Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2006 жылға арналған квота белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1310 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "0,45", "0,21", "0,11" деген сандар тиісінше "0,55", "0,24", "0,18" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі