"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 13 наурыздағы
N 153 қаулысымен
бекiтiлген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған
қаражатты пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қаражатты пайдаланудың 2006 жылға арналған ережесi (бұдан әрi - Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде асыл тұқымды мал зауыттарына, малды асылдандырушы шаруашылықтарға, малды асылдандырушы және дистрибьютерлiк орталықтарға (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандатуға;
2) мал тұқымын асылдандыру iсiн дамыту үшiн сатып алынатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтар (бұдан әрi - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы мен ұйымдастыру техникасының (бұдан әрi - техника) құнын толық өтеуге;
3) малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу және ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
4) еттi құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылықта (бұдан әрi - малды асылдандырушы шаруашылық) асыл тұқымды құстарды сатып алу және оларды күту жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
5) Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау және жаттықтыру, тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
6) 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салық берешегiн (бұдан әрi - мерзiмi ұзартылған салық берешегi) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуiне арналады.
3. Осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жергiлiктi атқарушы органдар мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiне төленедi.
4. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiткен, төленетiн субсидия мөлшерiне кемiтiлген баға бойынша дербес сатады.
6. Аудан, облыс бойынша ұсынылатын асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының, мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң нысандарын, сондай-ақ малды асылдандырушы орталықтың, малды асылдандырушы шаруашылықтың, асыл тұқымды мал зауытының бюджеттiк қаражатын бөлудiң жылдық сметаларын Министрлiк бекiтедi.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған
субсидияларды пайдалану тәртiбi
7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2006 жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiне (бұдан әрi - бөлiм) мынадай құжаттарды:
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын;
төлем құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады;
2) бөлiм ай сайын 5-күнiне, бiрақ 2006 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей, алдыңғы ай үшiн бөлiм басшысы бекiткен аудан бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi және оны мақсатты пайдалану актiсiн сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса департаментке (басқармаға) ұсынады;
3) облыстар әкiмдiктерiнiң ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) (бұдан әрi - департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлерi бойынша, оларда көрсетiлген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгiленген квоталар шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi жасайды. Департамент (Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органы) мынадай құжаттарды:
осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктірiлген жиынтық ведомостi;
ақы төлеуге шотты ұсыну жолымен қаржыландыру жоспарына сәйкес тиiстi асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң ағымдағы шотына тиесiлi субсидияларды аударуды жүзеге асырады.
8. Малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды бұқалары мен тұқымдық қошқарларын, жабдықтарды, техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдыққошқарларды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
9. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджеттiк ақшаны қаржыландыру жоспарына сәйкес малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
10. Малды асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Малды асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен беру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
11. Малды асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған бюджеттiк ақшаны малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
12. Асыл тұқымды мал зауытына жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) жабдықтар мен техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) жасалған шарттарды он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды мал зауыты жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен беру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
13. Асып тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған есептемелердi он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
14. Департамент (Басқарма) Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ереженiң 8, 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшiн ақы төлеу шотын ұсынады.
15. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерге мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) департаменттер (басқармалар) осы ережелер жарияланғаннан кейiн бiр ай iшiнде 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн мәртебесiн жоғалтпаған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң бекiтiлген тiзбесi облыстардың салық комитеттерiне ұсынылады;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi және тиiстi салық органдары бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң салыстыру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiмен салыстыру актiлерiнiң тiзiлiмдерiн бекiтедi;
3) облыстардың салық комитеттерi департаменттермен (басқармалармен) бiрлесіп, осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актiсiн жасайды және оған қол қояды;
4) облыстардың салық комитеттерi департаменттерге (басқармаларға) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң және ақы төлеуге шотты толтыру үшiн қажеттi көрсетiлген субъектiлердi тiркеу есебiнiң жерi бойынша тиiстi салық органдарының деректемелерiн бередi;
5) департаменттер (басқармалар) Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi үшiн мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуге жиынтық салыстыру актiсiнiң бiр данасы мен ақы төлеуге шотты ұсынады.
16. Департаменттер {басқармалар) ай сайын 10-күнiне, бiрақ 2006 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатуға және субсидияларды төлеуге арналған бiрiктiрiлген жиынтық ведомостердің көшiрмелерiн, бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi Министрлiкке ұсынады, сондай-ақ субсидияларды төлеуге ұсынылған құжаттардың растығы үшiн жауапты болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуға 2006 жылға арналған
қаражатты пайдалану ережесіне
1-қосымша
Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне
арналған субсидиялардың нормативтері
1. Сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған субсидиялардың
нормативтері
Мал мен құстың түрлері мен тұқымдары |
Сатылатын 1 кг тірі салмаққа арналған |
|||||||
Шығыс |
Батыс |
Солтүстік |
Оңтүстік |
|||||
Асыл |
Мал- |
Асыл |
Мал- |
Асыл |
Мал- |
Асыл |
Мал- |
|
Ірі қара мал: |
||||||||
сүтті |
92 |
84 |
90 |
82 |
94 |
83 |
88 |
80 |
оның ішінде |
95 |
87 |
95 |
87 |
95 |
87 |
95 |
87 |
етті |
90 |
82 |
88 |
80 |
93 |
85 |
86 |
78 |
оның ішінде |
83 |
75 |
88 |
80 |
||||
Қойлар: |
||||||||
биязы жүнді |
95 |
87 |
93 |
85 |
98 |
90 |
92 |
84 |
жартылай |
95 |
87 |
93 |
85 |
98 |
90 |
92 |
84 |
жартылай ұяң |
93 |
85 |
91 |
83 |
91 |
83 |
||
етті-майлы |
||||||||
Еділбай қойы |
91 |
83 |
93 |
85 |
90 |
82 |
||
Қазақтың |
92 |
84 |
90 |
82 |
92 |
84 |
88 |
80 |
Атырау |
90 |
82 |
||||||
қаракөл қойы |
85 |
78 |
83 |
76 |
||||
Шошқалар |
120 |
100 |
120 |
100 |
120 |
100 |
120 |
100 |
Жылқылар: |
||||||||
спорттық |
330 |
300 |
330 |
300 |
280 |
250 |
||
өнімдік |
92 |
84 |
93 |
85 |
94 |
86 |
89 |
81 |
Түйелер |
84 |
77 |
83 |
75 |
||||
Бұғылар |
135 |
120 |
||||||
Маралдар |
135 |
120 |
||||||
Түйе құстар |
550 |
2. Тұқымдық бұқалар ұрығының бір дозасына субсидиялар нормативі
Асыл тұқымды өнімнің түрі |
Ұрықтың 1 дозасына арналған |
Тұқымдық бұқалардың ұрығы |
160 |
3. Сатылған асыл тұқымды бір жұмыртқаға арналған субсидиялар
нормативтері
Асыл тұқымды өнімнің түрі |
Асыл тұқымды жұмыртқаның |
|
Асыл тұқымды |
Асыл тұқымды |
|
Тауық (жұмыртқалағыш) жұмыртқасы |
20 |
18 |
Тауық (еттік) жұмыртқасы |
45 |
40 |
Үйрек жұмыртқасы |
24 |
20 |
Күркетауық жұмыртқасы |
70 |
60 |
Қаз жұмыртқасы |
70 |
60 |
4. Малды асылдандыру ісі үшін сатып алынатын жабдықтар мен
техниканың құның толық өтеу.
5. Малды асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқалар мен
тұқымдық қошқарларды сатып алу, ұстау, олардың ұрығы мен
эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
6. Малды асылдандырушы шаруашылық үшін асыл тұқымды құстарды
сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
7. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру,
ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі
шығындарды толық өтеу.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуға 2006 жылға арналған
қаражатты пайдалану ережесіне
2-қосымша
"Бекітемін"
Облыс ауыл шаруашылығы
департаментінің басшысы
__________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
2006 жылғы "__"_________
____________облысы бойынша 2006 жылғы________________ай үшін асыл
тұқымды енімнің (материалдың)
____________________________________________________________________
(асыл тұқымды төлдер, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды
жұмыртқа - қажеттісі қалдырылсын) сатылуы және субсидиялар
төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомосі
Атауы |
Жылдық |
Сатыл- |
Асыл |
Жыл |
Жыл |
Субси- |
Төле- |
|||
ау- |
асыл |
(кг, |
тең- |
|||||||
жыл ба- |
есеп- |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
*Сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне
жеке жасалады
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтері _______________________
(Т.А.Ә., қолы)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуға 2006 жылға арналған
қаражатты пайдалану ережесіне
3-қосымша
"Бекітемін"
2006 жылғы "__"_______________
______________________________
(аумақтық салық органының басшысы)
Салық органдарының республикалық және жергілікті
бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегін өтеу
бойынша есеп айырысуларға қатысатын асыл тұқымды мал
шаруашылығы субъектілерімен салыстыру актілерінің
тізілімі теңге
Бюджет |
Салық- |
Салық |
Салыс- |
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||
республикалық |
|||||||
бар- |
не- |
өсім- |
айып- |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||||||
жергілікті бюджеттен |
барлығы |
||||||
барлығы |
не- |
өсім- |
айып- |
бар- |
негізі |
өсім- |
айыппұл |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Сомасы жазумен______теңге, оның ішінде республикалық
бюджетке____________________________________теңге,__________
бюджетке___________теңге,______________ ________________теңге.
Аумақтық салық органы
тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы_________ ____________ М.О.
(қолы) (Т.А.Ә.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуға 2006 жылға арналған
қаражатты пайдалану ережесіне
4-қосымша
Салық комитетінің 200__жылғы "__" ______жағдай бойынша
республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған
салық берешегін өтеу жөніндегі
__________________________________________________ мен
(республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
жиынтық салыстыру актісі теңге
Бюджет кіріс- |
Салықтың |
Салық |
Өтеуге ұйғарылатын |
|||
республикалық |
||||||
бар- |
негіз- |
өсім- |
айып- |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Өтеуге ұйғарылатын сома |
|||||||
жергілікті бюджеттен |
барлығы |
||||||
барлығы |
негізгі |
өсім- |
айып- |
барлығы |
негізгі |
өсімпұл |
айыппұл |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Жиыны: Берешекті республикалық бюджеттен өтеуге ұйғарылатын
сома _______________________________________________________теңге.
Салыстыру актісінің жасалған күні 2006 ж. "__"__________
Облыс салық комитетінің басшысы Ауыл шаруашылығы департаментінің
басшысы
_______________________________ ________________________________
(Т.А.Ә., қолы) (Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.