Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 ақпандағы N 97 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
 

      1. "Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1376  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрi дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      "Қаржыландыру көздерi" деген жолдағы "9 млрд. 882 млн. 767 мың" деген сөздер "7 млрд. 401 млн. 262 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
      "9 млрд. 882 млн. 767 мың" "2 866 579 мың", "3 433 205 мың", "3 582 983 мың" деген сөздер тиiсiнше "7 млрд. 401 млн. 262 мың", "2 866 580 мың", "2 147 400 мың" және "2 387 282 мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 5, 7, 19, 32-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 6-жолдың "Орындау мерзiмi" деген бағанындағы "2005 - 2006 жылдар iшiнде" деген сөздер "2006 жыл iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 8-жолда:
      "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "Пайдалануға беру" деген сөздер "Үкiметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағандағы "463.062" деген сандар "5.000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 37-жолда:
      "Аяқтау нысаны" деген бағандағы "Пайдалануға беру" деген сөздер "Үкiметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы "2004 - 2005 жылдар iшiнде" деген сөздер "2004, 2005 және 2006 жылдар iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген баған "164.150" деген сандармен толықтырылсын;
      "Қаржыландыру көздерi" деген баған "-/-" деген белгiлермен толықтырылсын;
      "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанның төртiншi абзацындағы "200.000" деген сандар "197.300" деген сандармен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта:
      "Орындау мерзiмi" деген бағандағы ", 2005" деген сандар алынып тасталсын;
      "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанда:
      "279.480" деген сандар алынып тасталсын;
      "373.950" деген сандар "571.260" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 38-жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "100.000" деген сандар "20.000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 39-жолдың "Аяқтау нысаны" деген бағанындағы "Пайдалануға беру" деген сөздер "Үкiметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 40-жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "229.000" және "743.000" деген сандар тиiсiнше "176.550" және "242.502" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 41-жолдың "Аяқтау нысаны" деген бағанындағы "Пайдалануға беру" деген сөздер "Yкiметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанда 2) тармақшадағы "200.000" деген сандар "147.550" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 42-жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "300.000" деген сандар "64.000" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 43-жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "150.000" деген сандар "50.000" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Жиыны" деген жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "2.866.579", "3.433.205" және "3.582.983" деген сандар тиiсiнше "2.866.580", "2.147.400" және "2.387.282" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Барлығы" деген жолдың "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген бағанындағы "9.882.767" деген сандар "7.401.262" деген сандармен ауыстырылсын.
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады