Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 105 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігiнің "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк қызметшiлердi шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) жасалатын шарттарды 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң тиiстi бағдарламалар бойынша 2006 жылға арналған қаражаты есебiнен қаржыландыру жүргiзудi;
      3) осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады