқығына берiлетiндер;
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар, сақтандыру қызметiнде сыныптарға жiктеу (сақтандыру сыныптары) мен валюталық операциялар жасау құқығына берiлетiндер.
4. Аумақтық қолданысы бойынша:
1) қолданысы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiндер.
Қандай да бiр қызмет түрiн жүзеге асыру жылжымайтын нақты объектiлердi пайдалануға тiкелей байланысты және тек соған тәуелдi болған жағдайда лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектеледi.
Валюталық реттеу және валюталық қадағалау саласындағы лицензияның Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қолданылу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында айқындалады;
2) қолданысы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатындар;
3) қолданысы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге таратылатындар.
9-баптың 4-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
Лицензияның қолданылуына аумақтық шектеу қойылған жағдайларда заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының шектеулi аумағынан тыс орналасқан филиалдарының жұмыс iстеуiн жүзеге асыру үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен лицензияға қосымшалар берiледi.
10-бап. Лицензиялардың нысандары
Лицензияның және оған қосымшаның бiрыңғай бiрiздендiрiлген нысанын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Лицензияға қосымшалар лицензияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заңның 32, 43-баптарында көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет пен валюталық операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлейдi.
11-бап. Шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ тұлғалар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiн лицензиялар
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiк заңды тұлғалар, шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады.
12-бап. Лицензиялау салалары
Мынадай:
1) өнеркәсiп;
2) атом энергиясын пайдалану саласында;
3) улы заттар айналымы;
4) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
5) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
6) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерi айналымы;
7) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;
8) бiлiм беру;
9) бұқаралық ақпарат құралдары;
10) ауыл және орман шаруашылығы, жерге орналастыру, геодезия және картография;
11) қоршаған ортаны қорғау;
12) денсаулық сақтау;
13) ветеринария;
14) көлiк;
15) қаржы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
17) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындау;
18) кеден iсi;
19) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы;
20) ақпараттандыру және байланыс;
21) мәдениет;
22) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
23) сот-сараптама;
24) техникалық қауiпсiздiк;
25) валюталық операциялар және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет салаларындағы жекелеген қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс.
3-тарау. Қауiптiлiгi жоғары объектiлерге байланысты
қызмет түрлерiн лицензиялау
13-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын жобалау және пайдалану.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) электр энергиясын шығару;
2) электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларын, оның iшiнде:
кез келген үлгiдегi агрегаттары бар органикалық отын пайдаланылатын жылу электр станцияларын;
су электр станцияларын және олардың гидротехникалық құрылыстарын;
атом электр станцияларын;
электр тарату желiлерiн, электр энергиясын берудiң әуедегi, кабельдi желiлерiн;
трансформаторлық кiшi станцияларды, тарату құрылғыларын, релелiк қорғауды және автоматиканы пайдалану (қолдану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, алдың ала тексеру, жұмысқа әзiрлiкте ұстау, технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйiн бақылау);
3) елдi мекендердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын шығару:
бу қазандарын, жұмыс қысымы 0,7 кг/см
2
-ден астам буды автономды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi, температурасы 115С
0
-ден жоғары су жылыту қазандары мен автономды экономайзерлердi және қысыммен жұмыс iстейтiн құбырларды, оның iшiнде:
бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және бу мен су жылытатын қазандарды;
жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағыштармен жұмыс iстейтiн бу және сұйықтық қазандарын;
бу және ыстық су құбырларын;
қазандарға отын тасымалдайтын құбырларды пайдалану (қолдану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, алдын ала тексеру, жұмысқа әзiрлiкте ұстау, техникалық жай-күйiн бақылау).
2. Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн және газ, мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтау объектiлерiн, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау және пайдалану, мұнай мен газды бұрғылау жұмыстары.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия өндiрiстерiн (технологиялық жабдықты пайдалануды қоса алғанда) және газ, мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтау объектiлерiн жобалау (технологиялық) және пайдалану;
2) мұнай өнiмдерiн:
мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнiмдерiн өндiру;
октандық санды арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгiзу;
белгiленген сападағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгiзу;
дизель отынына, мазутқа телiмдер мен қоспалар енгiзу;
мұнай майларына телiмдер енгiзу;
3) құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу, газ тәрiздес шығарындыларды кәдеге жарату;
4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату (мұнай базалары, мұнай құю эстакадалары, автомай құю станциялары);
5) сұйытылған және жанғыш газдарды қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату (газ толтыру станциялары мен пункттерi, автоцистерналар, автогаз құю станциялары, автогаз толтыру станциялары, аралық баллон жинау пункттерi (БЖП));
6) шикiзат, жартылай өнiмдер;
7) негiзгi органикалық синтез, каучук, шина, резеңке-техникалық, сланец өңдейтiн өнеркәсiп және техникалық көмiртек;
8) химиялық талшықтар, полимерлiк материалдар мен пластмасса;
9) синтетикалық бояулар, химикат-қоспалар және басқа да биязы органикалық синтез өнiмдерi;
10) лак-бояу өнiмдерi, скипидар;
11) хлор, аммиак алу, өңдеу қоймалары;
12) тау-кен өндiрiстерiн жобалау және пайдалану, мұнай мен газды бұрғылау жұмыстары;
13) тау-кен өндiрiстерiн жобалау және пайдалану (пайдалы қазбаларды өндiрудi жобалау және өндiру (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда):
бас жоспарды әзiрлеу, жергiлiктi жобаларды қоса алғанда, тау-кен жұмыстары жөнiндегi техникалық жобаларды әзiрлеу;
кен орнын өнеркәсiптiк игеру:
ашық және жер асты тәсiлдермен көмiр, рудалық, руда емес орындарды ашу және игеру;
тау-кен күрделi, тау-кен дайындық, тау-кен тiлу, тазарту жұмыстары;
технологиялық жұмыстарды жүргiзу;
шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау;
жарылыс жұмыстарын дайындау және жасау; тау-кен массасын экскавациялау;
үздiксiз жұмыс iстейтiн машиналармен тау-кен массасын ойып алу;
тау-кен массасын скреперлермен, өздiгiнен жүретiн жабдықпен, конвейерлiк көлiкпен шығару және жеткiзу;
тау-кен массасын автосамосвалдармен, темiр жол көлiгiмен, конвейерлiк, тиеу-жеткiзу, өздiгiнен жүретiн жабдықпен тасымалдау;
тау-кен шығарындыларын қорғандау, су төгу, желдету, бекiту;
технологиялық жабдықты (түйiндердi, бөлшектердi, жекелеген элементтердi) пайдалану, дайындау, монтаждау және жөндеу;
14) залалды кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары: оқпандарды жабу тау-кен жабдықтарын бөлшектеу, далдаларды тұрғызу ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, үстiңгi кешендi бөлшектеу, үстiңгi қабатты қалпына келтiру;
15) тау-кен өндiрiстерiн жобалау және пайдалану, мұнай мен газды бұрғылау жұмыстары (мұнай мен газ өндiрудi жобалау және өндiру);
жобаларды және мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған технологиялық регламенттердi жасау;
жобалардың техника-экономикалық негiздемесiн жасау;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
барлау және пайдалану ұңғымаларында жүргiзiлетiн мұнай операцияларының сапасын бақылау;
бұрғылау, соның iшiнде жүзбелi бұрғылау қондырғыларын, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықты, сондай-ақ мұнай-газ теңiз гидротехникалық құрылыстарын пайдалану;
мұнай, газ және су ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; аспапты жинақтау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
мыналарды: құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болдырмау және жою жөнiндегi жұмыстар;
технологиялық жабдықты (түйiндердi, белшектердi, жекелеген элементтердi) дайындау, монтаждау және жөндеу;
16) магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау және пайдалану:
магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау және пайдалану;
сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларының резервуарлық парктерi мен желiлiк бөлiктерiн, сондай-ақ жер асты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану;
магистральды құбырларға, негiзгi және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды күрделi және ағымдағы жөндеу (қосылған жiктердiң, қосылыстар мен бекiтпелердiң техникалық жай- күйiн профилактикалық тексеру, қарау, бақылау, жай-күйiнiң диагностикасы);
сорғы-сығымдаушы станциялар жабдықтарының және магистральды құбырлардың желiлiк бөлiктерiнiң, соның iшiнде су асты өткелдерiнiң диагностикасы;
коррозиядан қорғаудың электр-химиялық құралдарына техникалық қызмет көрсету;
магистральды газ, мұнай өнiмдерi құбырларын жобалау;
технологиялық жабдықты (түйiндердi, бөлшектердi, жекелеген элементтердi) дайындау.
3. Минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кеңiнен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
пайдалы қазбаларды өңдеудiң физикалық, физика-химиялық, химиялық, металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, тесу) тәсiлдерi және тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң құрамында пайдалы қазбасы бар қалдықтарын қайта өңдеу;
кокс, шойын, болат (болат пен темiрдi, люнкериттердi, модификаторларды және экзотермикалық қоспаларды, балқымаларды, ыстық және суық илектi тiкелей алуды қоса алғанда), құю өндiрiсi;
технологиялық жабдықты (түйiндердi, бөлшектердi, жекелеген элементтердi) пайдалану, дайындау, монтаждау және жөндеу;
қалыптасатын қалдықтарды (шлактарды, шөгiндiлердi, байыту қалдықтарын) тасымалдау, қоймада сақтау, сақтау.
4. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектiлерiн газдандыру жүйесiн пайдалану, жөндеу және салу.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
газбен жабдықтау жүйелерiн пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу (газ тарату пункттерi, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желiлерi, үйiшiлiк газ желiлерi мен жабдықты пайдалану және жөндеу):
газ құбырларының жаңадан салынған учаскелерiн қолданыстағы желiлерге қосу (орнату);
газбен жабдықтаудың сырттағы жүйелерi мен олардағы құрылыстарға, сондай-ақ үйiшiлiк газ желiлерi мен приборларға газды бастапқы және қайталама беру газ құбырлары мен олардағы құрылыстар трассаларын тексеру және күтiп ұстау;
желiлер мен олардағы құрылыстар (қосылған жiктер, қосылыстар, бекiтпелер), жабдық пен агрегаттар жай-күйiнiң диагностикасы және желiлер мен приборларды бақылау үшiн престеу;
жер асты газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды электр- механикалық коррозиядан қорғау;
газ желiлерi мен олардағы құрылыстардағы авариялық жағдайларды оқшаулау және жою;
газ құбырлары мен олардағы құрылыстардағы сенiмсiз учаскелердi күрделi жөндеу және ауыстыру;
желiлер мен олардағы құрылыстарды жоспарлы-алдын ала және ағымдағы жөндеу;
тұтынушыларға газ шығынын жедел есепке алу авариялық өтiнiмдердi орындау;
газ есептегiштердi монтаждау және бөлшектеу тұрмыстық газ приборларын монтаждау және бөлшектеу.
14-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Құрамында радиоактивтi заттар бар пайдалы қазбаларды өндiру, өңдеу және байыту объектiлерiн қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу қолданысқа енгiзу, пайдалану және қолданыстан шығару.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн жобалау (атом энергиясын пайдалану объектiлерiн, олардың бөлiктерiн, блоктарын, жүйелерiн, құрастырмаларын салу үшiн қажеттi техника-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаны, түсiндiрме жазбаны қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзiрлеу);
2) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды) салу;
3) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру;
4) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды) қолданысқа енгiзу;
5) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды) пайдалану;
6) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн (бүкiл кешендi, жекелеген ғимараттарды, бөлiктердi, блоктарды, жүйелердi, құрастырмаларды, қосалқы үй-жайларды) қолданыстан шығару.
2. Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерiмен және радиоактивтi заттармен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) жұмыс iстеу.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды дайындау, өндiру, сақтау және қайта өңдеу;
2) ядролық материалдарды, радиоактивтi заттар мен иондаушы сәуле шығару көздерiн, соның iшiнде құрамында осындай иондар бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын приборлар мен қондырғыларды пайдалану және орналастыру;
3) иондаушы сәуле шығару көздерiн, соның iшiнде құрамында осындай иондар бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын приборлар мен қондырғыларды құрастыру, дайындау, өндiру.
3. Рентгендiк, соның iшiнде медициналық жабдықты әзiрлеу, өндiру, сату және пайдалану.
4. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) медициналықты қоса алғанда, құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерi бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын приборлар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
2) иондаушы сәуле шығару көздерiнiң, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын приборлардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
3) радиациялық немесе ядролық қауiпсiздiктi негiздеуге жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзiрлеу, радиациялық немесе ядролық қауiпсiздiкке сараптама, талдау және бағалау жүргiзу.
5. Техникалық құжаттаманы әзiрлеу, ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздерiне, радиоактивтi материалдар мен радиоактивтi қалдықтарға арналған көлiктiк контейнерлердi, орау жиынтықтары мен материалдарын, құралдарды, контейнерлердi құрастыру, дайындау, өндiру.
6. Радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) радиоактивтi қалдықтарды жинау және сорттау;
2) үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивтi ластанудан тазарту);
3) радиоактивтi қалдықтарды тасымалдау;
4) радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу;
5) радиоактивтi қалдықтарды сақтау және көму.
7. Техникалық реттеу жүйесiнде аккредиттелген сынақ зертханаларының қызметiн қоспағанда, радиациялық бақылау және радиоэкологиялық зерттеулер.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлiк құралдарын радиациялық бақылау;
2) тамақ өнiмдерiндегi, материалдардағы, қоршаған орта объектiлерiндегi радионуклидтер құрамын айқындау, радонның және басқа да радиоактивтi газдардың шоғырлануын өлшеу;
3) аумақтарды гаммалық суретке түсiру және басқа да радиометрикалық зерттеулер;
4) персоналды, халықты дозиметрикалық жеке бақылау;
5) аумақтар мен объектiлердi радиациялық оңалту және қопсыту.
8. Транзиттiктi қоса алғанда, ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау.
9. Иондаушы сәуле шығару көздерiнiң, ядролық материалдардың, технологиялар мен жабдықтың, ядролық емес арнайы материалдардың, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы материалдардың, технологиялар мен жабдықтың экспорты және импорты.
10. Ядролық материалдарды, иондаушы сәуле шығару көздерiн және радиоактивтi заттарды сату.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) иондаушы сәуле шығарудың радиоизотопты көздерiн, құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын приборлар мен жабдықты сату;
2) радио-фармациялық препараттарды қоса алғанда, ядролық материалдарды және радиоактивтi заттарды сату;
3) құрамындағы иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi заттардың саны алып қою деңгейiнен жоғары приборлар мен жабдықты сату.
11. Ядролық жарылыстар жүргiзiлген жерлердегi қызмет.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) пайдалы қазбаларды iздеу, барлау, өндiру, өңдеу;
2) геологиялық iздеу, геофизикалық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, сейсмикалық барлау, геоэкологиялық жұмыстар;
3) радиоэкологиялық мониторинг және зерттеулер;
4) ластанған аумақтардағы басқа да шаруашылық қызмет.
12. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн физикалық қорғау жүйелерiн жобалау, монтаждау, қолданысқа енгiзу, пайдалану, қызмет көрсету жөндеу және ретке келтiру;
2) атом энергиясын пайдалану объектiлерi үшiн жобалық қауiптi әзiрлеу жөнiнде қызметтер көрсету;
3) ядролық қондырғыларды және ядролық немесе басқа радиоактивтi материалдары бар объектiлер мен көлiк құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң физикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
4) ядролық және басқа радиоактивтi материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету.
13. Мамандар мен персоналды арнайы даярлау және қайта даярлау.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) атом энергиясын пайдалану объектiлерiндегi жұмыс үшiн;
2) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ветеринария, медицина, ғылым үшiн радиациялық қауiпсiздiк бойынша;
3) дозиметрия және радиометрия бойынша;
4) рентгенографияны, радиографияны және басқа да ядролық-физикалық әдiстердi қоса алғанда, иондаушы сәуле шығару көздерiн пайдалана отырып бақылаудың зиян келтiрмейтiн әдiстерi бойынша.
15-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша уларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, жою.
2. Тiркеу, өндiру сынақтары мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжiрибелiк нұсқаларды қоспағанда, пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляция), сату, қолдану, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды өндiруге арналған негiзгi құрамдауыштарды әкелу жөнiндегi қызмет.
16-бап. Техникалық қауiпсiздiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Күзет белгiсiн беру құралдарын жобалау, монтаждау, ретке келтiру және оларға техникалық қызмет көрсету.
2. Өрт белгiсiн берудi және өртке қарсы автоматиканы жобалау.
17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау
Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) жердi пайдалану:
токсикологиялық, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды заттармен ластанған жердi техникалық қопсыту;
2) өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою:
өндiрiстiң қауiптiлiгi 1-2 сыныптағы қауiптi қалдықтарын өртеу, химиялық өңдеу, сақтау және көму, Қазақстан Республикасының Қауiптi қалдықтарды шекарааралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты трансшекаралық тасымалдау;
3) озонды бүлдiретiн заттар пайдаланылатын өндiрiс, сондай-ақ құрамында озонды бүлдiретiн заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету;
4) озонды бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету.
18-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Қауiптi жүктердi темiр жол, теңiз, өзен, автомобиль көлiгiмен тасымалдау үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
4-тарау. Аса маңызды мемлекеттiк мәнi бар қызмет
түрлерiн лицензиялау
19-бап. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою;
2) құрамында есiрткi құралдары және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды денсаулық сақтау жүйесiнде өндiру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткiзу, пайдалану, жою.
20-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғау жөнiндегi барлық қызмет түрлерi:
мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және оларға сервистiк қызмет көрсету;
мемлекеттiк құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету, қорғалу тиiмдiлiгiн тексеру, мемлекеттiк құпияларды қамтитын мәлiметтердiң жасырын таралуының техникалық арналарын iздеу.
2. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу және өткiзу (соның iшiнде өзге де беру).
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қызметтi лицензиялаған кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн ережеде лицензия берудiң арнайы шарттары, тәртiбi, мерзiмi, сондай-ақ тексеру жүргiзу мен есептiлiктiң арнайы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
21-бап. Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерi айналымы саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Арнайы техникалық құралдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге және өткiзуге байланысты қызмет.
2. Жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттар мен оларды пайдаланумен жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату.
3. Босатылатын әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу.
4. Азаматтық және қызметтiк атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзiрлеу, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау.
5. Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданумен жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, сатып алу, экспонаттау.
22-бап. Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметтi лицензиялау
Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндiрудi, пайдалануды, жөндеудi және жаңғыртуды, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенiн, қабырғалық базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
23-бап. Бiлiм беру саласындағы қызметтi лицензиялау
Бiлiм беру қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдар;
мамандандырылған және арнайы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалар;
жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, соның iшiнде кәсiптер бойынша, кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк, соның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм берудiң негiзгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалар;
дiни бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалар;
халықаралық және шетелдiк заңды тұлғалар.
24-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметтi лицензиялау
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, жерге орналастыру геодезия және картография саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау және бөрене тiлу жөнiнде қызметтер көрсету.
2. Арнайы су пайдалану.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық өсiру мұқтаждары үшiн жер үстi су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрден жоғары көлемде су алу және пайдалану;
2) жер үстi су объектiлерiнен кейiнгi су пайдаланушыға су алу және беру.
3. Мемлекеттiк мақсаттағы топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсi:
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) топография-геодезиялық жұмыстар өндiрiсi;
2) картографиялық жұмыстар өндiрiсi.
26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Медициналық, дәрiгерлiк қызмет.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) бастапқы (дәрiгерге дейiнгi) медициналық-санитарлық көмек;
2) жедел медициналық көмек;
диагностика:
3) зертханалық диагностика:
бактериологиялық зерттеулер;
биохимиялық зерттеулер;
иммунологиялық зерттеулер;
адамның иммунитет тапшылығының вирусын зертханалық диагностикалау (АҚТҚ-диагностика);
жалпы клиникалық зерттеулер;
серологиялық зерттеулер;
цитологиялық зерттеулер.
4) дерттану анатомиясы;
5) радиологиялық диагностика;
6) рентгенологиялық диагностика;
7) ультрадыбыстық диагностика;
8) функционалдық диагностика;
9) эндоскопиялық диагностика;
ересектерге және/немесе балаларға мамандықтар бойынша амбулаториялық-емханалық және/немесе тұрақты медициналық көмек:
10) акушерлiк және гинекология (ұрпақты болудың қосалқы технологиясын қоса алғанда);
11) аллергология және иммунология;
12) анестезиология және реаниматология;
13) андрология;
14) валеология;
15) гематология;
16) гипербариялық оттекпен емдеу;
17) дерматовенерология;
18) дерматокосметология;
19) емдемтану;
20) жұқпалы аурулар;
21) массаж;
22) наркология;
23) невропатология;
24) неонатология;
25) жалпы дәрiгерлiк практика, отбасылық дәрiгер;
26) онкология, маммология;
27) оториноларингология;
28) офтальмология;
29) педиатрия;
30) психиатрия;
31) психотерапия, медициналық психология;
32) радиология;
33) сексопатология;
34) спорттық медицина және емдiк дене шынықтыру;
35) стоматология:
терапиялық;
хирургиялық;
ортопедиялық;
ортодонттық;
36) терапия:
жалпы;
гастроэнтерология;
кардиология;
нефрология;
профпатология;
пульмонология;
ревматология;
37) травматология, ортопедия және камбустиология;
38) токсикология;
39) трансплантология;
40) урология;
41) физиотерапия;
42) фтизиатрия;
43) хирургия:
абдоминальды;
ангиохирургия;
кардиохирургия;
микрохирургия;
нейрохирургия;
жалпы;
пластикалық;
торакальды;
эндоскопиялық;
44) эндокринология:
сараптамалық медициналық қызмет;
45) уақытша еңбекке жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзiмдi медициналық тексеру);
46) психиатриялық, соның iшiнде сот-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық сараптама;
47) дәстүрлi емес медициналық қызмет:
халықтық медицина (емшiлiк), соның iшiнде медициналық бiлiмi жоқ тұлғалар үшiн;
гомеопатия;
гирудотерапия;
қолмен емдеу;
рефлекс арқылы емдеу;
шөптермен емдеу және табиғи құралдармен емдеу;
48) санаторийлiк емдеу:
бальнеотерапия;
сумен емдеу;
парафиноозокериттiк балшықпен емдеу;
49) қан дайындау:
санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы медициналық қызмет;
50) халықты гигиенаға үйрету;
51) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
52) санитарлық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер:
бактериологиялық;
вирусологиялық;
шуды, дiрiлдi, электромагниттiк өрiстердi және басқа да физикалық факторларды өлшеу;
паразитологиялық;
радиометрия және дозиметрия;
санитарлық-химиялық;
токсикологиялық.
2. Фармацевтикалық қызмет түрлерi: дәрiлiк заттарды өндiру, көтерме және бөлшек сату.
27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Денсаулығының жай-күйiне қарай үнемi басқа бiреулердiң күтiмiне және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардағы медициналық қызметке мұқтаж жеке басты мүгедектерге, психоневрологиялық науқас мүгедектерге, мүгедек балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету.
2. Адвокаттық қызмет.
3. Нотариаттық қызмет.
28-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру және өткiзу;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сату;
жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;
ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет.
29-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау
Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне сәйкестiгiн куәландыру жөнiндегi, сондай-ақ тiркеу куәлiгiнiң дұрыстығын растау жөнiндегi қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметтi лицензиялау
Сот-сараптама қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметтi лицензиялау
Тарих пен мәдениет ескерткiштерiде археологиялық және (немесе) жөндеу-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
5-тарау. Жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн лицензиялау
32-бап. Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүргiзетiн банк операциялары;
заңды және тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты саны көрсетiледi;
кассалық операциялар: осы тармақшаның екiншi, үшiншi, жетiншi - оныншы абзацтарында көзделген банк операцияларының бiрiн жүзеге асыру кезiнде қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеудi, сорттауды, орауды, сақтауды қоса алғанда, оны қабылдау және беру;
аударымдық операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер ақша аударымдары жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерiн және өзге де борыштық мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
банктiк қарыз операциялары: номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар банктiң, ипотекалық ұйымның, брокердiң және (немесе) дилер мен жалғыз акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын заңды тұлғаның төлем жасалу, мерзiмдiк және қайтарылу шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруi;
шетелдiк валютамен жасалатын айырбас операцияларын ұйымдастыру;
шетелдiк валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргiзу және клирингке қатысушы - банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза ұстанымдарын айқындау;
төлем карточкаларын шығару;
банкноталарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау аккредитив ашу (шығару) және оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беру;
үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банктiк тапсырмалар мен өзге де мiндеттемелердi беру;
банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:
тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлеушiнiң вексельдерге ақы төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендiрiлген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептi;
лизингтiк қызметтi жүзеге асыру;
меншiктi бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;
факторингтiк операциялар: төлем жасамау тәуекелiн қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеудi талап ету құқығын иелену;
форфейтингтiк операциялар (форфертингтеу): сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының борыш мiндеттемесiне ақы төлеу;
сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса алғанда, клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiндегi қызметтер;
2) "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:
өмiрдi сақтандыру;
аннуитеттiк сақтандыру;
өмiрде белгiлi бiр оқиғаның болуына сақтандыру;
өмiрдi сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының қатысуы арқылы сақтандыру;
"жалпы сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегiнде:
қайғылы оқиғалардан сақтандыру
аурудан сақтандыру;
автомобиль көлiгiн сақтандыру;
темiр жол көлiгiн сақтандыру;
әуе көлiгiн сақтандыру;
су көлiгiн сақтандыру;
жүктердi сақтандыру;
осы тармақшаның оныншы - он үшiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, мүлiктi зияннан сақтандыру;
автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
осы тармақшаның он бесiншi - он жетiншi абзацтарында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
қарыздарды сақтандыру;
ипотекалық сақтандыру;
кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру;
өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;
сот шығыстарын сақтандыру.
Заңнамалық актiлерде белгiленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын мiндеттi сақтандыру түрлерi:
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру;
қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;
қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру.
3) Қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек "жалпы сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық түрлерi бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
"Өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы тек "өмiрдi сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық түрлерi бойынша қайта сақтандыру жөнiнде лицензия алуға және қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Қайта сақтандыруды қайта сақтандыру жөнiндегi лицензия негiзiнде қызметтiң ерекше түрi ретiнде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмiрдi сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салалары бойынша сақтандырудың барлық түрлерi бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
4) Сақтандыру брокерiнiң қызметi;
5) Сақтандыру нарығындағы актуарийлiк қызмет;
6) Брокерлiк қызмет;
7) Дилерлiк қызмет;
8) Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызмет;
9) Инвестициялық портфелдi басқару жөнiндегi қызмет;
10) Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет;
11) Кастодиандық қызмет;
12) Трансфер-агенттiк қызмет;
13) Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауда-саттықты ұйымдастыру жөнiндегi қызмет;
14) Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
15) Кредиттiк бюро қызметi.
33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау
Жобалау-iздестiру, сараптамалық, құрылыс-монтаж жұмыстарымен, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi жұмыстармен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
2) инженерлiк-гидрологиялық жұмыстар;
3) жоспарлы-биiктiк түсiрулердiң желiлерiн жасау;
4) 1:5000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желiлiк құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiрiп алу;
8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
9) топырақты, жер асты суларын, негiздер мен iргетастарды зертханалық зерттеулер.
2. Қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеу:
1) жоспарлау құжаттамасы (елдi мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелердi, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
2) көлiк схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
4) сумен жабдықтау желiлерiнiң, кәрiз желiлерiнiң схемалары;
5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
6) энергиямен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерiнiң схемалары.
3. Күрделiлiгi I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттiк жобалау:
1) объектiлердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
2) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер;
3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткiштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда, тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
1) негiздер мен iргетастар*;
2) бетонды және темiр-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар*;
3) болат және алюминий құрастырмалар*;
4) ағаш құрастырмалар*;
5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту.
Ескертпе: - * осы жұмыс түрлерiнiң тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшiн жобалау құқығы бар.
5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
1) жылыту (электрлiктi қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәрiз;
2) жылумен жабдықтау;
3) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
6) салқын ауамен жабдықтау;
7) 0,4 кВ-ға дейiнгi, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлiк жарықтандыру;
8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары электрмен жабдықтау;
9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
10) тогы әлсiз құрылғылар.
6. Жобалардың арнайы бөлiмдерiн әзiрлеу:
1) еңбектi қорғау;
2) коррозиядан қорғау;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделi жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшiн жобалау кезеңiндегi өрт-күзет белгiсiн беру, автоматика, өрт сөндiру және өрттен қорғау жүйелері;
4) сметалық құжаттама;
5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргiзу жобалары (ЖЖЖ).
7. Технологиялық жобалау:
Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнайы бiлiм беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелерiне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа).
Өндiрiстiк мақсаттағы объектiлер:
1) энергетикалық өнеркәсiп кәсiпорындары;
2) мұнай-газ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
3) тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
5) ауыр машина жасау кәсiпорындары;
6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
7) бөгеттер, бөгесiндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
8) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыстар мен құрастырмалар;
9) көтеру құрылыстары;
10) автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiгi, соның iшiнде қалаiшiлiк көлiк (жер үстi автомобиль және электрлi, жер асты, жер бетi, аспалы, су) кәсiпорындары, объектiлерi мен коммуникациялары;
11) инженерлiк инфрақұрылым кәсiпорындары, объектiлерi мен коммуникациялары.
Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
1) жергiлiктi байланыс, радио және телекоммуникация желiлерi;
2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi.
Ауыл шаруашылығы объектiлерi (қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын қоспағанда).
Көлiк құрылысы:
1) темiр жолдар;
2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
3) қалалық электрлi көлiктiң көше-жол желiсi;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
2) металдардан, полимерлiк және композиттiк материалдардан;
3) мұнара-дiңгек үлгiсiндегi элементтер, түтiн шығару мұржалары;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң элементтерi;
5) резервуарлар мен көлемi 5000 м
3
дейiнгi сыйымдылықтар;
6) қысыммен жұмыс iстейтiн немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
7) тiреуiш және қоршау элементтерi;
8) технологиялық металл құрастырмалары мен олардың тетiктерi.
9. Құрылыс-монтаж жұмыстары құрамындағы жер жұмыстары.
10. Ғимараттар мен құрылыстардың бiрiншi, екiншi және үшiншi күрделiлiгi деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
2) болат резервуарлар мен 5000 м
3
дейiнгi сыйымдылықтарды;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшiн зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
4) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтiн мұржаларын монтаждау;
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
6) көтергiш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
7) металлургия, мұнай-химия, тау-кен рудасы, энергетика және басқа да өнеркәсiп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларын орналастыру;
9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
10) құрама бетон және темiр-бетон, тiреуiш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кiрпiш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
11) шатырлау жұмыстары.
11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерi;
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк желiлерi;
3) ұңғымаларды жайластыру;
4) кернеуi 35 кВ дейiнгi электр беру магистральдық желiлерi;
5) кернеуi 110 кВ дейiнгi және одан жоғары электр беру магистральдық желiлерi;
6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектiлерiн газдандыру;
7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
8) түтін шығару мұржалары, күш тіректері, градирнялар, шахта үстiндегi тоқпақтар;
9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
10) жарылу-өрт қаупi бар жабдықтарды монтаждау;
11) түсті металдардан, полимерлiк материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
13) мұнай, мұнай өнiмдерi мен сұйытылған газ қоймалары;
14) топырақтағы бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
15) су асты-техникалық және теңіз қайраңындағы жұмыстар;
16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
18) тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстары, сүзiлуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
12. Сыртқы инженерлiк желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желiлердi орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
2) жылу желiлерi;
3) төмен қысымды газбен жабдықтау желiлерi;
4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желiлерi;
5) сумен жабдықтау және кәрiз желiлерi;
6) электрмен жабдықтау желiлерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
7) темiр жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерi, азаматтық авиация ұйымдарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерi;
8) байланыс, радио, телекоммуникация және теледидар желiлерi мен iшкi жүйелерi;
9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
11) жылумен жабдықтау;
12) газбен жабдықтау;
13) сумен жабдықтау, кәрiз.
13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етiп қымтау;
3) қаптау және шегендеу жұмыстары;
4) агрессивтi су әсерi кезiнде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды коррозиядан сақтау;
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электр-химиялық қорғау.
14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделiлiгi бiрiншi және екiншi деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңарту, күрделi жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары.
15. Жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар:
1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
2) темiр жол тармағының үстiңгi қабаты;
3) жайластырылған және шағын жасанды құрылыстары бар республикалық маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабындары;
4) жайластырылған және шағын жасанды құрылыстары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабындары, шаруашылықiшiлiк автожолдардың негiздерi мен жабындары;
5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабындары;
6) аэродромдардың ұшу-қону алаңдарының және тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындары.
16. Iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда, технологиялық жабдықтарды монтаждау:
1) көтергiш-көлiктiк, лифтiлер;
2) металл өңдеу;
3) ағаш өңдеу;
4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
5) мұнай кәсiпшiлiгi, газ кәсiпшiлiгi;
6) геологиялық барлау, бұрғылау;
7) тау-шахта, метрополитендер мен тоннельдер;
8) жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтар;
9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерi;
10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткiштер;
11) темiр жол көлiгiндегi байланыс, белгi беру, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
12) газдарды тазарту;
13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
14) электр-техникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештерi;
15) қазандық қондырғылар, жылу-қуат және қосалқы жабдық;
16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптары;
17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
18) көмір өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
20) жылу электр станциялары;
21) байланыс кәсiпорындары;
22) құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары;
23) жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары;
24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
25) астық өңдеу, тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындары және астық қоймалары.
17. Күрделiлiгi бiрiншi, екiншi және үшiншi деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделi жөндеу және қайта жаңарту:
1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (есептеу схемасын өзгертпей);
2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
3) сыртқы және iшкi инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желiлерi;
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, коррозияға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
6) республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықiшiлiк және қалалық көше-жол желiлерi;
7) темiр жолдар;
8) тоннельдер;
9) гидротехникалық және гидромелиоративтiк құрылыстар;
10) лифтiлердi, көтергiш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
11) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң элементтерi.
18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезiнде инжинирингтiк қызметтер көрсету:
1) құрылыс процесiн технологиялық сүйемелдеудi жүргiзу әдiсiмен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызметтер нарығының субъектiлерi жүзеге асыратын орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын, мерзiмдерiн, құнын бақылау мен қабылдау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi инженерлiк қызмет;
2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
3) лицензия алуға ниет бiлдiрушi заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) техникалық аудитi және сараптамасы;
4) жеке тұлғалар, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылмайтын заңды тұлғалар орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бөлiмдерiн сараптау;
5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмдiлiгiн әрi берiктiгiн бағалау.
Лицензияға қоса берiлетiн жобалау және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарының тiзбесiнде лицензияның не сейсмикалық қаупi жоғары аудандарда (аймақтарда) қолданылуы туралы, не лицензиаттың осы аумақтарда жобалауға және (немесе) құрылыс жүргiзуге құқығының жоқтығы туралы мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындау саласындағы қызметтi лицензиялау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектiлердi дайындау үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
35-бап. Кеден iсi саласындағы қызметтi лицензиялау
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жекелеген кедендiк режимдер шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметпен айналысу, сондай-ақ кедендiк қызметтер көрсету үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) кедендiк қойманың кедендiк режимi шеңберiндегi қызмет;
2) кедендiк тасымалдаушының қызметi;
3) тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймасының кедендiк режимi шеңберiндегi қызмет;
4) кеден брокерiнiң қызметi.
36-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу.
2. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
жобалау (жабдық әзiрлеу үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық- технологиялық құжаттаманы әзiрлеу); жасау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтердi, түйiндердi, бөлшектердi, бөлiктердi, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); монтаждау (құрылыстарды, құрастырмаларды, технологиялық жабдықтарды, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйiндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде жинау, жөндеу және орнату); жөндеу (техникалық құрылғы жай-күйiнiң диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру, элементтердi ауыстыру, бұзылған жерлердi жөндеу, жою), ағымдағы және жоспарлы алдын ала жөндеу (машиналардың, жабдықтардың жұмыс процесiнде туындайтын тоқырауы мен ақауларын жою), жабдықтарды орташа және күрделi жөндеу (машиналардың, химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, тау-кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтардың, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтардың, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiнiң, көтергiш құрылыстардың, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандардың, ыдыстар мен құбырлардың iшiнара немесе толық жұмсалған ресурстарын қалпына келтiру):
1) қысыммен жұмыс iстейтiн қазандар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу:
қысыммен жұмыс iстейтiн (қазандар мен құбырларды), оның iшiнде:
бу (бойлер-қазандар), кәдеге асыру қазандарын;
буды қайта жылытқыштар мен экономайзерлердi;
қысыммен жұмыс iстейтiн су жылытатын және бу мен су жылытатын қазандарды;
жоғары температурамен және органикалық жылу тасымалдағыштармен жұмыс iстейтiн бу және сұйықтық қазандарды;
қысыммен жұмыс iстейтiн құбырларды жобалау, дайындау (жекелеген элементтердi, детальдар мен бөлшектердi қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде), жөндеу (жоспарлы-алдын ала, күрделi, негiзгi және қосалқы жабдықтардың диагностикасы, оларды мерзiмдi байқау және техникалық қызмет көрсету; құрастырмаларды және жабдықтарды коррозиядан қорғау, құбырлар мен жабдықтарды жылу өткiзбейтiн етiп қымтау жөнiндегi жұмыстарды орындау, бекiтпе арматураны орнату; қазаннан шығатын түтiн мұржалары мен газ жолдарын жөндеу, күл-қождан тазартатын қондырғыларды жөндеу.
2) көтергiш құрылыстарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу:
көтергiш құрылыстарды, оның iшiнде:
барлық тұрпаттағы жүк көтергiш крандарды;
манипулятор-крандарды;
басқару кабинасымен бiрге жер үстi рельс жолдарымен қозғалатын жүк таситын электр арбаларды;
тек арқанға асылған немесе электр магниттi iлгекпен жұмыс iстеуге арналған экскаватор-крандарды;
тальдердi (электр немесе қол жетегi бар);
барлық тұрпаттағы (клеттi, скиптi, бадьялы) және мақсаттағы (адам, жүк, жүк-адам) шахталық көтергiш қондырғыларды, барлық тұрпаттағы (өтiмдiлiк, монтаждық, иiнтiректiк) жүкшығырларды;
ауыспалы жүк қарпығыш мәрiмдердi (iлгектер, грейферлер, жүк көтергiш электр магниттерi және т.б.);
алмалы-салмалы жүк қарпығыш айлабұйымдарды (сым арқандар, қарпығыштар, траверстер және т.б.);
алып жүретiн ыдыстарды;
электр және гидравликалық лифтiлердi;
қабатаралық және тоннельдiк эскалаторларды;
арқалық крандардың, тельефтердiң барлық түрлерi мен типтiк көлемдерiн жобалау, дайындау (жекелеген элементтерiн, бөлшектерiн, бөлiктерiн қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде), жөндеу (жоспарлы - алдын ала, күрделi, мұнай операцияларын жүргiзу кезiңде пайдаланылдтын көтергiш құрылыстар мен қондырғыларды қоспағанда, барлық тұрпаттағы және мақсаттағы көтергiш құрылыстарды бұзу; кран асты жолдарды тегiстеу және жөндеу; барлық тұрпаттағы көтергiш құрылыстарындағы iске қосу-реттеу жұмыстары, техникалық диагностика, одан әрi пайдалану мүмкiндiгiн анықтау мақсатында қызмет мерзiмi бiткен көтергiш құрылыстардың техникалық жай-күйiн тексеру);
3) қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу:
қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды, оның iшiнде:
0,7кг/см
2
жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттарды;
0,7кг/см
2
жоғары қысыммен сығымдалған, сұйытылған және ерiтiлген газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған баллондарды;
температурасы 50
0
С болған кезде қысымы 0,7кг/см
2
асатын сұйытылған газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған шандар мен бөшкелердi;
оларды босату үшiн кезең-кезеңмен 0,7кг/см
2
жоғары қысым жасалатын сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелердi тасымалдауға және сақтауға арналған шандар мен сауыттарды;
белгiленген қуаты 14 кВт және одан жоғары тұрақты, поршеньдiк және айналмалы сығымдауыштарды;
мотор отыны ретiнде көмiрсутектi газ пайдаланылатын автокөлiктiң газ баллондық аппаратурасын;
қысыммен жұмыс iстейтiн құбырларды;
бекiтпе-реттеушi аппаратураны және сақтандырғыш қондырғыларды, тiкелей және жанама әрекет ететiн газ қысымын реттеуiштердi жобалау, дайындау (жекелеген элементтердi, детальдарды, бөлшектердi қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде), жөндеу (техникалық диагностика, куәлiк беру, ағымдағы, жоспарлы-алдын ала, күрделi).
3. Өлшеу құралдарын өндiру және жөндеу.
4. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және өткiзуi.
37-бап. Этил спиртiнiң және алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымы, темекi бұйымдарының өндiрiсi саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Этил спиртiнiң өндiрiсi және алкоголь өнiмдерiнiң айналымы (алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату).
2. Темекi бұйымдарының өндiрiсi.
38-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Байланыс саласында қызметтер көрсету үшiн лицензияның болуы талап етiледi.
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
жергiлiктi, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;
IР-телефония (Интернет-телефония), мәлiметтердi беру (оның iшiнде Интернет және телеграфтық байланыс қызметтерi);
бөлiнген байланыс желiсi бойынша телекоммуникациялар;
спутниктiк жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтiк байланыс қызметтерi);
байланыс арналарын беру жөнiнде;
почта байланысы.
2. Радиожиiлiктер спектрi және нөмiрлеу ресурсы пайдаланылатын байланыс саласындағы қызметке лицензиялар конкурстық негiзде берiледi.
Байланыс саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялар берудiң, оның iшiнде конкурстық негiзде берудiң шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ лицензия беруден бас тарту және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн қосымша негiздемелердi Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
3. Мынадай қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу талап етiлмейдi:
1) меншiктi не жалға алынған желiлiк немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялар негiзiнде әрекет ететiн басқа байланыс операторларының қызметтерiн ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың.
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледi, олардың құрылымы лицензиармен келiсiлуге тиiс. Делдалдар қызметтердi шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға мiндеттi. Бұл ретте тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердiң сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап бередi;
2) өндiрiсiшiлiк қызметтi және технологиялық процестердi, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға байланыс қызметтерiн ұсынбай радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес - байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерiн пайдаланбай басқаруға арналған желiлердi құру және пайдалану бойынша;
3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негiзгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтiк байланыс) бойынша.
Осы Заңның 38-бабының 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиiлiктер, радиожиiлiктер белдеулерiн (радиожиiлiктiк арналарды) пайдалану үшiн байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бередi.
39-бап. Ауыл шаруашылығы, жерге орналастыру, геодезия және картография саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу:
Бұл қызмет түрi мынадай кiшi түрлердi қамтиды:
1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу;
2) топография-геодезиялық жұмыстарды жүргiзу;
3) картографиялық жұмыстарды жүргiзу.
2. Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазарту, сақтау және тиеп жөнелту.
3. Астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызмет.
4. Шиттi мақтаны талшықты мақта етiп бастапқы өңдеу.
40-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау
Табиғат қорғауды жобалаумен, нормалаумен және экологиялық сараптама саласындағы жұмыстармен айналысу үшін лицензияның болуы талап етiледi.
41-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Бiлiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерi.
2. Банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетсiз борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару.
3. Мүлiктi бағалау (зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда).
4. Зияткерлiк меншiк объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын бағалау.
5. Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруы.
6. Мемлекеттiк емес субъектiлердiң iздестiру (детективтiк) қызметiмен байланысты қызметтер көрсетуi.
7. Ойын бизнесi саласындағы қызмет.
Ойын бизнесi саласы мынадай объектiлердi қамтиды:
1) казино;
2) тотализатор;
3) букмекерлiк кеңсе;
4) құмар ойындарды өткiзу үшiн ақшалай ұтыс шығатын ойын автоматтары ғана пайдаланылатын жеке үй-жайда не бiрнеше өзара байланысты үй-жайда орналасқан ойын мекемесi.
8. Жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару.
9. Туроператорлық, турагенттiк қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтерi.
10. Аудиторлық қызмет.
11. Экологиялық аудиторлық қызмет.
42-бап. Көлiк саласындағы қызметтi лицензиялау
Мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1. Темiр жол жылжымалы құрамын дайындау және жөндеу; қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу.
2. Теңiз және өзен порттарының теңiз және өзен кемелерiне, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсетуге байланысты қызметi.
3. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызмет: жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану.
4. Жолаушылар мен жүктердi темiр жол, теңiз, өзен, автомобиль көлiгiмен тасымалдау.
43-бап. Валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi лицензиялау
Валюталық операциялардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi лицензиялануға тиiс:
1) бөлшек сауда-саттықты жүзеге асыру және қолма-қол шетелдiк валюта үшiн қызметтер көрсету;
2) валюталық операцияларды жүзеге асыру.
6-тарау. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортын және
импортын лицензиялау
44-бап. Жалпы ережелер
Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау - лицензиялауға және тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетуге арналған алдын ала шарт ретiнде тиiстi уәкiлеттi органға өтiнiш пен тиiстi құжаттаманы (кедендiк мақсаттар үшiн талап етiлетiндерден басқа) табыс ету рәсiмi.
Бұл ретте, тауарлардың экспортына және/немесе импортына тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялаудың орындау үшiн шектеулер енгiзiлген мақсаттардан басқа артық шектеушi немесе бұрмалаушы әсерi болмауы керек.
45-бап. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын автоматты емес лицензиялау
1. Экспорт-импорт операцияларын жасауға автоматты емес тәртiппен лицензиялар берудiң және оны ресiмдеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Лицензия өтiнiш берушiге әрбiр жекелеген мәмiле бойынша экспорт немесе импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңiне берiледi.
Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) келiсiм-шартқа қосылған атауларының санына қарамастан лицензия олардың бiр түрiне берiледi.
Жекелеген қызмет түрлерiн бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшiн қызметтiң осы түрiнде үнемi пайдаланылатын жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) импортына лицензия қолданылу мерзiмiне (келiсiм-шарт санына қарамастан жыл сайынғы импорт көлемiне) шек қойылмай берiледi.
3. Өтiнiм берушiнiң дәлелденген өтiнiшi бойынша бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
4. Бiр жолғы лицензиялар оларда көрсетiлген мерзiмдерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортына берiлген рұқсат болып табылады және өнiмдi кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.
46-бап. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспортын автоматты емес лицензиялау
1. Егер:
1) iшкi нарықта сатылуы (өткiзiлуi) немесе пайдаланылуы лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорт нысаны болып табылатын;
2) аталған тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiру және өткiзу мемлекет монополиясы болып табылған жағдайларда экспорттық операциялар лицензиялануы мүмкiн. Жекелеген қызмет түрлерiн мемлекеттiк монополияға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасы арқылы жүзеге асырылады.
2. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортына лицензиялау тәртiбiн өзге негiздер бойынша, соның iшiнде iшкi тауар және азық- түлiк нарықтарын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және соған байланысты тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеу себептерi бойынша енгiзудi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
3. Тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) бiр мемлекетке шығару үшiн берiлген лицензияларды сол тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) басқа мемлекетке шығару үшiн пайдалануға болмайды.
47-бап. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) импортын автоматты емес лицензиялау
Жекелеген тауарлар түрлерiне уақытша сандық шектеу енгiзiлген жағдайда, сондай-ақ мемлекет, азаматтардың өмiрi немесе денсаулығы, заңды немесе жеке тұлғалардың мүлкi, қоршаған орта қауiпсiздiгi мақсатында автоматты емес лицензиялау жүзеге асырылады.
Автоматты емес лицензияланған кезде өтiнiштердi қарау мерзiмi өтiнiштердiң түсу тәртiбiмен қаралса, отыз жұмыс күнiнен және барлық өтiнiш бiр уақытта қаралса, алпыс жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Өтiнiштер бiр уақытта қаралған жағдайда өтiнiштердi өңдеу кезеңi өтiнiш беру үшiн жарияланған мерзiмнiң соңғы күнiнен кейiнгi күнi басталды деп есептеледi.
48-бап. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) импортын автоматты лицензиялау
Тауарлар импортын автоматты емес лицензиялау тауарлар импортын өтiнiш негiзiнде мониторингтеу (қадағалау) мақсатында жүзеге асырылады.
Егер лицензия алуға өтiнiш тиiстi нысанда берiлсе, олар алынған соң әкiмшiлiк мүмкiндiктер шегiнде, бiрақ 10 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiм iшiңде дереу бекiтiледi.
Өзге қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Үкiметтiң шешiмiмен уақытша қорғау шаралары енгiзiлген тауарлар да автоматты лицензиялануға тиiс.
Импорты автоматты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
7-тарау. Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды
берудiң шарттары мен тәртiбi
49-бап. Лицензияны және лицензияға қосымшаны беру тәртiбi
1. Жұмыстар мен қызметтер тiзбесiне, өндiрiстiк базаның орналасқан жерiне (болған жағдайда), заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, орталық мемлекеттiк орган немесе орталық мемлекеттiк органның ведомствосы лицензиары болып табылатын филиалдарына лицензияға қосымшаны орталық мемлекеттiк орган немесе орталық мемлекеттiк органның ведомствосы бередi.
Лицензиар - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болған жағдайда:
1) өз құзыретi шегiнде лицензияға қосымшаға жұмыстар мен қызметтер тiзбесiн, өндiрiстiк базаның орналасқан жерiн (болған жағдайда), заңды тұлғаның филиалын қоса отырып лицензия бередi;
2) заңды тұлғаның басқа өңiрлерде орналасқан филиалдары филиалдың есептiк тiркелген жерi бойынша тиiстi лицензиар берген лицензияға қосымша негiзiнде осы лицензияның аясына қосылады.
2. Лицензиарларға - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттiк тiркелуi осы лицензиардың қарамағындағы аумақтан тыс жүзеге асырылған заңды немесе жеке тұлғаларға лицензия беруге тыйым салынады.
3. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия берудiң, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың (алып қоюды қоспағанда) тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен айналысу құқығына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия берудiң, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтатудың тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ мұндай операциялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлейдi.
4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) жеке кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
6) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
7) өтiнiш берiлген қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар қажет.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган да белгiлей алады.
5. Лицензияға қосымша алған жағдайда мынадай құжаттар:
1) бас заңды тұлғаның белгiленген үлгiдегi өтiнiшi;
2) бас заңды тұлға лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) өтiнiш берiлген қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар (осы баптың 4-тармағының 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоспағанда) қажет.
Лицензияға қосымшалар (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
6. Лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi көрсетiлген органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсiмен өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
7. Лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк әкiмшiлiк заңнамада белгiленген тәртiппен өтiнiш берушiге жүктеледi.
50-бап. Лицензия беру үшiн қорытынды беру тәртiбi
Лицензия берген кезде қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы қорытындыларды алу қажет болса:
1. Лицензиар лицензия алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал кәсiпкерлiк қызмет түрлерi үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiнiң қорытындысын беру туралы сұрау жiбередi.
2. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық- эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдар лицензиар сұрауының негiзiнде жиырма бес жұмыс күнi iшiнде, ал кәсiпкерлiк қызмет түрлерi үшiн жетi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және тиiстi лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын қорытынды жiбередi.
3. Өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындының нысандарын мүдделi орталық мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
51-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
1. Лицензияны және лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап (кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн қоспағанда) отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
Кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне лицензияны және лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензия беруге немесе лицензия беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап беруге мiндеттi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге жеке кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығына лицензия бермесе немесе өтiнiш берушiнi лицензия беруден бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етпесе, онда осы Заңда лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды жеке кәсiпкерлiк қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн, жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап жеке кәсiпкерлiк қызметтiң өтiнiш берiлген түрiне лицензия беруге мiндеттi.
Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде лицензия бермеген жағдайда өтiнiш берушi бұл iс-әрекеттерге сот тәртiбiмен шағынуға құқылы.
52-бап. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiс жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға лицензия (лицензияның телнұсқасын) берген кезде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген лицензиялық алым төленедi, бұл лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) алу үшiн қажеттi құжаттар тапсырылғанға дейiн төленедi.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымды төлеушiлер, есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
8-тарау. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта
ресiмдеу, оның телнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және
тоқтата тұру
53-бап. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру
1. Лицензиясы және/немесе лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
Лицензияның телнұсқасы берiлген кезде лицензиат Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлейдi.
2. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiр тұрпаттағы заңды тұлға басқа тұрпаттағы заңды тұлға болып өзгертiлген, заңды тұлғаның (филиалдың) атауы, орналасқан жерi өзгерген (егер ол лицензияда көрсетiлген болса), сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, ол бiр ай мерзiм iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс кyнi iшiнде лицензиар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеген кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi.
54-бап. Лицензия беруден бас тарту
1. Егер:
1) заңнамалық актiлерде субъектiлердiң осы санаты үшiн жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынса;
2) осы Заңға сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздер бойынша қаралады;
3) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленбесе;
4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына және заңнамада белгiленген лицензиялау талаптарына сай келмесе;
5) өтiнiш берушiге қатысты оған жекелеген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, сондай-ақ валюталық операциялар саласындағы қызметпен және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметпен (операциялармен) айналысу құқығына лицензия беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және (немесе) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
3. Заңды тұлғаның филиалдары болған жағдайда осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларына сәйкес лицензияға қосымшаны алудан бас тартылуы мүмкiн.
55-бап. Лицензия беруден бас тартқаны үшiн шағымдану
Егер лицензия осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе (жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн қоспағанда) немесе бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе (қызметтiң барлық түрлерiне), ол заңнамада белгiленген тәртiппен бұл әрекеттерге шағымдануға құқылы.
56-бап. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтату
1. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия және/немесе лицензияға қосымша берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия және/немесе лицензияға қосымша алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, қайта құрылу немесе бөлiну нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға (филиал) таратылғанда;
5) лицензия және/немесе лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тiзбесiнен жекелеген қызмет түрi алып тасталса;
7) алынған лицензияға сәйкес қызмет бiр жыл iшiнде жүзеге асырылмаса тоқтатылады.
2. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтатқан кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
Осы Заңның 56-бабының 2-тармағының шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк әкiмшiлiк заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиатқа жүктеледi.
3. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтатуға байланысты дауларды соттар шешедi.
57-бап. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, оны алып қою
1. Лицензиаттың лицензия берiлген қызмет түрiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында және бiлiктiлiк талаптарында белгiленген талаптарды орындамауы лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға, мерзiмiн көрсете отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беруге, сондай-ақ ықпал ету шараларын бастауға негiз болып табылады.
2. Лицензиар тоқтата тұру себебiн көрсете отырып, тұтас лицензияның, сол сияқты оның қосымшаларының жекелеген бөлiктерiнiң қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияға қосымшаның қолданылуы мерзiмiн көрсете отырып, бiлiктiлiк талаптарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама берiлген жағдайларда тоқтатыла тұрады. Лицензиат хабарламада көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарламада көрсетiлген бұзушылықтарды жоймаса, осы Заңда белгiленген тәртiппен бүкiл лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Лицензиат хабарламада көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарламада көрсетiлген бұзушылықтарды жоймаса, лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа лицензиаттың лицензиясын алып қою туралы өтiнiш жасауға құқылы.
3. Лицензиат лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы сот шешiмi болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзiмi лицензиар осындай шешiм қабылдаған күннен бастап есептеледi.
4. Лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата түру себептерi жойылған жағдайда лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн лицензиар өз шешiмiмен лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын қайта жаңғыртады.
Лицензиар лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған себептер тоқтата тұру мерзiмi аяқталғаннан бұрын жойылған жағдайда лицензиат тиiстi лицензиарға лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
5. Лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны алып қою туралы хабарламасын алғаннан кейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi лицензиясыз жүзеге асырған кездегiдей жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны алып қою жағдайларын қоспағанда, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алып қою сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Мынадай жағдайларда:
1) лицензиат лицензияланатын қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарды орындамаса;
2) сот лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы және/немесе лицензияға қосымшасы бар қызмет түрiмен айналысуына тыйым салса;
3) лицензиар белгiлеген мерзiмде лицензиар немесе сот лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаса;
4) лицензиат лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берсе;
5) бұрын лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтарды лицензиат бiр жыл iшiнде қайтадан жасаса, лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алып қою жүзеге асырылады.
Лицензия және/немесе лицензияға қосымша алып қойылған жағдайда алып қойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн оны алу үшiн қайтадан өтiнiш жасауға болады.
9-тарау. Бақылауды жүзеге асыру және лицензиялау туралы
заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
58-бап. Лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзу
1. Лицензиарлар лицензиялауды өздерi жүзеге асыратын қызмет түрлерiне арналған лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзедi.
Лицензиялар тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензия берiлген күн;
заңды тұлғалар үшiн - атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жерi;
жеке кәсiпкер үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын жерi, жеке тұлғасын куәландыратын құжатының деректерi, сондай-ақ жеке тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi;
лицензияланатын қызмет түрi (лицензияланатын қызметтiң кiшi түрлерi, филиалдар);
лицензияның қолданылу мерзiмi;
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
лицензияны қайта ресiмдеу негiздерi мен күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата түру және жаңғырту негiздерi мен күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiзi және күнi көрсетiлуге тиiс.
2. Лицензиялар тiзiлiмiнiң бiрыңғай нысанын уәкiлеттi орган бекiтедi.
59-бап. Лицензиялау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру
1. Лицензиар өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау функциялары:
1) лицензия алған кезде өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу;
2) тiзiлiм жүргiзу жолымен берiлген лицензиялар санын есепке алу;
3) лицензиаттар қызметiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанына тексерулер жүргiзу жолымен жүзеге асырылатын лицензиялық бақылау.
2. Лицензиялау саласындағы мемлекеттiк бақылау функцияларын мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге және тәуелсiз сарапшыларға бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауаптылықта болады.
60-бап. Шығындарды өтеу
Лицензия беруден орынсыз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
61-бап. Лицензиялануға тиiс қызметтi лицензиялау туралы заңнаманы бұзумен жүзеге асырғаны үшiн жауапкершiлiк
1. Жекелеген қызмет түрлерiмен тиiстi лицензиясыз айналысу заңнамада белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
2. Лицензиялық тәртiп белгiленген жекелеген қызмет түрлерiмен лицензиясыз айналысудан алынған кiрiс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке тәркiленуге тиiс.
3. Лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн лицензиарларға және олардың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.
62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заңның 43-бабының 2) тармақшасы 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.
3. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы
Заңының
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат;
N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат;
N 13-14, 195 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат;
N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат, N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi