2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 162 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 15-бабын iске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, нысаналы ағымдағы трансферттердiң уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар берiлуiн және ымдау тiлi мамандары, жеке көмекшiлер қызметтерiнiң көрсетiлуiн;
      2) ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне нысаналы ағымдағы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 14 наурыздағы
N 162 қаулысымен   
бекiтiлген      

  2006 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж
мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге
және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау
тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне
көзделген нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабын iске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес әзiрлендi және 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне көзделген нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), астананың әкiмдiгi уәкiлеттiк берген атқарушы органдар (бұдан әрi - нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган) мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, ымдау тiлi мамандарының, жеке көмекшiлердiң қызметтерiн көрсету жөнiндегi аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

      3. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаменттерi нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады.

      4. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, есту бойынша мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiлердiң қызмет көрсетуi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органы (бұдан әрi - аумақтық орган) әзiрлеген мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

      5. Мiндеттi гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер, жүрiп-тұруы қиын және жеке көмекшiнiң қызмет көрсетуiне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедектер, ымдау тiлi маманының қызметiне мұқтаж есту бойынша мүгедектер нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш;
      2) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) мүгедектiгi туралы анықтамадан үзiндiнiң және аумақтық органдар беретiн мiндеттi гигиеналық құралдардың берiлуiне, ымдау тiлi мамандарының қызметтерiне, жеке көмекшiнiң қызметтерiне мұқтаждығы туралы мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндiнiң көшiрмесi;
      4) мүгедектiң сенiмдi адамы өтiнiштi, заңнамада белгіленген тәртiппен куәландырылған сенiмхат бойынша сенiмдi адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн ұсына отырып бередi.

      6. Құжаттар нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерде ұсынылады. Салыстырып тексерiлгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады.

      7. Мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге, ымдау тiлi маманының қызметiне мұқтаж есту бойынша мүгедектерге жеке көмекшi қызметтерiн көрсету туралы шешiмдi барлық қажеттi құжаттар болған кезде нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган қабылдайды.
      Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм қабылдағаннан кейiн мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жататын мүгедектердiң тiзiмi (бұдан әрi - тiзiм) жасалады.

      8. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өткен жылдың аяғында мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларының және тiзiмдердiң негiзiнде мiндеттi гигиеналық құралдарға, ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтерiне мұқтаж мүгедектердiң саны туралы өтiнiмдердi жасайды және оларды нысаналы ағымдық трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.

      9. Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiмдердiң негiзiнде:
      тiзбесi мен санын көрсете отырып, мiндеттi гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектердiң саны туралы;
      ымдау тiлi мамандарына мұқтаж мүгедектердiң саны туралы;
      жеке көмекшiлердiң қызметтерiне мұқтаж мүгедектердiң саны туралы жиынтық өтiнiм жасайды.

      10. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, мүгедектерге ымдау тiлi мамандары мен жеке көмекшiлердiң қызметтерiн көрсетуге көзделген қаражатты бөлу нысаналы ағымдық трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органдар ұсынған жиынтық өтiнiмдердiң негiзiнде жүзеге асырылады.

  2. Мүгедектерге мiндеттi гигиеналық құралдар беруге
арналған нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану тәртiбi

      11. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) төлем шотының, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған банктiк деректемелер бойынша тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған қаражатты аударады.

      12. Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге арналған қаражатты нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдарға аударады.

      13. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурстық комиссия құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi гигиеналық құралдарды сатып алуды жүргiзедi.

      14. Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдап алуды нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Жеткiзушiден мiндеттi гигиеналық құралдарды қабылдап алу актiлерi екi данада жасалады:
      1) бiрiншi данасы нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органда қалады;
      2) екiншi данасы жеткiзушiге берiледi.
      Актiлердiң барлық даналарына нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның және жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.

      15. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мiндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн, алған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғаны туралы белгiнi көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.

      16. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 1 күнiне дейiн нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органға мiндеттi гигиеналық құралдарды сатып алуға бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы және мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған жылын, тұратын жерiн, алған мiндеттi гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғаны туралы белгiнi көрсете отырып, олардың мүгедектерге берiлуi туралы есеп ұсынады.

      17. Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 5 күнiне дейiн Министрлiкке мiндеттi гигиеналық құралдарды сатып алуға бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы және олардың мүгедектерге берiлуi туралы жиынтық есептi ұсынады.

  3. Ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң
қызметтер көрсетуiне арналған нысаналы ағымдағы
трансферттердi пайдалану тәртiбi

      18. Министрлiк төлем шотының, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған банктiк деректемелер бойынша мүгедектерге республикалық бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне арналған қаражатты аударады.

      19. Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектерге жеке көмекшiлердiң және ымдау тiлi мамандарының қызметтер көрсетуiне арналған қаражатты нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға аударады.

      20. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган конкурстық комиссия құрады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектерге ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөнiндегi конкурсты жүргiзедi.
      Жеке тұлғалар ымдау тiлi мамандары және жеке көмекшi бола алады.

      21. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, ымдау тiлi маманының немесе жеке көмекшiнiң арасындағы қатынастар қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрi - Шарт) ресiмделедi.
      Шартта ымдау тiлi маманы мен жеке көмекшiге қойылатын талаптар және олар көрсететiн мынадай мiндеттi қызметтер келiсiледi:
      1) мүгедектi жұмысқа, оқу орындарына алып жүру;
      2) оқу орындарында оқумен, кәсiптiк оқумен, бiлiктiлiгiн арттырумен және жұмысқа орналасумен байланысты мәселелердi шешуiне көмек көрсету;
      3) мүгедек жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, бiлiм беру, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарына, заң консультацияларына, сотқа, прокуратураға, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, спорт ғимараттарына барған кезде көмек көрсету;
      4) мүгедекке қажеттi құжаттарды ресiмдеуге, ақпарат алуға көмек көрсету.

      22. Шартта ымдау тiлiнiң маманы мен жеке көмекшiнiң қызметтерiне ақы төлеу шарттары келiсiледi.
      Ымдау тiлi маманының қызметiне ақы төлеу сағатына ең аз жалақы мөлшерiнiң он бес пайызы есебiнен, бiрақ бiр жылда отыз сағаттан асырылмай жүзеге асырылады.
      Бiр қаржы жылында отыз сағаттан артық қызмет көрсетуге жұмсалған уақыт мүгедектiң өз қаражаты есебiнен төленедi.

      23. Жеке көмекшi қызметтерiне ақы төлеудi нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманның бiр сағаттағы жалақысы мөлшерi есебiн негiзге ала отырып, бiрақ күнiне 8 сағаттан асырмай жүргiзедi.

      24. Ымдау тiлi маманының қызметтерiн және жеке көмекшiлердiң қызметтерiн көрсетудi үкiметтiк емес ұйымдар мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асыра алады.

      25. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша орындаушы ретiнде түсетiн үкiметтiк емес ұйымның арасындағы қатынастар ымдау тiлi мамандарының және жеке көмекшiнiң қызметтерiн көрсетуге мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартпен ресiмделедi.

      26. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 1 күнiне дейiн нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi органға мүгедектiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрiн, туған күнiн, тұратын жерiн көрсете отырып, мүгедектерге ымдау тiлiнiң мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы есептi ұсынады.

      27. Нысаналы ағымдағы трансферттердi бөлу жөнiндегi уәкiлеттi орган есептiден кейiнгi айдың 5 күнiне дейiн Министрлiкке мүгедектерге ымдау тiлiнiң мамандарының және жеке көмекшiлердiң қызметтер көрсетуiне бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық есептi ұсынады.

      28. Нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектерге ымдау тiлiнiң мамандары және жеке көмекшiлер көрсететiн қызметтердiң сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады