Ғимараттың бiр бөлiгiн республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 ақпандағы N 67 Қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Астана қаласы әкiмiнiң Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының теңгерiмiнен Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi 11, мекен-жайы бойынша орналасқан пайдалы алаңы 4805,3 шаршы метр болатын ғимараттың бiр бөлiгiн (бұдан әрi - объект) республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасымен (келiсiм бойынша) және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен объектiнi қабылдап алу-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады