Қазақстан-украин қарым-қатынастарын одан әрi нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы
Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мен байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президентi мен Украина Президентi кездесулерiнiң барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды орындау мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. 2006 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiн құрсын және көрсетiлген iс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi